Жүздеген мың қара құрым белорустықтар КГБ деген атауды  тарихта қалдырған Лукашенконың комитетінің үйінің алдына жиналып наразылық жасап тұрды. Оларға қарсы билік Белоруссияның барлық облысынан жинап әкелген, ат төбеліндей ғана болатын бюджет  қызметкерлерін жинап  «міне біздің қолдаушылар» деп олардың митингісін көрсетпек болды.  Өздерін мұнда не үшін алып келгенін түсінбейтіндер, «арнаулы қызмет өкілдерінің хайуандық әрекеттері туралы не дейсіңдер?» деген сұрақтарға жауап беруден қашқандарды көрдік…

 Белоруссияда осындай жағдайлар болып жатқан кезде, өз елімізде, ҚР ІІминистрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің өз халқына жасап жатқан айуандық қылмыстары байқаусыз болып өтіп жатыр…

15 тамызда түрмеде жатқан саяси тұтқын Ержан Елшібаевқа жасалып жатқан қинау мен зорлық әрекеттері жайлы хабарлар келіп жетті. Елшібаев Ержан қолдан жасалған жасанды айыптаулар бойынша Түркістан облысының Ленгерінде  ИЧ 167/9 мекемесінде жатыр. Ержан түрменің әкімшілігінің жасаған қылмыстық іс-әрекеттерін бейне роликке түсіріп, сотталушыларды қалай азаптап, қорлап жатқанын  сыртқа шығарған еді. Осы қылмыстарды жасаушылар мен оған жауаптылар: Берік Ұсабаев- оперативтік бөлімнің бастығы, Ғани Оңназаров, Ақан Ниязбеков — оперативтік бөлімнің қызметкерлері, Мұқтар Сәпиев — режимдік бөлімнің бастығы, Нұрқан Аманжолов — әкімдік қызметкері, Абзал Құрманбеков — мекеме бастығы, Ателбек Досмағанбетов — ДУИС бастығы, арнаулы прокурор Марат Абілбашаровтар   қылмыстық іс-әрекеттерін жасыруға  тырысуда.  

Сонымен бірге Алматы облысының Заречный мекемесінде тағы бір қатал іс-қимылдық оқиғаның салдарынан сотталушының денсаулығына зиян жасалған жағдай анықталып отыр. Колония-поселениеден «өз бетінше сұраусыз» кетіп қалған сотталушы Михаил Демкинді (өз еркімен оралған) қайтып келген соң әбден аяусыз сабаған, ұрғандары сонша, оның екі аяғы мен қолын сындырған. Демкинді ұрып-соғуға ЛА 164/4 и 155/12 мекемесінің қызметкерлері қатысқан. Мекеме қызметкерлері Михаилді зорлап «екінші қабаттан қарғыдым» деп айтқызбақ болған. Осы жалған өтірік дәлелді басқа да сотталушыларды да айтуға зорлаған. Сотталушы Михаил Демкиннің «өлім алдындағы хатынан» үзінді:   «25 шілдеде  ЕС 164/4 мекемесінің бастығының рұқсатымен шығып 30 шілдеде оралдым. Қызметкерлер келіп таяққа жықты. Төрт жерден сүйегім сынды. Мекемеде емдемейді. Шыдамым таусылды. Жедел жәрдем шақыруды сұрадым. Жағдайым өте нашар, барлық денем ауырады. Сынған жерлер. Осы себептен шыдамым таусылып асылып өлмек болдым..»

Бір күннің ішінде  ЕЦ 166/11 мекемесінде үш адам өз өмірлеріне қол салмақ болған. . Сотталушылар  Казбек О., Анатолий К., және Серик А. асылайын деп тұрған жерінде жіптен босатылып аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген.

 ЖД 158/2 (Тараз) мекемесінен түскен хабар бойынша  Ильченко, Костиков, Зайцев, Хайылұлы, Гизатуллин, Васильев, Петрыкин деген сотталушылар денелеріне өздері жанды жарақат түсірген. Жамбылдық ДУИС бұл жайлы жаттанды сөздерден тұратын өте жедел жауапты жіберіпті:   «…бұл айтылған деректер шындыққа жуыспайды… бұндай жағдайлар тіркелмеген… тексерулер жүргізілді… қызметкерлер тарапынан ешқандай заң бұзушылықтар анықталмады…» ..

Осы орайда ҚР ІІМ-ң КУИС тарапынан жіберген хабары — «мұндай жағдайлар болып қалған кездерде ондай хабарларды ватсап арқылы қабылдау мүмкіндігін ұйымдастырдық» деген жауабы ешкімді таңдандыра алмайды. КУИС қызметкерлерінің жасап жатқан қылмыстары жайлы хабарлар жеткілікті, олар күн сайын келіп жарияланып жатыр.

Басты проблема КУИС пен қадағалаушы прокурорларда, осы органдарға түсетін мыңдаған қылмыстық іс-әрекеттер жайлы хабарлардың тек біреу-жарымдары ғана сотқа жетіп санаулы оқиғалар ғана соттың айыптауымен аяқталады.

 КУИС-ы реформалар – бұл сөзге күліп қарау аз.  Атың өшсін, КУИС дегің келеді…

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.