Ақтау қаласының маңында 5 тамыз күні қоғамдық белсенді Абловас Жұмаев ізім-ғайым жоқ болды. 2018 жылы ол саяси желеумен «тыйым салынған қоғамдық ұйымды» ҚДТ жақтағаны үшін сотталып, бас бостандығынан айрылды. 2019 жылдың маусым айында оны шартты түрде мерзімнен бұрын босатты.Жаза мерзімі де, қадағалану мерзімі де 2021 жылдың ақпанында бітеді.  

Бірнеше күн бұрын Қазақстанның барлық өңірі секілді Маңғыстау облысының полициясы да ойда жоқта белсеніп шыға келді. Қамауда өлтірілген Дулат Ағаділдің Астана түбіндегі Талапкер ауылында болатын асына баруға елдің түкпір-түкпірінен жиналған азаматтарға бөгет болу мақсатымен, полиция елдің барлық өңірінде 8 тамызға жинала бастаған белсенді азаматтарды заңсыз түрде ұстауға көшті,   ал соттар болса – оларға асығыс түрде мерзімі 8 тамызда бітетін әкімшілік жазаны рәсімдеуде.

Дәл осындай полицейлік қысым бірнеше күн бұрын Абловас Жұмаев пен 2018 жылы күйеуімен бірге саяси желеумен ҚР ҚК саяси бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылған Айгүл Ақберді жанұясына қатысты байқалған.

5 тамызда  Абловас Жұмаев өз үйінен жоқ болып кеткен соң, оның зайыбы полицияға жұбайының жоғалғаны туралы арыз берген.

Алайда басқа белсенділер тарапынан Абломасты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары ұстап отырғанын, кәзіргі кезде заңсыз түрде әлдебір арнайы қызметке тиесілі оқшаулау орнында бас бостандығынан айрылып отырғаны турасында хабардар етілді.

Қоғамдық белсенділер Абломас Жұмаевты ұстау Дулат Ағаділдің асына қатысты болуы мүмкін екендігін, алайда оның бұл жолғы ұсталуы қадағалау шарттарының бұзылуы ретінде қаралатындай бұрмалауға апарып соғатыны, соңынан қайтадан абақтыға тоғытылуы мүмкін деген пікірде.

Кәзіргі кезде Абломас Жұмаев пен Айгүл Ақбердінің үйін Айгүлдің берген арызына сәйкес «оқиға болған орын» ретінде қарау жүргізілуде. Абломас Жұмаевтың күштеп «жоғалғандығы» туралы ақпарат оның ылғи да өзімен жүретін телефоны бұл жолы үйде қалғандығына негізделуде.  

«Оқиға болған орынды» полицейлердің қарауы, Абломас Жұмаевқа қатысты ҰҚК-нің қандай да бір атқарып жатқан әрекеттің аясында тіпті, полицейлерді де Абломастың қайда екендігінен хабардар етілмеуі тегін емес;  Маңғыстау облысының полиция департаменті ресми түрде оның қайда екендігі туралы қандай да бір ақпардың бар екендігін жоққа шығаруда.

Саяси белсенді азаматтар Абломас Жұмаевтың өміріне алаңдаулы.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.