Бүгінгі Белоруссияда жаңа тарих орын алып отыр. Оның ерекшелігі — белорустар басқа елдерде болған бейбіт революцияларды көшіріп алмай, ешкімге ұқсамайтын өз жолын салып жатыр. Олар өздерінің қалыптасқан ұлттық менталитетін пайдаланып, онлайн режимде болып жатқан әрбір детальдар мен өзгерістерді де ескеріп пайдалануда.

 

 Төменде ұсынылып отырған құжат —  адамдардың өздерін өздері қалайша ұйымдастыруға болатын үлгінің ең жоғарғы деңгейінің мысалыі, ешкімге, ешнәрсеге, басқа жағдайларға алданбай ешқандай көсемді, ешқандай пайғамбарды іздемей отырғанын көрсетеді. Оларды бір ғана ортақ идея біріктіріп, жұмылдырып отыр — «Лукашенко кет!»

 

                                NEXTA:   ЖЕҢІСТІҢ  ЖОСПАРЫ
Достар, мынау ұсынылып отырған,  біз қалайша билікті қолымызға аламыз, сүйтіп халықтың 3 талабын  орындаймыз деген маңызды стартегиялық жоспар. Ал енді бүгіннен бастап осы жоспар бойынша жасайтын біздің нақты тактикалық әрекет-қимылдарымызға назар аударыңыздар. 

ЖОСПАРДЫҢ  МАҚСАТЫ
Бейбіт жолмен барлық күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді  салып билікке қысым жасай отырып, халықтың 3 талабын орындау: 
✅ Лукашенконың кетуі, сүйтіп жаңа еркін сайлау өткізу 
✅ Барлық саяси тұтқындарды босату
✅ Беларустарды ұрып-соққан, азаптаған, өлтірген айыптыларды сотқа беріп әділ жолмен соттау. 

СОНЫМЕН НЕ БОЛДЫ? 

9 тамызда өткен президент сайлауында Светлана Тихановская жеңді. Тихановская жеңген жағдайда әділ сайлау өткізуге уәде берген болатын. Тихановская үшін беларустардың айқын басым бөлігі дауыс берді, сүйтіп жаңа Белоруссияның тарихында бұрын-соңды болмаған кезең басталды. 

Лукашенконың  күштік органдары мен шенеуніктері халықтың көзінше сайлауды жалған өткізді, артынша кем дегенде  4 мың бейбіт халықты өлтірді. Мыңдаған беларустар ұрып соғылды, азапталды, зорланды, ұсталды, қамалды. Олардың көпшілігі үйлеріне мүгедек, жарымжан денсаулықпен, ақыл-есі ауысып  оралды.  Светлана Тихановскаяны КГБ-ң көмегімен елден сыртқа шығарып жіберді. 

Міне, осы сәттен бастап жаңа Беларусь елі пайда болды, халықтың басым көпшілігі енді осы жаңа Беларусьты қолдайды. Аз ғана ат төбеліндей отарлаушылар ғана қалтыраған қолымен билікке жармасып оны сақтағысы келеді. 

   БІЗДІҢ  ЗАҢДЫ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ БЕН ӨКІЛЕТТІ ОРГАНЫМЫЗ БАР

 Светлана Тихановскаяның ұсынысымен Үйлестіру Кеңесі (ҮК) құрылды, егер отарлаушылар халықтың талабын орындау мақсатымен келіссөзге барса, ҮК олармен кездесу алаңы болуға өкілеттілігі бар. 

Үйлестіру Кеңесіне халықтың ең таңдаулы деген 600 адам мүше болып отыр, олар бейбіт жолмен билікті қайтаруды қамтамасыз ете алады. Бірақ отарлаушылар Үйлестіру Кеңесінен қорыққаны сонша, дереу Үйлестіру Кеңесінің лидерлеріне қысым жасай бастады.  

Беларустар отарлаушылардың қарсыласуына шартты «майдандар» жасауда, қоғамның өмірінде параллельді механизмдерді құруға — шартты «министрліктер» құрып жатыр. 

️   Майдандар құру 

Біз көппіз, осы жағдайды пайдаланып өте кең масштабты көлемде ойлану қажет. Миллиондаған еркін ойлы беларустардың күш-жігері мен қайратын біріктіре отырып,  оларды нақты қарсыласып жатқан нүктелерге бағыттау керек. Бұл нүктелерді біз «майдан» деп шартты түрде атап отырмыз. 

ҚАРСЫ НАРАЗЫЛЫҚ  МАЙДАНЫ: 

— Апта сайынғы жексенбі күнгі ұлттық марш
— Ынтымақтастық тізбегін құру, аудандардың шығуы, креативті және шығармашылық акциялар
— Жұмысшылар мен қызметкерлердің ереуілдері: итальяндықтардан бастап толық масштабты ереуілдер 
— Бюджетшілердің ереуілдері мен акциялары: мұғалімдер, дәрігерлер, спортшылар, мемлекеттік БАҚ қызметкерлері 

— студенттердің ереуілдері мен акциялары 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ  МАЙДАН

— Мемлекеттік банкілерден салымдарды қайтып алу, олардың қызмет түрлерінен толық бас тарту 
— Салықтарды кідірту немесе төлемеу. Жалақыны ақ конвертпен беру, мүкіндігінше чексіз жұмыс жасау 
— Мемлекеттік мекемелерде шығарылған тағамдар мен киімнен бас тарту. Мүмкіндігінше сауданы жеке меншіктен және импорттан жасау.  

— Коммуналдық төлемдерді кідірту. Төлемдерді барынша аз мөлшерде ғана төлеп, уақытын аяғына дейін созыңдар
— Жеке меншік секторы  мемлекеттік нарық пен құрылымдардан, күш органдарымен қарым-қатынастан бас тартсын. Отарлаушыларға ешқандай қызмет көрсетпеңдер. 

АҚПАРАТТЫҚ  МАЙДАН:

— Telegram-секторды кеңейту. Ата-аналарыңа, туыстарыңа,  ата-әжелеріңе аккаунт ашыңдар, оларды негізгі жаңалық арналарына  қосып беріңдер.
— Жаңалықтарды басқа әлеуметтік желілерге және мессенджерге таратыңдар:  VK, OK, Instagram, Viber.
— Жаңалықтарды үнпарақтарға көшіріп өз аудандарыңда, аулаларыңда таратыңдар. 

— Мемлекеттік басылымдарға зорлап жаздырудан, таратудан бас тартыңдар
— Бейне тақырыптар мен  фото контенттер жасау.  Telegram — да бұрын айтылмай келген тақырыптардың арнасын жасаңдар (мысалы аймақтық). 
— Тәуелсіз жорналшылар мен блогерлерді қолдап оларға жұмысы көп контенттер жасауға , зерттеу жасауларына көмектесіңдер. 

САЯСИ  МАЙДАН: 

— Отаршылардың депутаттарын кері шақырып алу процедурасымен айналысу, оған қоса  сіздер оларды сайлаған  жоқсыңдар.
— Отаршылардың ұйымдарынан жаппай шығу:  БРСМ, биліктің кәсіподақтары, ұл-қыздарыңды пионерлер мен октябряттан шығарып алыңдар.
— Отаршылардың барлық іс-шараларына қатыспау, өздерің де бармаңдар, басқаларға да олар ұйымдастырған «еріксіз-зорлау» шаралары мен жиындарына  бармаңдар деп кеңес беріңдер. 

ӘДІЛЕТТІ ҚҰҚЫҚ ПЕН СОТ МАЙДАНЫ: 

— Егер сізді ұстап алған болса, барлық болған жағдайды нақтылап алуға тырысыңыз. Болған оқиға жайлы журналистер мен құқық қорғаушыларға айтып беріңіз. Болған жағдайдың әрбір детальдары мен өз халқын сатқан отаршылардың аты-жөндерін, ертең оларды халық соттауы үшін жазып алыңыз. 

— Отаршылар өлтірген, жарымжан мүгедек еткен адамдар жайлы тексерулер мен зерттеулерге көмек жасаңыз. Осы оқиғаларға қатысы бар жендеттер мен тергеушілер, прокурорлар, судьялар, сот сарапшылары, шенеуніктердің аты-жөндерін жинай беріңіздер. Суреттер мен бейне таспаларыңыз болса, оларды журналистер мен блогерлерге беріңіз, сенімді жерде сақтаңыз. 

— Жендеттерді танып алуға, олардың айуандық істеріне қатысушыларды танып алуға көмектесіңіз. Олар беттеріне қара перде жапқанына қарамастан тауып алатынымызды білсін.
— Жендеттер, отарлаушылар, фальсификаторлар мен олардың көмекшілерінің аттары бүкіл елге белгілі болсын. Олар жайлы тұратын аудандарында деректерді, кімнің көршісі екендігі жайлы  іліп қойыңыздар. 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  МАЙДАН:

— Диаспоралар өздері өз күштерін көрсетті. Олар Белоруссияны қолдау мақсатында өздері бірігулері қажет, өз ұйымдарыңыз бен жеке қорларыңызды құрыңыздар 

— Светлана Тихановскаяның төңірегіне бірігіңдер, оның командасына жұмысқа қосылыңыздар.
— Болып жатқан шындықты басқа елдердің үкіметтері мен азаматтарына жеткізу.  Әлем халқы беларустардың еркіндік үшін қалай күресіп жатқанын білулері қажет. Жаңалықтарды аударыңдар, дайджестер жасаңыздар, әлем халқына  ақпаратты жеткізіңдер
— Халқымыздың мүддесін насихаттаңдар, отаршылар біздің наразылығымызды басу үшін қаржы алмайтын болсын. Әлемдік қауымдастықтан ешқандай қолдау  алмасын. Басқа елдердің саясаткерлерімен байланыс жасаңдар, оларға Белоруссияның жаңалығын жеткізіңдер. 

— Қауіпсіздігін ойлап баспана іздеген белорустарға көмектесіңдер. Түрмелерде азап шеккен, таяқ жегендерге мүмкіндігінше  медициналық көмек беріңдер. 

❗️(БЕЛАРУСКI НАРОДНЫ РУХ (БНР) деп аталатын Белоруссияның халық қозғалысын құру. ❗️

Осы майдандардың іс-қимылдарын қалай үйлестіреміз, қандай бағытта жұмыс атқарамыз? Нағыз президент Светлана Тихановскаяның қауіпсіздігін, оның аман-есен елге оралуын қалай қамтамасыз етеміз? Жаңа сайлауды қалай өткіземіз? 

БЕЛАРУСКI НАРОДНЫ РУХ (БНР)/БЕЛОРУССИЯНЫҢ  ХАЛЫҚ  ҚОЗҒАЛЫСЫ — бұл қозғалыс осы жазда туған халықтың оянуының белгісі. Наразылықтарға қатысып келе жатқан, елді өзгертуге жұмыс жасап жатқан әрбір адам — осы қозғалыстың мүшесі, бөлігі. 

 Telegram -ң көмегімен өз достарыңыз, әріптестеріңіз, туған-туыстарыңызбен бірігуді ұсынамыз. БНР-ң сіз басқаратын жеке тобының үйлестіру чатын ұйымдастырыңыз, өзіңізге жақын майданды таңдап алыңыз, сүйтіп өзіңіз таңдаған бағытта жүйелі жұмыс жасай беріңіз. 

Басқа топтармен байланыс құрыңдар, жұмыстарыңды үйлестіріп қажет кезде іс-қимылдарыңды, күштеріңді біріктіріңдер. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтаңдар, өздерің білетін жергілікті лидерлерді қолдаңдар, көшбасшы болыңдар. 

 Белоруссия халық рухының (БНР) мақсаты  — барлық майданда жеңіске жетіп елге заңды президент Светлана Тихановскаяны қайтарып жаңа Конституцияны қабылдау. 

❗️ Жаңа Белоруссияны құру

Майдандардың міндеті — отаршылармен күресу болса, осы жұмыспен қатар өз механизмдеріміз бен қызметтерімізді қалыпқа келтіріп олардың жұмысын отаршыларды ысырып қойып халыққа тікелей қызмет етуге, көмектесуге бағыттау керек. Шартты түрде оларды «министрліктер» деп атайтын боламыз. 

 ЭКОНОМИКА  МИНИСТРЛІГІ:

— Telegram сервистегі боттардың негізінде, валютаны сатып алуға мүмкіндік беретін, фермерлердің  өнімдерін, қызметтері мен тауарларына тапсырыс беріп сатып алатындай, бір-бірінен тікелей алатындай жағдайға жету. 
— жарнамалық сайттар мен «барахолкаларды» өзіміздің нарықтық жүйеміз етіп пайдаланатындай насихаттау идеясын кеінен тарату
— Бизнестің  таза ақ тізімін жасау:  отаршыларды қолдамайтын, олармен қарым-қатынаста жоқ кафе, ресторандар, жеке іскерлер, компаниялар мен бизнестерді қолдау. 
— отаршылармен қарым-қатынас жасаған, оларды қолдайтын жеке меншік иелерінің қара тізімін жасау

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МИНИСТРЛІГІ:

— Репрессиялар мен жазалауларға түскендерді, жұмыстан қуылғандарды қолдайтын Ынтымақтастық қорларының жұмысы
— көмек қажет етушілерге, азап көргендерге немесе майдандардың алдыңғы шебінде жүргендерге сіздің нақты көмегіңіз, атап айтқанда журналистерге. 
— шағын қалалар мен аймақтарда өзара көмек беру кассасын ұйымдастыру  
— құқық қорғау және заңнамалық бағытта көмектесумен айналысып жүргендерге көмек, отаршылар әкімдік және қылмыстық қуғын жасап жүргендерге көмек  

— отаршылардың қысымының арқасында жұмысынан айрылған адал адамдарға жұмысқа тұруға, жалдануға көмектесетін боттар, сайттар мен сервистер жасау.
— менторлық (ақыл-кеңес беретін) қызметін құру, адамдарды жаңа мамандыққа оқыту. 

    МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК МИНИСТРЛІГІ:

— Жендеттерден азап шеккендердің денсаулығын қалпына келтіру көмегі 
— Осы оқиғалардан моральдық зардап шегіп жүйке денсаулығынан айрылғандарға психологиялық көмек көрсету 
— Біздің  денсаулық саласының батыр қызметкерлерін қолдап олардың қызметіне барынша қолдау жасау 

ӘЛЕУМЕТТІК  ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ:

— Отаршыларға төлемей отырған салықтарыңды адресті түрде көмек күтіп отырғандарға жіберіңдер. Ата-аналарыңды, аталар мен әжелеріңді, көрші зейнеткерлерді, тұрмыстық жағдайы  нашарларға материалдық көмек беріңіздер
— Жетім-жесірлерді, мүгедектерді, қарттар үйіндегілерді, сізден көмек күтіп отырған барлық жандарды ұмытпаңыздар
— Қайырымдылық бағытты да ұмытпаңыздар. Сіздің салықтарыңызды отаршылар жендеттерге сыйлық ретінде, әртүрлі жарық пен дабыл соқтыратын гранаталарды сатып алуға жұмсап жатқанда, біздер бұрынғыша бәріміз жиналып науқас балаларға ақша жинап жаттық.
— Отаршылар экономиканы құртып жатыр, сол себептен жақын уақытта ел экономикасы тұралап қалуы, адамдар жұмыстарынан айрылып қалуы мүмкін. Осы жағдайдың алдын алып жақын туған-туыстарымыздың болашағын ойлайық. 

ҚОРҒАУ  МИНИСТРЛІГІ:

— Шерулер мен наразылық акциялары кезінде әртүрлі арандатуларды болдырмау мақсатында волонтерлар тобын құру.
— Өздеріңіз тұратын аудандарда отаршылардың азаматтардың көліктері мен мүлкін жойып арандататын тірліктерін болдырмау мақсатында тәртіп сақтау күштерін ұйымдастыру.
— Жендеттердің аты-жөнін, іс-қимылдарын сипаттап нақтылайтын барлау тобын құру 

Осы министрліктер мен бағыттардың қайсысын қалайсыз, таңдап алып өзіңіз немесе БНР тобымен бірге жаңа Белоруссияны құратын жұмысқа белсенді түрде кірісіңіз.

Бұл жоспардың негізгі нұсқасы ғана, бұл жоспар тұрақты түрде толықтырылып, оның әрбір деталі нұсқаулық ретінде егжей-тегжейлі жарияланып тұратын болады. Нұсқаулықты әркім өз жағдайына бейімдеп алуына болады. 

Миллиондаған белорустар өздерінің күші мен жігерін тиісті нүктелерге бағыттайтын болса, осы күз отарлаушылардың соңғы күзі болары күмәнсіз. 

Осы жоспарды достарыңа жіберіңіздер, БНР топтарын құрыңдар, жұмыс бағытын таңдап алып басқаларды да осы жұмысқа тартыңыздар. Сонда ғана билік міндетті түрде өз халқына оралады. 

Жыве #Беларусь!

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.