Клептократиялық Қазақстанның диктатурасы өзінің тұлғасын барынша жарқын әрі түсініктірек көрсете алмайды деп ойлап қаласың да, сол бойда оның кері мысалына тап боласың.

Белсенді азамат Дулат Ағаділді қамауда өлтіргеннен кейін, оның дәл сондай белсенді достары, оның жанұясына жандары ашыған қарапайым азаматтар жәрдем еткісі келді. Адамдардан жиналған жылу-пұлға олар асарлатып жүріп, Дулат тұрған Астана түбіндегі Талапкер ауылынан үй салды.  

Үй құрылысының бітуі ,әрине нағыз мереке болды. Құрылысқа қатысқандар да, Дулаттың  бала-шағасы да мәз-мейрам. Дулат Ағаділді өлтіргендерге наразылық ретінде белсенділер ауыл көшесін бойлап бейбіт шерумен жүріп өтті, ол шеру ешкімге кедергі жасаған емес, ауыл тұрғындарының ешқайсысына ыңғайсыз болған жоқ.

Шеру кезінде сақшылар ешкімді ұстаған жоқ, алайда шеру бойлатып полиция күштері қаптаған полицияны қатарластырып тізді.

Алайда соңынан, 8 тамызға Дулат жанұясына арналған қоныстой белгіленгенде, шеруге қатысқандарды шетінен ұстау мен қамау басталды да кетті. Ондаған адам түрлі мерзімге әкімшілік жазаға тартылды. Полициялық бұл есалаңданудың мақсаты — 8 тамыздағы қоныстойға елдің түкпірінен жиналатын көптеген адамды келтірмеу, болдырмау.

Енді кәзір болып жатқан «қамау-ұстау» науқанының екінші толқыны, заңсыз ғана емес, тіпті қасаң түрдегі желеу мен себебі де жоқ нәрсе. Қазақстанның түрлі қалалары мен өңірлерінен арнайы келіп, Дулаттың үйіне қарай бағыт алған адамдарды шетінен ұстап жатыр. Оларды үйлерінен, жол бойы, пойыздарда, қонақүйлерде ұстап, құрсауға салуда.

Мынау конституциялық құқықтары бойынша елдегі еркін жүріп-тұру қақы шектелген және заңсыз түрде қудалауға түскен, соңғы бірнеше күн ішіндегі азаматтардың тізімі:

Қайыргали Теңелбаев, Марат Дүйсенбиев, Жанат Жамалиев, Нұрлыбай Татаев, Руслан Төлеу, Серік Досқалиев, Нұрбек Құлышев, Мұрат Сапиев, Айдар Сәрсенов, Бағдат Бақтыбаев, Қайрат Сұлтанбек, Талғат Ахметов, Айгүл Ақберді, Абловас Джумаев, Нұрберген Әлімханов, Бекбол Қаспаев, Ұлболсын Тұрдиева, Абзал Қаналиев, Айша Юсуп, Жаңыл Мырзабаева, Жаңаш Балжан, Нұргул Қалуова, Омар Қайырлы, Марат Байғұлин, Ақылбек Қалқашбаев, Серік Ажыбай, Мейрболат Мырзатайұлы, Дана Жанай.

 

Бұл тізім толық емес болар, өйткені, еріккен иттер секілді полицейлер көзді жұмып 8 тамызға дейін талай  алпамсадай азаматты қамайды әлі.

Ал енді адам құқықы бойынша тоқайдың «реформасына» кім сенер екен? Қане… атыңды аташы…

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.