Саяси желеумен сотталған (НұрОтан партиясының «көрнекті  бір өкілімен» қақтығысып қалғаны үшін) Санавар Закировадан қорқынышты хабар келді. 

Әлеуметтік желіде  ЛА 156/18 мекемесінде түрмеде жатқан Санавардың өз өміріне қауіп төніп жатыр деген хаты жарияланды. Мекеме әкімдігінің бұл Санаварды қорқытып жігерін жасытуға арналған жоспарлы акциясы болса крерк. КУИС жүйесінде мұндай әдістер жиі қолданылады, олар түрмеге саяси мотивпен түскен, өзерінің құқын және басқа сотталғандарды да дәлелді айғақтармен қорғай алатындарға қарсы қолданатын дәстүрлі амалы. 

Мұндай сотталғандарды қорқыту үшін арнайы дайындалған, әкімдіктің айтқанын істейтін қылмыстық бұзақы сотталғандармен бір камераларға орналастырады. 

Бұл жағдайда оқиғаның өрбуі мен шиеленісуі басқаша дамиын деп отыр, себебі әйелдерге арналған түрмелер мен лагерьлердегі сотталған әйелдердің бір бірімен қарым-қатынасы, ерлер зонасына қарағанда басқаша. Санавардың айтуынша, оны әйелдер түрмесінде қалыптасқан «өмір қалпымен» өмір сүресің, қылмыстық ортаға тән «өмірмен» тұрасың, әйтпесе өлтіреміз деп қорқытып жатыр екен. Бірақ бұл айтылып отырған «қалыптасқан өмір» қалпы Санавар тұрып жатқан түрмеде жоқ, Жалпыға бірдей ортақ түрме ережесі де жоқ, бір сөзбен айтқанда бұл түрмедегі өмір сүру «ережесі» — барлық билік күштілердің қолында, олар ойына келгенін істейді.  Осындай жағдайды қалыптасқан «дәстүр» бойынша КУИС басшылығы барлық түрмелерде  қолдайды. Түрме басшылығы әртүрлі қылмыстық «итаршылар» мен жарамсақ тыңшылар, сексоттар мен «қодардарды» пайдаланып мекемедегі сотталған әйелдерді қорқытып, зорлап, үрейде ұстап бақылап отырады. 

Әйелдер лагерьлері мен түрмелерінде сотталған әйелдерді ұру, зорлау, қорқыту және басқа да ар-намысын таптау әрекеттері қалыптасқан жағдай, түрме әкімдігі ондайларды көріп отырса да көрмеген болып жүреді. Сыртқа мұндай хабарлардың шықпауын қатаң қадағалап отырады. Санавар Закирова өз хатында өзіне қарсы қуғындауды ұйымдастырғандардың нақты аттарын атап көрсетіп отыр: мекеме басшысы Әсет Жұмадиев, оның орынбасары Бақытжан Амандықов, РОР бойынша орынбасары Сергей Ким, оперлік өкіл Шолпан Айболатовна және постовой әйел Надира.  

Санавар шағым хатын Алматы прокуратурасына жіберіп үлгерген екен, енді шағым хатта айтылған деректер бойынша өзіне қарсы қуғындау әрекеттерін ұйымдастырғандарға қарсы тиісті шаралардың жасалуын күтеді. 

Әрине, «хатта айтылған жәйттар анықталмады, дәл сол күні бейнекамералар жұмыс істемей қалыпты немесе бейне суреттер байқаусызда суланып қалыпты» деген сияқты толып жатқан жауаптар берілуі мүмкін. Түрме әкімдігі ондай жауаптардың талайын жазған..  Бірақ, сұраныс ерте ме кеш пе болады. Одан қашып құтылу мүмкін емес. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.