Соңғы аптада Қазақстанның полициясы ас-құдайы шараларына қатысқан және өлтірілген азаматтық белсенді Дулат Ағәділдің қоныстойына қатысқандарды тұтқындаумен айналысты. 

Тұтқындаулар Қазақстанның барлық аймағында жүріп жатыр, әсіресе Астана түбіндегі Талапкер ауылына келгендерге ерекше назар салынды. Оларды үйіне оралып келген сәтте ұстайды да бірден сотқа береді. Сот сол заматта (ереше жылдамдықпен) айып салады немесе әкімдік қамауға алады. 

Полицейлердің соншама жандары шығып байбалам жасап жатуының себебі —  жаңағы адамдар бар болғаны сол ауылда Қазақстанның туын көтеріп бейбіт шеруге шыққаны. Олар ешкімге кедергі жасаған жоқ, ешкімнің жолын бөгеген жоқ, олар өздерінің бейбіт жиынға қатысуға деген КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ құқын пайдаланды.  Конституцияға қайшы келетін бұл құқықты қазақстандық диктатор Назарбаев осы кезге дейін  таптап келген болса, президенттікке оның өзі тағайындаған қызметшісі Тоқаев жалғастыруда. Тәжірибелі көпті көрген «дипломат» деген атаққа ие болған Тоқаев Назарбаевтың заңдарын «реформалаймын» деп халықты алдауға көшті. Ондаған жылдар бойы диктатор Назарбаевтың айтқанын екі етпей оған адал қызмет етіп келген, «сенің ісіңді жалғастырамын» деп оған ант берген адамнан басқа ешнәрсе күту мүмкін емес. 

Бейбіт жиынға қатысу құқын пайдаланғаны  үшін азаматтарды жазалап жатқан полицейлердің операциялары елдің барлық түкпірлерінде жалғасып сотталғандардың саны ондап, жүздеп саналып көбейіп барады. 

«Жауапкершілікке тартылғандардың» санының көбеюі бір мәселе, азаматтарға  айып тағу, жала жабу процедуралары тіпті сұмдық түрде жасалуда: мысалы Алма Нұрышева ас берілген Дулат Ағәділдің үйінде ыдыс-аяғын жууға көмектескені үшін ғана жеті күнге қамалды. Алма үйден шықпаған, шеруге қатыспаған. Полицейлер Алманы «осы кінәсі» үшін қамап отыр. 

Бүгінгі сот жүйесінің тағы бір ерекшелігі  — осындай «саяси істерде» сот тек қана полицейлердің айтқан сөздеріне ғана сенеді. Осы жағдайдың өзі бүгінгі Қазақстанды — полицейлік мемлекет деп атауға жеткілікті. 

Диктатуралық саяси жүйені қорғап отырған, осы жүйені заңмен емес, полицейлік шоқпардың көмегімен қорғап отырған полицейлері мен соты бар мемлекетті реформалаймын деу — утопия.  Әлеуметтік желінің ішінде көпшілікке ұмыт болған, Денис Тен өлтірілгеннен кейін ұйымдастырылған «ІІМ реформасы» деген топ бар. Диктаторлардың қатысуымен, диктаторлардың шартымен реформа жасаймыз деген мәселе әрқашан осылай нәтижесіз аяқталады.  

Қазір біз Белоруссияның тарихындағы бұрын-соңды болмаған ерекше қуатты толқуды көріп отырмыз, белорус халқы бейбіт және өркениетті жолмен есі алжыған, тағынан кеткісі келмеген Лукашенконы ауыстырмақ болып жатыр. Есі алжыған деп қалай айтпайсың, оның автомат асынып жасаған «пиарын» көргеннен кейін..

Лукашенконың «наркомандар мен бандиттер» деп атаған (біздің тарихымызда да осындай сөздерді естіген едік) кісілері полицейлердің шоқпарынан таяқ жегендеріне қарамастан ерекше бейбіт мінез бен ұйымшылдық танытып жатыр.  Біз оларға жеңіс тілейміз. 

Диктатураны реформалауға болады, егер ол төменнен жоғарыға дейін жасалса. Басқаша түрде жасаймыз деушілердікі — диктатураны сақтаудың амалы. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.