Біздің құқық қорғайтын  http://kuresker.org сайтымыз бір ғана тараптан бұғатталып жатқан жоқ екен. Біздің мамандарымыз  сигналдарды трассировка жасап тексеріп көрген еді. Бұрынғыдан да қызық жәйттарға тап болдық. 

Оказывается, на одном IP-ң бойында көптеген сайттар орналаса алады, бір сайтты бұғаттау келесі сайтқа кіру мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін, онымен бір хостингте немесе  IP орналасқан сайттарға әсері болады екен..

Мына сайттың мүмкіндіктерін пайдаланып: https://2ip.online/domain-list-by-ip/#ResultBlock, білдік:  біздің сайт орналасқан IP  1000 (бір мыңға жуық) жуық  сайттар бар екен, біз бұл тізімде  – 363-і. 

#

Домен

360

kuban.depo.ua 

361

kul.vn 

362

kultura.lrytas.lt 

363

kuresker.org 

364

kwongwah.com.my 

365

kyiv.depo.ua 

 

Солардың ішіндегі Қазақстан аймағында бұғатталып отырған тек біздің сайтымыз, бұдан шығар қорытынды — IP бұғатталмаған, тікелей сайттың өзі бұғатталған. 

Біздің мемлекеттің  органдарының веб-ресурстарды бұғаттауға қатысы болуы мүмкін органдардан алған жауаптарымызға сай олардың ешқайсысы бұл заңсыздыққа қарсы еш қатысымыз жоқ деп отыр. 

Тағы да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтын барып көрелік. https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/report-internet-content?lang=ru, оның ішінде сот шешімімен тиым салынған веб-ресурстардың тізімі бар, біздің сайт олардың ішінде  жоқ. Бұдан шығар қорытынды — сайтты Қазақстан аймағында бұғаттау заңға қайшы, яғни қылмыс. Оны жасағандар — қылмыскерлер. 

Мына ресурс арқылы https://kazbt.com/ сайттың қол жетімділігін тексеруге болады HTTP HEAD екі жолмен білуге болады: қазақстандық және шетелдік  IP арқылы. Нәтижесі: біздің сайт тек қана Қазақстан жағынан талап болған кезде ғана қазақстандық  IP арқылы бұғатталады екен. Қазақстаннан тыс жерде орналасқан кез келген IP, сайтты еш проблемасыз аша береді. Қорытындымыз былай:   http://kuresker.org тек қана Қазақстан тұрғындары үшін бұғатталған. Осыларды ескеріп: 

  1. http://kuresker.org  құқық қорғаушы сайт, Қазақстанның азаматтық белсенділерінің құқықтарын қорғауға арналған. 
  2. Қазақстан диктаторлық режимінің тек қана тиым салу әдісімен жұмыс жасайтындығын білеміз. Олар елдегі кез келген азаматтық белсенділікпен тиым салумен ғана күресетін болады. 
  3. құқық қорғау органдары «біздің бұл іске қатысымыз жоқ» деп формальды түрде жауап беріп отыр,  сайтты бұғаттап отырған қылмыстық істерін көрмей отыр. Қорытынды:  құқық қорғау  сайтын бұғаттауды  Қазақстанның диктаторлық режимі жасап отыр. 
  4. Енді орындаушылар туралы 

Қазақстан арқылы сайтты трассировкалау http://kuresker.org

  1. Провайдер  77.74. beeline 
  2. 29.165.1  хост PTR-C01.2day.kz  — Теміртауда орналасқан (провайдер FTTB_Almaty)

person: Dmitriy Gromov
address: 38 Dostik str., Almaty, Kazakhstan
phone: +7 727 2599 000) 

  1. 241.35.181  — хост PTR.CRT.tnsplus.kz – Алматыда орналасқан (провайдерArdager) 

person: Alexey Gromov
address: mkr. Koktem-2, bld. 22
address: KZ
phone: +77273500115 

сайт http://tnsplus.kz/ru/about/

  1. 29.131.28 хост comp131-28.2day.kz  (провайдер ORBITA-PLUS LLP)

person: Alexey Gromov
address: mkr. Koktem-2, bld. 22
address: KZ
phone: +77273500115

  1. 29.131.39 хост comp131-39.2day.kz (провайдер ORBITA-PLUS LLP) 

person: Alexey Gromov
address: mkr. Koktem-2, bld. 22
address: KZ
phone: +77273500115

  1. 208.208.232 хост 195.208.208.232 расположен Москва (провайдер не определен)

person: Elena Voronina
address: 8 Marta Street 1, bld. 12, office XXXV, room 19
address: 127083
address: Moscow
address: RUSSIAN FEDERATION
phone: +7 495 7379296

Трассировка көрсетіп отырғандай  сигналдар әуелі Ресейге барады сосын олар бірнеше провайдерлік компаниялар арқылы, басқарушыларына қайтып келеді: бір ғана фамилия — Громовтар, Дмитрий және Алексей. 

Бұғаттау дегеніміз осы. Бірнеше компаниялардың арасындаға допты «перепасовка» жасаудың мақсаты — жауап күту уақытын барынша созу. Уақыт созылған сайын қателікке ықтимал көп.  Міне, біздің сайтымыздың бұғатталуы осы жолмен жасалып отыр.  Мұндай бейбастық пен заңсыздық ІІМ, ҰҚК-і, немесе прокуратураның басын ауыртпайды. Бұл ақпарат сіздерге, адамдарға арналған, білмедік, білмей қалдық деп айтқысы келетіндерге арналған ақпарат.

Біз бұрынғыдай kuresker.org  Фейсбук парағындамыз. Сайтымыз жұмыс істейді, ақпарат толықтырылуда және қазақстандықтар үшін VPN қолданбасы арқылы қол жетерлік. Оны интернеттен біздің парағымызда тегін жүктеуге болады (біздің «Нұсқаулығымызды» қараңыз).

Біз біргеміз. Бізге біріксек – күштірекпіз.

P.S. Таяуда осы тақырыпқа қатысты, тағы бір оқиға байқаусыз өтті. Ресейлік https://panorama.pub  сайты Қазақстан аумағында, короновируспен «ауырған» елбасының қанынан вакцина шығара бастайды деген айқын фейк ақпаратты жариялағаннан кейін бұғатталған еді…  Және де ескертусіз, наразылық білдірмей, сотсыз, кім құрсағаны да айтылмастан бұғаттап тастады.

Біздің мамандар бұл сайттың бұғатталу жолын тексеріп шықты. О,жарықтық! Үтір-нүктесіне дейін біздің құқыққорғаушы сайтымызды бұғаттайтын жолдың өзі болып шықты.

Бәрі де сол, Громовтар тегіне дейін шыға келді.

Сонымен, біздің сайтымызды бұғаттайтын «тапсырысты» атқарушының жеке басын да анықтауға қолымыз жетті. Бұл жайтты прокуратурадан бастап ҰҚК секілді барлық қызмет орындарына көгілдір жиекті табаққа салып тұрып ұсынамыз.

Көре ме? Ести ме? Бірдеңе қыла ма?

Қалай ойлайсыз?

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.