Жуырда Павлодар облысы бойынша ДУИС-тың «қарбаласы» турасында жариялағанбыз. Еске сала кетейік: бұл мекеменің бір үйір шенді қызметшілері қызмет бабында жүріп, араққа сылқия тойып, Жеке бас қауіпсіздігінің (ЖБҚ) қызметімен «қолма қол» ұсталғандығы туралы әңгіме болған. Одан әрі ДУИС бастығы, «әділет полковнигі» Молдажановтың ЖБҚ қызметшілерін қидалағаны турасында және оның қолға түсу орнынан зымыранша қашқаны, сондай-ақ оның басқа да «жұлдызды» бөтелкелестері де «тарақанша тырағайлағандығы» айтылған. Біреуін дәретхананың кіртүбегінен ұстап, енді бірі қашып-пысқан…  

Келесі күні-ақ Молдажанов мүйізді достарының барын және ешбір жазаның болмайтындығымен бөтелкелестерін «жұбатып» еді.  Полкан айтты, министр істеді – ЖБҚ тексерісі талапқа сай рәсімделмеген «болып шықты», демек – мас әрі қашқын Молдажанов та болмаған, оның погонды «тарақандары» – бөтелкелестері де болмаған,мас сардардың қашып тығылған жері де… зым-зия дегендей… – ұмытыңдар. 

Бұндай қарабайыр дөрекі хикая ҚР ІІМ КУИС саласында жүздеп саналады. Өйткені оның іріп-шірігені қашан… түпкілікті құрыған, үміт жоқ. Селтеңдеген лейтенанттарды полковник жасайтын жол мейлінше былыққан, қанды. Ал бұл жүйе басқа жолды білмейді. Осы былықпен маталған, әрқайсысында шұлғаудай шұбатылған күнәлік құйрық «Магаданға жетеді». Мөлшер жағынан да, бағыт турасында да, солай, «бірдеңе бола қалса»…

Не себепті де «КУИС адамдары» кісіге көрінуден қашады? Себебі, олар туралы БАҚтағы бір сөз, олардың хикаясын қоздырады, «бұлдырын» мөлдірлейді, көрінбестерін көрсетеді. 

Павлодар облысы бойынша ДУИС мекемелерінің бірінің бұрынғы қызметшісі, бұрынғы әділет капитаны Әділ Тасыбаев, өз басшылығымен, дәлірек айтқанда – полковник Молдажановпен соттасуда.   Ол өзінің қызметтен қуылғанын заңсыз деп, теріс мотив бойынша қуылғандығына орай қызметке қайта алынып, келтірілген зиянды қайтаруды талап етуде.

Бұл саланың адамдары өзара «көкпарласқанда», бұлардың ол таласы назар аударуға тұрмас еді, өйткені менің жеке тәжірибем бойынша  (авт. – Владимир Козлов) ҚР ІІМ КУИС-те еліміздің айдаладағы жол жиегінде тұрған дәретхананы тазартатын жарақтың болмайтыны секілді, тәуір қызметші атымен жоқ және болуы да мүмкін емес.

Бірақ мына жайт, біріншіден, полковник Молдажанов туралы, оның «басшылық әдісі», оның өзіне лайықтылармен байланысы, және де біздің «әділ сотымыз» турасында. Ал екіншіден, қызмет бабындағы жағдай мен өмірде капитан Әділ Тасыбаевтың маған таныс «қызметшілерден» бөлек кейбір мезеттері бар болар.

Полковник Молдажанов капитан Тасыбаевты «құқыққорғау органдарына кір келтіретін қылықтары үшін» жұмыстан шығарады.  Шындығына келсек, бұл сөйлемдемеде – бәрі де кісі күлерлік.

Бұның барлығын ескерсек, «құқыққорғау органдарында» ешбір «қылық» бұл органдарға олардың өздері болмаса ешкім кір келтіре алмайды – және ол ылғи да «қызметшілер» тарапынан болып жатады. 

Капитан Тасыбаев мекеме (ДПНУ) бастығының кезекші көмекшісі болған, яғни – өзінің кезекші тәулігінде болған барлық істерге жауап береді. Полковник Молдажанов болса оны ұзақ уақытқа кездесу бөлмесі арқылы сотталғандар түрмеге азық толы сөмке алып кірді  деп айыптайды.

Бірден айтайық – бұл енді сонша «жиренішті» қылық емес, әйтеуір түрме аумағындағы мас қызметшілердің оргиясына татымайды. Бұл абақтыдағы кең таралған жайт.  Адамдар ұзақ уақыт кездесуге азық әкеледі, туыстары тамақ істейді дегендей.  Кейде артық тамақты «итеріп» өткізу үшін келісуге де болады. Әдетте мұндайға тіпті басшылар да көз жұма қарайды, өйткені, олардыкы емес, бағыныштыларына тиесілі «сыбаға». Бұны айтпағанның өзінде, облыстық ДУИСтегілер бұған қатысты арттары «қозды» дегенге адам сенбейді. 

Капитан Тасыбаев болса ондай жайттың орын алғанын мойындамай отыр, құжаттарға қарағанда сот төрешісінде де тікелей айғақ жоқ.

Жазғыру қайдағы бір «видеоға» негізделіпті, видеоға сотталғандардың ішке сөмке тасып жатқандығы түсіпті. Алайда сотта бұл видео көрсетілмеген, Тасыбаевқа да оны көрсетпепті.

Қоқыс салынған бакты шығарған сотталғандардың бірінің Тасыбаевқа «жәрдем ету» турасындағы өтінішіне «көрерміз» деген нұсқамасы бар.Бірақ бұл қоқыс тасыған сотталушылар «сізге не істейік» санатынан болғандықтан, олардың нұсқамасы айғақ бола алмайды.  

Қоқыс бағын бақылауға жауапты адам қоқысты тексергенін және онда ешқандай сөмкенің болмағандығын айтқан нұсқамасы және бар; оның нұсқамасы сотта терістелмеген…

Сот сонда да – неге екені белгісіз – «бәрін тындыратын» «жақсы достары» көп полковник  Молдажанов тарапына бұра тартып үкім шығарған. 

Капитан Тасыбаев пайдасына сотта тіркелген тағы бір факт бар: қызметтен шығару кезінде ол баласын күтіп, «науқас парағын» тапсырыпты. Бұл аздай – кінәлаушы тарап сотқа дәрігердің растауы бар осындай ондаған «науқас парағын» тапсырған: демек, әкесі науқас қызына қарағаны рас.

Бұның барлығы капитан Тасыбаевтың «жиынтық табысы», ол балаға қараған кезде жұмысқа шығатын оның зайыбынан гөрі әлдеқайда аз екендігін байқатады. Ал бұл осындай «сүбелі» орындардағы стандартты схемаға ешқандай сәйкеспейді.  Шамасы,  капитан Тасыбаев, ақымақтарша «айлыққа қызмет етіп», сәйкесінше, үстіндегілерге «көрінбеген». Ал бұл дегеніміз – «құқыққорғау органдарына кір келтіретін» нағыз қырсық қылық…

Енді уәде еткендей – әлгі «кір келтіретін қызықтар турасына көшейік. Сотта қолданылған ресми сөйлемдемеге сәйкес, «құқыққорғау органдарына кір келтіретін қылық ретінде, қызметтік міндеттемені атқаруға қатысты емес. Бірақ азаматтардың көзінше, құқыққорғау қызметінің абыройы мен беделін түсіретін, атап айтқанда: — қоғамдық орындарда қызметшілердің мас күйінде немесе есірткіге есірген күйінде көзге түсуі…»; дәл осылай тұп-тура бірінші тармақта жазылған.  

Бұл жерде Тасыбаевқа қатысты не бар, егер де аққа қарамен – полковник Молдажанов пен олардың бөтелкелестері – тарақандар туралы жазылмаса? ЖБҚ-да «қолға түспеген» деген бұрмаланған қасаң желеу,  ұжымдаса ішісті куәландырмаса, бұл ішістің айғағын жоққа шығара ала ма?

КУИС-пен жағдай мәлім, ондағылардың бәрі сондай.

Ал енді ҚР ІІМ министрінің көзімен қарағанда ше — ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.