Алматы облысы, Заречныйдағы 155/14 мекемесі, «жүз үшінші» түрмеден дабыл қаққан ақпарат жетті. Түрме басшылығы кәзіргі кезде қатаң жағдайдағы қамаулы (ҚТҚ) саяси тұтқын Әсет Әбішевке қатысты кезекті арандату мен заңсыз әрекет науқанын бастағаны жөнінде бізге хабарлады. 

Бұрынырақта Әсет Әбішевтың сотталғандардың карантинге қатысты ешбір жасалмаған қауіпсіздігін талап еткеннен кейін ҚТҚ-ға ауыстырылғанын жазғанбыз. Оған қарсы керісінше әкімшілік тарапынан арандату жасалып, жалған негізбен Әсетті жазаға тартқан еді. Бұл ахуал өз кезегінде оған қылығына үшінші дәрежелі теріс баға жамап, оны «күйгелек тәртіп бұзушы» ретінде танылып,барынша оқшаулап,  ҚТҚ бөлмесіне тоғытқан-ды.

Бізге жеткен хабарға қарағанда, ҚТҚ қатарында кәзірде тәжвирус жұқтырған (жоғары дене қызуы бар, тыныс алуы қиындаған) сотталушылар бар көрінеді, соның бірі  – Бекнұр Асылбек. ҚТҚ жағдайында, барлық сотталғандар бірге әрі бір бөлмеде қамаулы, оларға жаппай індет жұғу қаупі бар.

Алайда, сотталғандардың, соның ішінде Әсет Әбішевтің әкімшілікке жедел жәрдем шақыру жөніндегі талабына жауап ретінде, қызметшілер әуелі «шақырдық» деп алдап, соңынан, ҚТҚ бөлмесіне басып кіріп, дөрекі түрде күш пен қорлауға жүгініп, «кезектен тыс тінту шарасына» кіріскен.

Оперлер, бақылаушы-жауынгерлермен (Ұлттық гвардия) бірге, барактың астын үстіне шығарып төңкере тінтіп, ауырып жатқан Бекнұр Асылбектен (жасырын сұғып жіберген) «тыйым салынған зат» тапқан»… Оған дәрігерлік жәрдемнің орнына  шұғыл түрде жаза тағайындалды, ол ДИЗОға бірнеше тәулік оқшау қамалды…

Біздегі бар ақпарат бойынша 155/14 мекемесінде сотталғандар ішінде өте көп ауру таралған көрінеді, оларға короновирус «қойылмайды», демек, оларға сәйкесінше ем қолданылмайды.  

Бұл әзір ештеңе емес, жуырда түрмеде сотталған Иванов, ВИЧ-жұқпалы еді, өліп кетті. Ол әбден әлсіреген иммунитетпен жүріп, короновирус белгілері байқалған: тынысы тарылған, қызуы көтеріліп, жөтелген. Оның дәрігерлік көмек сұрағанына қарамастан, ұзақ уақыт мән берілмеген, ол салдарынан өліп кетіпті, оған «ВИЧ-жұқпалы ауруға қатысты жүрек әлсіреуінен көз жұмды» деп қоя салған.

Абақты басшылығы сотталғандар ауыр науқасқа ұшырағанда, өлім халіне жеткен адамды, «еркін ауруханаға» шығарып тастайтындығы турасында ақпарат та бар, оны мекеме аумағында өлім тіркелмес үшін солай жасайтындығы мәлім.

Сотталғандар карантин қауіпсіздігін талап ете бастағаннан-ақ, оларға қатысты күш жұмсалып, жоғарыда сипатталған арандату жасалады. Біздегі ақпаратқа қарағанда, «бұл шаралар» РОР жөніндегі орынбасар Ұлан Арғымбаевқа тікелей бағынышты немесе –  оның туыстық-жершіл белгі бойынша «командасына» кіретін:  майор Серік Арыстанов, капитан Олжас Базарбаев, капитан Нұрлан Бидайбеков секілді қызметшілер ұйымдастырады екен.

Ұлан Арғымбаев кәзіргі кезде екі бірдей сотталушының өздеріне қол жұмсап өлгендігі бойынша тергеуге байланысты, «мәжбүрленген демалыста» жүр. Нұрлан Бидайбеков болса бұрыннан тергелуде, қызметтік қылмысына қатысты лауазымы төмендетілді; ол керек кезде сотталушыларға «тыйым салынған затты» сұға салуға, жазаға тарту үшін материалдарды бұрмалап, не істі «дөңгелетуге» таптырмайтын қызметші.

Бізге келіп жатқан тағы бір ақпаратқа сәйкес, бұл қызметшілер Әсет Әбішевке қатысты арандатуға белсене қатынасқан, ҚТҚ-ға аударуға ықпал еткен.  Оларды сонымен бірге ірі туыстық байланыстар мен соның ішінде қылмысты саладағы мүмкіндіктері бар екеніне қарап, «аумақтық ҰҚТ-ның (ұйымдасқан қылмыстық топ) мүшелері» дейді.

Сонымен, ҚР ІІМ КУИС/ҚТЖК мекемелерінде жұқпалы індетпен ауырғандардың көптігі ғана емес, олар туралы айтылмайды да, сонымен қатар өлімге және өлім жағдайлары мен өз құқықтарын, денсаулықтарын талап еткен сотталғандарды заңсыз қудалауға қатысты жаппай бұрмалау турасында хабар тарауда.  

Бұдан бетер, бұрын жариялағанымыздай, Қазақстанның барлық «құқыққорғау жүйесі» пандемиямен күресті қасақана әрі жүйелі түрде,  азаматтық және саяси құқықтары мен бостандығы  жолындағы күреске және белсенді азаматтарға қатысты қарсы қолданып отырғандығын растай аламыз.

Күн сайын дерлік, құқыққорғаушылар белсенді азаматтарды қудалау жағдайы турасында хабарлауда; Бақытжан Төреғожинаның таратуына қарағанда, 30 шілдеде дөрекі түрде күш қолданған полицейлер, полиция бөлімінде өлтірілген Дулат Ағаділдің үйін салуға асарлатып жәрдемдескен азаматтарды шетінен ұстап, түрлі мерзімге әкімшілік қамақ кескен, олар:  Айтбай Қасымов, Алтын Леспаева, Ардақ Мақатов, Асқар Сембай, Ербол Есқожин, Айбек Сәбитов. Басқа белсенділер шақырту алып, осыған ұқсас үкімді күтуде.

Құқыққорғаушылар мен белсенділердің айтуына қарағанда, бұл полиция әрекеті  8 тамызға белгіленген Дулат Ағаділдің жанұясының қоныстойына байланысты жаппай бейбіт бас көтеруді болдырмауға арналған көрінеді…
ҚР ІІМ КУИС/ҚТЖК-дегі, елдегі, азаматтық қоғамдағы біз атаған бұл жайттар, бір ғана қисынды қорытындыға жетелейді:  бұл жүйе өзін өзі реформалау мүмкіндігінен айрылды, ең бастысы – реформалануға құлқы да жоқ.  Бұл жүйе бейбіт түрде қирауға, одан әрі ешбір құрметсіз  тарих қоқысына «жерленуге» жататын құбылыс. 

Басқа нұсқа жоқ.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.