Еуразия экономикалық одағына кіретін көршілеріміз – диктатуралық жүйе орныққан, советтік тоталитарлық тәжірибеге сүйенген «билеушілердің» басына қауіп төнуде.

Бұларда қалыптасқан «капиталистік мазмұн» үш жүйені көздейді – билеушілердің шексіз ашкөздігін, олардың әулеттерін, және айналасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл жүйелердің тіршілігіне қажет жемқорлық негіз болатын коррупциялық мүмкіндік бұларда диктатураның амандығын қамтитындарға  бөлінетін – тауар; бұлардың өлшемі диктаторлар тарапынан олардың жағымпаздық деңгейін анықтайтын баға болып табылады. Бірақ коррупция, диктатураның іргетасы бола отырып, оның ресурстарын қансыз-сөлсіз қалдырады; ақырында білікті ығыстыратын жағымпаздыққа деген басымдық, өмір сүруге қажет ресурстарды қайта өндіретін экономикалық тетіктерді қаулап өскен жебір тұтынымпаздыққа қарсы қояды.  Айналып келгенде бұл, көпшілікке қажет игіліктің тапшылығына ұшыратып, тіршілік деңгейі шапшаң құлдыраған адамдардың көбеюіне ұрындырады.

Бұл жүйеден «өмірге қожайындардың» көпшіліктің пайдасына қарай пиғыл танытпауы, өз қауіпсіздігін қамтитын олардың күштік секторды нығайта түсуге, наразы көңілдегілер мен көріністерді басып-жаншу,түрлі деңгейлердегі ықтимал наразы тұлғалардан құтылу – амандықтың басты жолына айналады.  

Диктаторлардың зәресін алатын нәрсе — жеткілікті түрде көпшілікті қамтыған әрі ұзаққа созылған, диктатураның соңғы майдан шебі саналатын күштік құрылымдардың жігерін құм қылатын, ұйымдасқан жаппай бейбіт наразылық.

 Күштік құрылымдар өздерін сәті түскенде, «жекелеген наразылар» емес, барған сайын күшейе түскен балға мен тот басқан төс арасында сезінгенде – бейбіт бой көрсетушілер жағына шығып жатқаны бүгінгі тарихтың шынайы көрінісі.  

Сол себепті де, барлық посткеңестік диктаторлар ұқсас жүйелердегі бейбіт революцияларды кекшілдікпен әрі шектен шыққан үреймен аңдып отыр. Сол себепті де мемнасихат осындай өзгерістерге қатысты үрейді қоғамға бұрмаланған және үлестірмелі фейктерді қолдана отырып, сіңірген болды.

Ресейлік Хабаровскдегі, Беларустегі және қазақ ауылы Талапкердегі наразылықтың тамыры бір, өлгенше ауыспайтын диктатуралар табиғатының бірлігі секілді ұқсас. Айырмасы тек қана ауқымда, кейбір аумақтық және әлеуметтік алуандықта ғана.

 Беларусте азаматтар елдің астанасы Минскіде бой көрсетуде. Бейбіт жолмен әрі жаппай шығуда, бастысы – үзіліместен жалғасуда. Бірінші қатардағы баскерлер ұсталған соң, олардың орнын басқасы басуда, ақырында біз Беларустегі «бибі келбетті революцияны» көргендейміз.

Беларустің қалыптасқан айырықша шарты еуропалық шекарасында, және Лукашенконың Ресей мен Еуропа арасында былғаң саясатымен ақырында «Еуропаға елді көбірек бұрып», адам құқығына қарай амалсыз бет бұрғызуы, елдегі азаматтық қоғам сапасын өзгертуге әкеліп соқпай қоймады.   

Хабаровск – ресейлік шеткері аумақ, Қиыр Шығыс. Бұл аймақ Мәскеудің пікіріне қарағанда, өздерін барынша жеткілікті де лайық өмірге мүмкіндігі бар деп есептейтін өңір. Бұдан басқа, федералдық билік құрылымы бар: ірі аумақтық түзілім есебінде өз үкіметі мен парламенті бар, яғни билеу құрылымы жеткілікті. Бұндай жағдайда, Фургал сияқты губернатор, бөлек өңірде қоғаммен «әдеттегіден тыс» жылы қатынас орнату мүмкіндігі мол, солай болды да.Бұрынырақта дәл осындай формуланың Саха еліне де тән екеніне куә болдық.  

Ақырында Путин «патшаға» хабаровскілік губернатордың «жаңа Ресей үлгісін» орнатқаны туралы хабарланғанда, ол жал ма жан қолынан не келеді соның бәрін қолданды – бұрмаланған іспен айыптау, қамау, қызметтен босату, ауыстыру.  Алайда хабаровтықтар мүлдем «басқа ресейліктер» болып алған еді, бір ай бойы ұйымдасқан түрде, бейбіт жолмен, арандатушыларды араларынан ажыратып, әрбір ұсталғандар мен қамалғандарды қолдауды меңгеріп алыпты. 

Полицей қамағында өлтірілген қазақ күрескері Дулат Ағаділ елдегі бейбіт наразылықтың нышаны болды. Бұлтармалы «тергеу» оның өліміне қатысты ешбір «кінәлі жоқтығының» рәсімделуі, оның достары мен құрметтеушілерінің қуғындалуы – оның есіміне біріккен, тұрақты орныққан наразы қауымды қалыптастырды; бұл қауым барынша берік әрі оларға қарсылардың күтпеген мықтылығын байқатты. 

Алдын ала ондаған және заңмен негізделмеген қамау мен ұстау шаралары, Қазақстанның түкпір-түпірінен Талапкер ауылына азалы асқа жиналған күрескерлерді қуғындау мен қорқыту, Дулат Ағаділді  еске алуға жүздеген азаматтардың келуімен бірге, жаппай шерулетулеріне кедергі бола алмады.  

Әрине, бұдан былайғы уақытта полицияның «кек алып», азаматтардың батылдығы үшін, олардың бейбіт жиынға деген сөзсіз құқықтарын қолдануына қарсы, шара қолданатыны, ұстау, соттау, әкімшілік жазалау болатындығын  барынша дәлдікпен болжауға болады.

Бұдан да мәлім нәрсе, диктатуралардың бәрі де  — құруға бейім. Олар өз иттерін дастарқанындағы майлы сүйекпен қоректендіріп, әлі де бас салуға өршелене жұмсайды. Бірақ азаматтар, қалай болғанда да, тілектен – ұмтылысқа, жатыстағы «интернет-ақылдан» мейлінше лайық қылықтарға икемделе түсетіндердің барған сайын молайа бермек.

Біздер әрқашан да көппіз, олардан гөрі. Және біз – біріккенде әл бермейтін күштіміз.

Беларусь, Хабаровск, Талапкер – бұл басы ғана.

Өзгерістен қашып құтылмайсың!

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.