Минскіде Лукашенко соңғы уақытта тек қана тікұшақпен ұшатын болып жүр. Өздеріңіз білерсіздер, тікұшақ диктаторлардың елден қашатын бірден бір ғана көлігі, жолдың барлығын наразылықшы белорустарар жауып тастаған.  Белорустардың толқуы немен аяқталса да, бір нәрсе айқын — Луашенко «өзінің Беларусынан» айрылды. Ендігі Беларусь Лукашенконың 24 жыл патшалық еткен Беларусы емес. Лукашенконы қолдағандарды қазір көшелерде көрмейсің, осы кезге дейін мылтық пен штыктың көмегімен елді езіп келген Лукашенконың уақыты бітті.  

Ал Қазақстанға келер болсақ —  полицейлердің жаппай байбаламы мен әбігері болып жатыр. Азаматтық белсенділердің үйлеріне басып кіріп тінтулер жасалынуда, ондаған адамдар ұсталып қамалды, олардың көпшілігі «Қазақстанның туымен шеру жасағаны үшін» және басқа да бассыздық желеулермен әртүрлі мерзімге әкімдік қамауға жабылды. 

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның ұсынған  21 және 22 тамызда ұсталған азаматтық белсенділердің тізімінен осы байбаламның қаншалықты екенін байқауға болады: 

Ақтау қаласы (7 адам):
Акберді Айгүл — тінту;   Жұмаев Абловас — тінту; Жексебаев Асхат — тінту, бұл азаматтарды Ақтаудан Алматыға арнаулы рейспен жеткізген,   405 бап, 2 б.; Өнерхан Нұрбол 15 тәулікке әкімдік қамау; Баймағамбетова Диана тінту, оны да Ақтаудан Алматыға арнайы рейспен жеткізген, 15 тәулікке қамау; Мамай Бибігүл 10 тәулік, 488 бап; Қайыров Дидар 10 тәулік, 488 бап.

Алматы қаласы (12 адам):
Аспандиярова Дәметкен — тінту, 30 АЕК; Қылышев Кайрат — тінту +  ата-анасының үйін тінту, 8 тәулік; Жылқайдаров Альберт тергеу, босатылған; Айтбаев Марат 8 тәулік;  Қозиев Ермек, тінту; Джұманиязова Нинагүл — тінту, 2 айып. 30 АЕК+20 АЕК; Бегімбетов Абай — 405 бап 2 б. бойынша қамауды күтіп отыр; Джаукерова Гулзипа — тінту,  30 АЕК айып; Бекназарова Рахила — тінту; Смағұлов Болат — тінту, тергеу, босатылған;  Әбдіманапов Мейірхан 7 тәулік; Рахимжанов Ноян, тінту, тергеу, босатылған.

Нұр-Сұлтан қаласы  (11 адам):
Сабитов Айбек сот 24.08.2020 ж. сағат 15-30 болады, 378 бап  («менты-щиманушки» деп билік өкіліне тіл тигізгені үшін); Есхожин Ербол сот 24.08.30  сағат 10.00  .378 бап. 2 б. — билік өкіліне «күшіктер» деп тіл тигізгені үшін;  Асқар Қайырбеков 15 тәулік; Нұрсұлтан Тастаев әкімдік қамау; Дәулетбек Тереқұлов  әкімдік қамау; Ғадылбек Серікбаев — әкімдік қамау; Александр Маслий — әкімдік қамау; Апахан Дәулеткерей 10 тәулік; Арғынбеков Мұратбек 15 тәулік; Әсия Боқаева ұсталған; Айжан Алимжанова — ұсталған 

Актөбе қаласы
Қаласов Асқар, 23 тамыз,  соты 9-30, 10 тәулік

Белоруссиядағы халықтың наразылығы күшейген сайын Қазақстан билігінің жаны ышқынып, полицейлердің азаматтардың құқығына шабуылды күшейтуі бекерден бекер емес. Посткеңестік диктаторлар мен диктатуралар бір бірлерімен өте тығыз байланыста қызмет жасап жатыр, бірінің «тәжірибесін» екіншісі зерттеп, беліне шоқпар байлаған полицейлері мен жендеттерін халыққа қарсы қоюға үйретіп, халыққа қарсы күресуге өзара көмектесеміз деп келісім-шарттарға отырып жатыр.

Міне осындай кезде Қазақстан, Ресей, Беларусь елінің қоғамдық қауымдастықтарының да өзара байланысып осы іспен айналысатын уақыты жетті. Белоруссия мен Хабаровск халқы көрсетіп жатқан ерекше құнды іс-қимылдарының үлгісін Қазақстан да алғаны жөн.  Ендігі кезек — бізде.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.