Көршілес елдердегі оқиғалардың тамыры — Хабаровск, Беларусь – бәрі бірдей наразылық табиғатынан нәр алады. Бұлар ондаған жылдар бойы бұрыннан бар, бейбіт революцияға қатысқан, жастардың наразылық ұйымдарының атауында орныққан. Сербияда  -«Отпор» / тойтарыс, Грузияда – «Кхмара», Украинада – «Пора»/Сәті келді… Бұл атаулар – «жетер, жалықтырды» сөздерін білдіретін қоғамдағы басым ахуалды байқататын сезімкүй синонимдері… және де шай дастарқанындағыдан гөрі, бір саптаяқ сыралату кезінде қолданылатын көптеген синонимдер тағы бар.

Екі мыңыншы жылдардың ортасында біздер, «Алға!»-ның (ДВК) (авт. – Владимир Козлов), жастар қанаты да дәл осындай наразылық жобасын бастағанбыз.  Ол қысқа да ауқымды «Кет!» деп аталды; бұл бүгінгі Беларуста ұранға айналған — «Уходи!».

Бүгінде көбі біздің «қателерімізден» дәм татқан болады, бірақ ол қате соншалықты ірі болған емес. Біз бар болғаны өз қоғамымыздың алдына шығып кеткен едік.  Біз өзіміз сияқтылар, түрегеліп алға шығатындар – көпшілік болмаса да, аз емес дегенді ескергенбіз.  Және біз өзіміз сияқтыларға дұрыс көрсеттік, нұсқадық, шық, кел, қатарымызға тұр… дедік.  Қарапайым ғана көңілсіз интернет-адасу болмағанда…

Әр адамның өз пісу кезі болады. Бәрін де табиғаттан үйрену керек. Піскен «адам» неғұрлым көп болса, қажет кезінде, соғұрлым  сол ел өзгеріске тезірек кіріседі.

Қазақстанда бұны жақсы білетін адамдар да «билік» аталған топтың ішінде жүр. Бірақ бізде «пісу»-ге қажет саймандар мен тетіктерді, алдын ала қатал түрде әрі жүйелі қолға алып, құрту қолға алынды.

Тоқсанынша жылдардың ортасында-ақ, енді туындай бастаған жекеменшік БАҚтарды тұншықтыру басталған-ды. «Жиілікке тендер» жариялау барлық медиа-алаңды қырып, тарап шықты. Одан қалған-құтқан электрон БАҚтар аса қатал бақылауға алынды. Одан әрі бұл үдеріс жалғасты да, кәзір біз жүз пайыздық «нөлдену» жағдайындамыз. Бәрін нөлден бастау керек.

Посткеңестік ментәл жағдайында, еркін сөзді тұншықтыру, саяси ағартуды құрту деген сөз, оның орнын диктатуралық насихат басты. Оппозиция өз идеологиясын медиажабынсыз қалдыруға мәжбүр болды. Мұқтар Әбләзовтың «Таң» телеарнасы, атысқа ұшырады:Орталық кітапхана төбесінен  ұсталмаған сұрмерген, дабыл таратқыш фидерді атқылады. Одан соң Мәдмин қосылып, фидерді ауыстырғаннан кейін арнаны қосуға рұқсат етпеді… 

Одан соң орын басқан «Республика», «Взгляд», «Сөз», «Азат», «Правда Казахстана», «Свобода слова» (бұрынғы), «Дат» газеттері – бар болғаны оппозиционерлерді ғана ағартумен айналысты, өйткені, оларға жабайы қысым жасалу жағдайында және дамыл бермеген редакция өртеу мен шабуылдау, журналистерді ұрып-соғу мен қорқыту, типографияларға газет бастыруға тыйым салу, жабдықтарды зақымдау мен газет тиражын қамаққа алу…  көз аштырмады.

Соның нәтижесінде біз саяси ағартусыз қоғамға ғана емес – үгітшілердің мөрлемімен және телінген сезімдермен  «хабарластырылған» қоғамға, «оппозиция – деген қылмыс, «ештеңе істеп керек емес, өйткені бірдеңе бітіру мүмкін емес» сықылды «танымдар» таңылған қоғамға қол жеткіздік…

Осыларға ие бола отырып, біз халықты ағарту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуіміз керек, адамдарды еркін ойлауға, «өз шындығын» таңдауға, өз көзқарасын қорғауға, қойған мақсатқа жетуге үйретуіміз қажет. Біздің «пісіп-жетілу сәтіміз» де таяу, сол мезетке дайын болуымыз керек.

Сол себепті, Хабаровск мен Беларусте болып жатқан жайттарға мұқият үңіліп, зерделеген абзал.  Бұл оқиғалардың нәтижесі не боларына қарамастан, кәзірдің өзінде бізге аса бағалы сабақ береді,олар бізге көп ұзамай қажет болмақ. 

Бұдан ондаған жылдар бұрын болған нәрселерді де ұмытпаған абзал. Мысалы – Польшадағы саяси жүйені бейбіт жолмен ауыстыру, польшаның «Солидарносы»… Онда да ұзақ жылдар күреспен өтті. Ұрып-соғу, қуғындау, абақтыға жабу, тіпті өлім де болды. Бұдан да жаман болды, себебі, поляктар «советтік Польшамен», советтік саяси жүйемен, БАҚтарды жаппай бақылаумен, ағарту саласын, барлық өмірді қадағалаған жүйемен алысуларына тура келді.

Алайда, азаматтардың тәуелсіздік пен еркіндікке қол жеткізу үшін бүгінгі Беларус та кәдеге әбден жарайды: бір кездері Польшада «Солидарностың» үндеуімен, елдің бүкіл экономикасы тоқтағаны бар.  Пештер сөнді, зауыттар тоқтады, көлік жүрмеді… бәрі қатты да қалды.  Польшаның коммунистік президенті мен коммунистік өкіметі бұдан әрі ештеңені де билей алмайтындығы белгілі болды. Олар елде басты емес екендігі анық аңғарылды…

Беларусь кәзір өзінің бар жарқын сәті үшін күресуде. Оған жеңіс тілейміз!

Алға жылжу жолындағы кезек бізде.

Неғұрлым тезірек болса, соғұрлым жақсы.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.