Беларустың тиранияға деген бейбіт қарсыластығы «совок» әлемін дүр сілкіді.

Әлеужелі беттері алуан пікір мен бағалауға шимайланды, фейсбуктегі көптеген профилдерде жаңа достар үшін орын босады, бұрынғы достар пікірге қарай ажырасып тынды…

Қазақстандық сегмент те дәстүрлі түрде қарап жатпады. Көшеге бейбіт наразылықтарын алып шыққан Беларус азаматтарын қолдағандар мейлінше көп, бірақ Лукашенконы жақтағандар күтпеген жерден аз болмай шықты.

Тағы бір күтілмеген жайт, беларус диктаторын жақтағандар арасында, Қазақстан диктатурасына деген жеккөрініші айқын, өздерін оппозиция санайтындар, адам құқығын басты дейтіндер арасында да аз болмағандығы.

Бұлардың ішіндегі ерекше орынды ҚКХП – коммунистер партиясы. Беларус полициясы мен БҚК оппозициялық үміткердің жақтаушыларын қорлап, ұрып-соғып, машинамен тапап, қамап жатқанда, ҚКХП  ҚР Бас прокуратурасына қазақ ұлтшылдарын Украинаның, Молдованың, Грузияның ұлтшылдарымен салыстырып, және «басқа да түсті төңкеріс жұқтырушылармен» теңестіріп, оларды жазалауды талап етіп, мәлімдеме жасады.  

ҚКХП  белгілі мүшелері бұл мәлімдеме идеясын түсіндіре отырып, одан  әрі қамшы басты – украин ұлтшыларын Украинаның жер бөлігінен айрылғаны үшін жазғырады… Әрине, – уақыт бекерден бекер таңдалмады, Беларуста кезекті «түсті төңкеріс» бола жаздады, оның үстіне тартымды «бибі келбетті» революция…

Бір қызығы Лукашенко диктатурасын Қазақстанда да, Ресейде де, негізінен коммунистер жақтады. Оның үстіне, онда да, мұнда да коммунистік партиялар ұлттық диктатура мен олардың «билік партияларына» қарсы оппозиция қатарында. Бұның шын аты – сайқалдық.

Коммунизм – әуелден диктуралық құрылым. Ленин бұны «пролетариат диктатурасы» деген тұжырыммен қымтады, бірақ оның … ойында… сол пролетариат па еді… Білікті жұмысшы, депутат болып тағайындалып, бір сәтте білікті жұмысшы болудан қалатын да, «қол көтерушілердің» бірі болып шыға келетін.  Әлгі Стахановқа бола бүкіл шахта жер үңгіді, «стахановшы» болу үшін, ал сауыншыларды Одақтың түкпір-түкпірінен жинап, одан да бетер атақты сиырлар… етті.

Пролетариат бұрынғы оппозицияға «халық жауы» деп таңба басты, «зиянкестерді» — орта шаруаны түбірімен құртуға шақырды… Сөйтті де дауыс беруден танбады, қол көтеруден шаршамады… қарсы ешкім дауыс бермеді.

Коммунизм – ағысы жолға қойылған «сел», сайқалдар селі. Пролетариат диктатурасы тарихқа кетті, ал бүгін  коммунизм бір сағатта долларлы миллиардер капиталист болған  өздерінің бұрынғы «хатшыларына» қызмет етуде.

Бүгінгі коммунизм – бұрынғы «күректен» гөрі сайқалдырақ. Жоғары-совок капитализммен кіріккен, әлемдік капиталистік әрі демократиялық қоғамдастықты, «бәріндей болу» қажеттігіне үндейді, осы әлемге тән стандарт қабылдауға – адам құқығын сақтау жөніндегі міндеттеме қабылдауға шақырады…

Бүгінгі  коммунизм әлемдік қоғамдық пікірді алдаумен диктатураға жәрдемдеседі, қолына су құяды, диктатураға қолбала бола жүріп, нағыз оппозицияны құртуға ұмтылады, өздері дауыс беріп қабылдаған үйреншікті «заңдамаларымен»  таңба басып, «радикалдар» мен «экстремистер» атай отырып… енді міне тағы бір таңба… «ұлтшылдар».

Национализм – қылмыс емес. Көптеген демократиялық елдерде ұлтшыл партиялар бар, олар ел билеуге белсене араласады. Ұлтшыл да, басқасы да егер де, қылмыс жасаса, немесе қылмыс жасауға шақырса, қылмыскер.

Нағыз қылмыс – диктатураның әжетіне жарайтын коммунистік сайқалдық.

Басқа нұсқа жоқ.

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.