2020 жылдың 13 мамырында Павлодар облысының Ақсу ауданының Береке поселкесінің жанында жанжал орын алды.  Сол аймақтағы көл маңына төгілетін кен қалдығының қоқысын жинаумен айналысып күн көріп жүрген жергілікті тұрғындар өздеріне «салық» салып қанап келген полицейлердің бекетінен құтылмақшы болып жанжал көтерді.  Бұл мәселенің астарына үңіліп көрмек болған жергілікті тұрғындарға  автомат асынған қарулы, үстерінде ешқандай формасы жоқ, бетіне бетперде жапқан, трико киген біреулер, жетекшісі көк футболка киген салпы қарын біреу ерекше қаталдықпен жұртқа арандату жасап күш көрсеткен. Арасында бір ғана адамның үстінде полицей формасы болған, бірақ ол жаңағы көк футболка киген адамның айтқанын орындап отырған. 

Мәселенің мәні өте қарапайым болатын. Жаңағы көл маңына төгіліп жатқан көмір  кен қоқысының құрамында «микросфера» бар болып шыққан, құрамында өте құнды элементтер болған. Бұл құнды элементі бар қоқысты өте қымбатқа сатады екен. «Микросфераны» қазып алу оңай емес, ол үшін көлдің суын белуардан кешіп тонналап оның батпағын күрекпен қазып алу қажет. Бұл жұмыспен айналысатын жекеменшік «Металлогамма» ЖШС осы көлдің батпағына иелік етуге заңсыз қожайын болыпты. Олар жергілікті полициямен келісіп жиналған батпақты  шығаратын жерге күзет қойған, яғни батпақ қоқысты шығарушылар «салық» төлемей шыға алмайтын еткен. Төлемесең  көлігің затымен бірге кәмпескеленеді де «Металлогамманың» қоймасына «жауапсыз» режим  жағдайында сақталуға қойылады.

Қазақстанда тұратындар біледі, полицияны немен қызықтыруға болатынын… Ал Береке поселкесінің тұрғындарының  күн көретін басқа тіршілігі жоқ..

Біз үстінде көк футболкасы бар «салпы қарын» адамның кім екенін анықтадық

 Бұл адам Павлодар облысының полиция департаментінің қылмыстық топтармен күресетін бөлімнің (бұрынғы УБОП) бастығы Жансеркенов Жеңіс болып шықты.. Осы адамның басшылығымен үстіне «трико киген полицейлер» аспанға оқ атып, адамдарды «ұстап», халықты соқтығыс жасауға арандатқан…

«Трико киген полицейлердің» автоматпен оқ атып жасаған арандату әрекеттерін бейне таспадан  https://youtu.be/RPeBs84Z04o  https://youtu.be/W1_3eKjd3Rc,  және біздің келесі материалдан көріңіздер https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=128936345457906&id=108893537462187&__tn__=K-R,  

Бұл оқиға үлкен резонанс алып, материалға мыңдаған адамдар өз пікірлерін жазды, ондаған мың адам бейнетаспаларды көрді. Павлодар облысының полиция департаменті амалсыздан қызметтік тексеру жасауға мәжбүр болды. 

Кеше осы жайлы ақпарат келіп тексеру «полиция қызметкерлерінің іс-қимылдарында ешқандай заң бұзушылық болмағанын»  анықтаған.. Сенсең де, сенбесең де, осылай…

Суретке қараңыздаршы. Міне аяғында кеды, үстінде трико, бетін пердемен жапқандар, анау көк футболка киген салпы қарын  полиция қызметкерлері — осының бәрі заңды дейді. Біздің полиция осылай киініп, өздерін осындай іс-қимылдармен көрсетулері керек. Полицейлік «тексерушілердің» анықтағаны бойынша заңдылық осындай.  

Олардың  «заңды» және «дұрыс» деп табылған іс-қимылдары — автоматпен бейбіт адамдарға қарсы аспанға оқ атуы.    Қалай ойлайсыздар? Ішкі істер министрлігінде осындай кезде реформалар болуы мүмкін бе? 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.