Соңғы бірнеше күндер бойы әлемдік масштабтағы саяси оқиғалар бірінен соң бірі жалғасып жатыр. Хабаровск мен Белоруссиядағы толқулар, Навальныйдың улануы, тағы басқалар. Қазақ белсенділері осы орайда өз пікірлерін ортаға салып көрші елдегі оқиғаларға сарапшылық, сәуегейлік жасап, ақылдарын ұсынып жатыр, бірақ.. Қазақстанның болашағы айқын болар ма еді, егер өткенді еске түсірмей, қазіргі өзімізде болып жатқан оқиғаларға алаңдамасақ.  

Бүгін, 22 тамыз күні Ақтауда таңертеңгі сағат жетіде азаматтық белсенді Айгүл Ақберді мен оның күйеуі Абловас Жұмаев, Асхат Жексебаев, Нұрбол Өнержан, Диана Баймағамбетова, Бибігүл Мамай және Дидар Қайыров  ұсталды. Айгүл мен Абловастан  басқалардың барлығы алматылықтар. Бұл азаматтарды Айгүл мен Абловастың үйінде  ұстаған болар деген ойдамыз, себебі жақында қазақстандық белсенділер  Айгүл мен Абловастың үйін бітіруге «асар» жариялағанын білеміз. Ұсталған басқа азаматтар жақында ғана осындай «асар» жолымен билік өлтірген азаматтық белсенді Дулат Ағәділдің үйін салуға көмектескен еді. 

 Бұл азаматтарды ұстауға формальды болса да негіз болған нәрсе —  8 тамызда осы белсенділер  Талапкер ауылында Дулат Ағәділдің үйінде қоныстой жасағаны үшін болар деп топшылаймыз. Соңғы уақыттағы қазақ полициясының технологиясы бойынша аадамдарды акция жасаған кезінде ұстамайды, кейін біршама уақыт өткен соң «желеу» тауып ұстап жүр.  

Бұл жолғы «желеу» — Айгүл мен Аблвастың үйін бітіруге жасалған «асар» болса керек. Қазақстанның полициясы мен арнаулы қызмет орындары соңғы кездері азаматтық белсенділердің бас қосулары мен жиналуларына ерекше мазасыздықпен назар салып жүр. Олар Айгүл мен Абловастың үйін бітіруге жиналғандардың бас қосуын  қайткен күнде де болдырмау мақсатын көздеп отыр. 

Бұл жерде айта кететін нәрсе — қазақ полицейлерінің «әр нәрсенің алдын алу» әдісін ойлап шығарған — кіші президент — реформашыл Тоқаевтың фишкасы  екенін айтқанымыз жөн болар. Тоқаев ойлап тапқан «Қоғамды басқару жолымен демократияландыру» әдісі мына бір ескі анекдотқа  ұқсайды. Ауырған жердің барлығын кесіп тастауға үйренген хирургті көрген терапевт ауруға: «… мына таблетканы іше ғой, ауырған жерің өзінен өзі  түсіп қалады..».

 Тағы бір адамның — Монғолиядан келген Сиез Қуантайдың мәлімдемесіне ешкім мән бермей отыр. Бұл азамат Қазақстанда болу құжатын ұзартпақ болып Алматының Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінде болған кезінде оны «құлдыққа сатып жіберген». Бейнетаспада жазылған мәлімдемеде ол полиция қызметкері Ринат Башаровтың Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың мал шаруашылығы қожалығына ұдайы «құлдарды жеткізіп» тұрғанын айтылған. Полиция бұл мәлімдемені көрген соң Сиез басқа бейнетаспада мен қателесіппін деп айтқан. Қазіргі уақытта Сиездің қай жерде екені белгісіз.

Жақын күндері астаналық тағы бір белсенді Айбек Сәбитовтың сот процесі болады. Оның айыбы: Айбек менттерге «менттер-шеманушки» деген сөз айтса керек. Бұл сөз билікке жұрт алдында тіл тигізу, ҚР қылмыстық кодексінің 378 бабына сәйкес келетін көрінеді. Бір қызығы — бұл сөз 7 ай бұрын айтылыпты… полицейлердің артқы уақытпен тауып отырған «желеуі » осы. 

21 тамыз күні алматылық азаматтық белсенді Дәметкен Аспандиярованың үйінде түсініксіз тінту болған, полицейлердің іс-әрекеттерін түсірмек болғаны үшін телефонын тартып алған.

22 тамыз күні таңертең алматылық азаматтық белсенділер Қайрат Қылышев, Алберт Жылқайдаров, Марат Айтбаев ұсталды. 

22 тамыздың сағат 14-00 полиция департаментінің үйінің алдында (бұрынғы «Целинный» кинотеатры жанында) осы орайда наразылық білдірушілер жиналмақшы. 

Көрші диктатура елдерінде болып жатқан жаппай наразылықтар мен толқулардың ортасында қалған қазақ диктатурасы ерекше мазасызданып полицейлердің қолымен азаматтық белсенділерді ұстап «тазалау» жүргізбекші. Көпшілік жұрт пен қоғам биліктің бұл әрекеттерінен бейхабар, сондықтан да қазақ диктатурасының  әзірше ештеңеден қорқатын жайы жоқ. Өкінішті… 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.