Қазіргі күні — барлық назарымыз Белоруссияда. Бар назарымызды Белоруссияға салып сол жаққа құлақ түріп  жүргенде, басқа диктатуралар, оның ішінде қазақтың диктатурасы да бар, ұйықтап жатқан жоқ, олар осы кезге дейінгі жасап келген жымысқы аяусыз арам істерін жалғастырып жатыр. Оны бүгінгі Қазақстанда болып жатқан оқиғалардан естіп жатырмыз. 

Қазақстанның ресми басшылығы Лукашенконы «жеңісімен» сол заматта құттықтады, Белоруссияда болып өткен жалған сайлаудың салдарына, адам құқының тапталып, күштік органдардың бұрын-соңды болмаған хайуандық іс-әрекеттеріне баға бермей, оны көрмеген болып отыр. Осы орайда Қазақстанда болып жатқан іс-қимылдарға көз салсақ, қазақ билігі Лукашенконы қолдап «барлық елдердің диктатурасы, бірігіңдер» деген ұран тастап отыр. 

Құқық қорғаушылардың хабарлауларына қарағанда елімізде азаматтық белсенділердің жұмбақ жағдайларда жоғалуы, олардың адресіне қорқытулардың болып жатқанын, полицейлердің оларды ашықтан ашық аңдып жүргендері орын алуда.

—           14 тамызда: Ернар Мұқатаев, Астана, жұмысқа бара жатқан кезінде жоғалған, телефоны сөндірілген, осының алдында бірнеше күн бұрын өзінің соңында аңду бар екенін хабарлаған; 

—           10  тамыз: Бағдат Бақтыбаев, Тараз, уақытша изолятордан шыққан сәтінде  «белгісіз біреулер» күш қолданып қол жұмсаған. «Братва арқылы» зорлыққа саламыз, өлтіреміз деп қорқытқан. Әрине, бұл істің арнайы қызметтің адамдарының қатысуымен болғандығы ықтимал, себебі Бағдаттың изолятордан шығу мерзімі кешкі 17-00 мезгілі болса да оны уақытында шығармай қараңғы түскен соң (22-00) үйіне жіберген. Бұлай жасауға изолятор нұсқаулығы бойынша болмайды. Ал «братва» адамдарымен қорқытуды тек қана криминальды құрылымдар ғана жасайды, ондай тапсырмаларды арнайы қызметтің адамдары ғана орындата алады; 

—           7 тамыз: Бағдат Бақтыбаевтың зайыбы Диана Нілдібаеваның банкілік карточкасын банк блоктап тастаған  болып шықты, не себеппен жапқанын банк айта алмаған. Кейін ғана белгілі болды, банктің тергеушінің ауызша тапсырмасын орындағаны анықталды; 

—           30 шілде мен 14 тамыз аралығында жүзден астам  азаматтық белсенділер саяси мотивпен  заңсыз қуғындауға (көп балалы аналар да қуғындалған) ұшыраған. Атап айтар болсақ олар:  Ақтау мен Маңғыстау облысынан Балжан Бекмуханбетова, Айша Юсуп, Шолпан Джанұзақова, Айгуль Мұратбаева, Назира Лесова, Жаңыл Мырзабаева, ал оралдық Аспандияр Молдағайыновтың полицейлер жеке көлігін тартып алып заңсыз қысым жасаған.  

12 тамыз күні болған сот азаматтық белсенді Ася Төлесованы «полицейдің бас киімін қағып жібергені үшін, сол үшін бір емес алты полицейдің адам айтқысыз «азапты қайғы кешкені үшін» Асяны бір жарым жылға еркіндігінен шектеді және айып салынды. Мұндай оқиғаны естігенде күлгеннен басқа амалың қалмайды. 

 Ал енді Белоруссияға оралатын болсақ, ел халқы жендет режимге қарсы күресін жалғастыруда. Әлеуметтік желілерде толып жатқан бейнероликтер мен суреттерде белорустық күш органдарының өкілдері диктатор Лукашенконың қылмыстық бұйрықтарын орындап бейбіт халықты ұрып-соғып, қорлап ашықтан ашық аяусыздық қаталдық көрсетіп жатқанын көріп отырмыз.  

Мұндай кездерде мынаны білуге тиістіміз, егер құқық қорғау органдарының қызметкері заңды белден басқан болса, ондай қызметкер қылмыскерге айналады, ерте ме , кеш пе мұндай адам сотталуы керек. Белоруссиялық заң органдарының мұндай қызметкерлері «заңнан тыс» адамдарға айналады, олар ешқашан мен кінәсізбін деп заңға жүгіне алмайды, ондай адамдар қорғауға жатпайды. 

2014 жылы Украинадағы Майданда иығында погоны бар хайуандарға қарсы өте әсерлі әдіс қолданылған болатын. «Бүркіт» аталатын арнайы қызметтің қызметкерлерінің, оның ішінде азаматтарға қарсы ерекше қаталдықпен көрінген қызметкерлердің аты-жөндері анықталып олардың аты қоғамға жария етілді. Бұл тізімдегі маска киген мың жарым күш органдарының қызметкерлерінің аты-жөні, суреті, мекен жайы жұртқа белгілі болды. .. Нәтижесі жақсы болды.

Әрбір саналы әскери қызметкер — әскерде қалай қызмет ету керек, кімге қызмет етуі тиіс, Заңға бағыну дегеніміз не, бейбіт, қаруы жоқ өз азаматтарына қалай қарауы керек — міне осы мәселелерді әрбір әскери адам түсіне білуі керек. Осы кезге дейін арнайы элиталық бөлімдерде қызмет етіп келген белорустықтар осы ұйымның өкілдері болғанына мақтанып келген болса, енді өкінетіндіктерін білдіріп жатыр. Олар үстіндегі әскери формаларын, берет, шеврондарын лақтырып өртеп жатыр, себебі олар осы кезге дейін абыройлы деп саналып келген әскери бөлімшені ұятқа қалдырды, масқара етті деп санайды. 

Өздерін сыйлайтын, намысы мен ұяты бар әрбір халық осылай жасайды.  Диктаторлық режимдегі диктатордың бұйрығымен өз халқына қарсы қылмыстық жасап жатқандар, қызметі мен үстіндегі формасын, күші мен қаруын бейбіт халыққа қарсы пайдаланушылар «заңнан тыс» адамдар. Осы қылмыскерлерді, өз халқына қарсы соғыс жариялағандарды, сосын «заң жолымен» соттайтын болса, олардың жолы болған болар еді…

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.