Қазақстан диктатурасы рефлекстенуде. Ол өзінің құрылу сәтінен бері рефлекстеніп келеді. Алғашқы байқалған рефлекстену Атазаңды ауыстырып, «көсемизмді» бекітуден байқалды.

Екі жылдан соң, тоқсаныншы жылдар ортасында, жекеменшік, яғни босаған кеңісті толтырған  бақылаусыз медиа диктатуралық насихатқа қатер болатынын, әсіресе сайлауалды кезеңде, сосын – «жиілікке тендер» жариялауды шығарды. Бұлайша өзгерген шарт, жеке электрондық БАҚтардың талайын тұншықтырды, «кейбір ойын шартын қабылдағандары» болмаса.

Диктатураның бұл рефлекстенуі, марқұм Серікболсын Әбділдин жеңіп, біркелкі оппозиция – ҚРХП/РНПК пайда болатын сайлаудан кейін туындады. Оның баскері премьер Әкежан Қажыгелдиннің  өзін президент тағына лайықтауға ұмтылысы, оған қарсы қылмыстық істің ашылуымен,  елден шығынуға мәжбүр болуымен, бірталай мерзімге сырттай сотталуымен бітті.

Екінші мыңжылдық басында ҚДТ пайда болды, ол кезде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі әлі де партияға айналып үлгермеген-ді.  Оның пайда болуы диктатураны «әулетімен қоса» және әлеуетті ресурсымен бірге қалтыратты. Диктатура бұл жолы қылмыстық істер мен «отырғызу» арқылы «рефлекстенді». Әсіресе, сол кезде өзге ойлылардың соңына түсуде премьер Тоқаев «көзге түсті»…

Бір жылдан соң Мәжілісте депутаттар Төлен Тоқтасын, Серікболсын Әбділдин, Зәуреш Батталовалардың сауалдарымен – масқара ыңғайсыз тақырыптарға… шетелдегі «қамалған» Назарбаевтың құпия шоттары пайда болып және де «Қазақгейт» ісі бықсып… диктатура өзегін «бүлкілдете» бастады. Диктатураның рефлекстері заңдамалық бастамалар жасауға мәжбүр етті, ақыры Мәжіліс таза нұротандық болып шыға келді…

Әлі де тіркелмеген ҚДТ РҚБ партия болып тіркелуге деген ниетін мәлім етті – партия тіркеудің барынша қатаң шарты пайда бола кетті: соның ішінде өтініш қабылдауға қажет адам саны 10 мыңнан 50 мыңға өсіп, өтініш қабылдау мерзімі керісінше қысқарды, және басқа кедергілер…

ҚДТ ұйымы жойылғаннан кейін, бәрібір осы аттас ҚДТ халық партиясы құрылды. Ол партия тіркелген күйі небәрі жарты жыл ғана тірлік етті. Оны сот арқылы жойғаннан кейін, диктатура жойылған қоғамдық ұйымның атымен аталуды да, тіпті қысқарған аббревиатураны да  тыйым салған заңдаманы, жең ішінен сыйқыршыдай суырып шығарды…

Одан әрі — диктатура осы күнге дейін сақталып отырған заңдық коллизия, екі заңның бір біріне қайшылығы болса да қоғамдық ұйымдар мен партиялар тіркеліп келеді. Бұлколлизия тіркеу мерзімін «тіркеу құжаттарын тексеру үшін» 100 жылға тіпті одан көп уақытқа дейін үзуге мүмкіндік берді де, саяси партияның тіркелуін – пайдасыз, мәнсіз етті, егер де партия диктатураға «маңдайын сипатпаса» ғана…

Бұнымен бір уақытта диктатура саяси алаңды «ықпалды тұлғалардан» түкпілікті тазартты… Еліміз ЗаманбекНұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбаевтан өлі күйінде, Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақияновтан тірілей – біресе отырғызылып, соңынан шетелге қуылған күйі айрылды.

2012 жылы ақыры мемлекеттік тіркеуден өтпеген «Алға!» (ҚДТ) халық партиясы сотпен жойылды. Диктатура өзіне нақты кедергі келтірген тізімдегі тұлғалар мен қоғамдық ұйымдарға осылайша нүкте қойды. Қалғандары диктураға оның қасбетін «оппозициялық» өрнекпен «әшекейлеуге» керек болды.

«Қатерлі жандардан» құтылып, барлық оппозициялық ұйымдарды құртып, заңды түрде құрудың барлық мүмкін еместігін қамтып, диктатура одан әрі алдын ала «алаң тазалауды» жалғастырып отыр, бұл жолы жекелеген азаматтарға кірісті.

«Виртуал ҚДТ» идеяларын қолдаған азаматтар, кейінірек осындай «Көше партиясы» енді саяси өзгеше ойлау әрекеті үшін қудаланатындай, ҚР Қылмыстық кодекстің 405-бабымен «қылмыс» есебінде мәртебеленді.

Қарапайым байқаудан погонды қылмыскер полицейлерге қарсы шығуға бел шешкен, инемен «сақшылардың көтендерін зақымдаған», және де қалпақтарын қағып түсірген азаматтар – «қызметшілерге қызмет бабы кезінде шабуылдады» делініп, осыдан туындайтын барлық қарауылға алыну, видеоға түсіру, соттауға апарып соғатындай жарияланады.

Ұрылар мен жемқорларды нұсқаушылар – осы ұрылардың өздерінің қолымен «қасақана жалған ақпарат тарату» жолымен айыпталады: қамау, тергеу, сот, айыптау үкімі, бұлардың бәрі кәзір сәнге айналған ҚР ҚК 274-бабына сәйкестеледі.

Көптеген белсенді азаматтар үшін сот шешімдері мен үкімдері аса ауыр келеді де, оларға одан әрі күресуге дәрмен қалатындай жігерлі  болуы ауырлайды, келесіде бұрынғыдан да қатал қарайды. Белсенді азаматтарды алдын ала қорқыту мысалымен жалпы азаматтық қоғамды үрейлендіру – бұл бүгінгі рефлекстенгіш Қазақстан диктатурасының басты міндеті.

Өзін өзі жаңғырта алмайтын диктатура диалектикалық жағынан алғанда – іриді. Бұл Ресей мен Беларустың ұқсас жүйелерінен анық байқалуда. Біліктіліктібағыныштылықпен құртудың салдары түріндегі қирайтын экономиканың заңдылығы, наразы азаматтардың көбеюіне міндетті түрде әкеліп соғады. Экономика осы күйінде «жоғарыдан төмен қарай» құлдилайды. Кеше ғана өзінің шағын не орта бизнесімен разы болып, «саясаттан ары» жүргендер, енді сол саясаттың кесірінен жолдың жиегіне лақтырылады да, көздерін «тырнап ашуға» мәжбүр болады.

«Жармас та қаш!» режимін қосып, өмір сүрген «жоғарыдағыларға» тән нәрсе, енді жаппай құбылысқа айналады.  Кім қолға түссе – саудаласады, шартты түрде жазаланады да, «жаңа өмір» бастайды, әрине «жақсы старт капиталдан» алыстау. Ал кім де кім әлі «капуста алқабында» жүрсе, «иттерге ас беріп», оларды белсенді азаматтарға айдап салып, не ауыздарын жапқызады, оған көнбесе — өлтіреді. «Артты қыс та, қалтыра!» — бұл бүгінгі диктатураның девизі.

Жоғарыда хронологиялық түрде келтірілген сараптама диктатураның өзін өзі сақтауға деген әрекетінің жүйелі екенін ғана көрсетпейді.  Бұл жүйенің осы адамдар тұсында жаңаруға деген үміттің әлсіздігі мен қисынсыздығын ғана көрсетпейді.

Басты қорытынды – диктатура жарқын адамдардан қорқады, одан зоры — азаматтардың бірігуінен зәресі ұшады, себебі сол ғана – диктатураның көрін қазатын басты себеп.

Осыдан шығатыны – бірлесу және де жаппай – бейбіт жолмен – бірлескен көше наразылығы – қанішер жүйені тұсайтын бірден бір қыл арқан!  

Басқа нұсқа жоқ.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.