«…Сотталушы Александр Чекашкин телефон шалып,  Арқалықтағы УК-161/12 мекемесінде болған жайтты хабарлады. Ол Арқалық қаласындағы мекемеде сотталушы әйелді қызметшілердің күн сайын зорлауынан қорғау жолында қоғам назарын аудару үшін өз қарнын өзі жаруға мәжбүр болған…»

«…Тағы бір телефон арқылы хабарлама ОВ-156/1 мекемесіне келген сотталушыларға жасалған қорлау туралы. Оларды СИЗОға келген бойдан тубернауқастармен бірге, масқара жағдайда ұстаған, сотталушылар басқа камераға ауыстыруды сұраса да,  бас тартыпты. Бұдан бұрын бұл сотталушылар түрмедегі қорлау бойынша әрі куәгер, әрі жәбірленуші болған, бірақ қашанғыдай істі жайбарақат жауып тастаған…»

«…ОВ-156/6 мекемесіне жөнелтіліп бара жатқан сотталушы Джавахишвили Шота, Мельниченко Сергей, Шатров Виталий, Буткевич Максимге қатысты ОВ-156\1 мекемесінде (СИЗО) аяусыз қатыгездікпен ұрып-соғу жөнінде де шағым түсті…».

Бұлар құқыққорғаушы Елена Семенованың хабарламасы – қалай шайқасу керек туралы. Ол күн сайын дерлік ана жақтағы тіршілік кешіп жатқандардан түрлі ақпарат ағылып келетіндіктен, соны таратып отырады. Ана жақта – соғыс. Сотталушының құқығы турасында алдыңғы қорғаныс шебінен келетін ақпарат деуге әбден болады, ол шептен әрі ажал ғана бар.

ҚР ІІМ ҚТЖК/КУИС жарықтық сотталушылармен, олардың туыстарымен, құқыққорғаушылармен соғысуда. Елена Семенова болса, өзінің қисық келбетін түзеудің орнына айнаны сындыратын қылықты әбден сіңірген ҚТЖКмен болатын сот ауыртпалығында тұрақты шайқаста. 

«Әділет қызметшілерінің» түрлі қылмыстары турасындағы сусып жатқан ақпаратқа қатысты ҚТЖКның алуан департаментінен берілетін әрбір жауап, жалған ғана емес, әйтеуір құтылуға арналған жазба ғана. ҚТЖКның әрбір жауабы тақырыптан шалғай адамдардың басын қатыруға арналған айла-шарғыдан тұрады. Бұның астарында өз құқықтарын талап еткен сотталушыларға қатысты, «… бұларға қатысты қандай адам құқығы әңгіме болуы мүмкін…?…» деген пиғыл жатыр.

ҚТЖК/КУИС: дуалдың арғы жағында, бұларды сот не үшін соттады, бұл шаруа сіздің кірісетін шаруаңыз емес. Және де сотталушының жеке ісінен алып, бұл ақпаратты таратуға сізде құқық жоқ.

Оның қылған ісі үшін – сот үкім шығарды. Сот оған жаза мен оның мөлшерін,оған қандай қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазаны өтеуі керектігін де кесті. Міне осы мезеттен бастап сендердікі басталады – ҚТЖУ/КУИСлік шаруа: Қылмыстық-атқару кодексі (ҚАК), сотталушының құқығы,міндеттемелері мен оны мекемеде ұстау.

Міне осы алқапта сендерге жұмыс – қыруар. Өйткені – сендер бұл істі бастаған да жоқсыңдар, сондықтан қыруар. Себебі, «абақты өміріндегі» кезкелген тақырып қорлау,әділет мекемелеріндегі погондылардың садистік қылықтары туралы, сотталушылар ішіндегі педофилдер мен зомбышылардан шыққан сендердің есірген көмекшілерің жайында, барлық деңгейлердегі жемқорлар турасында, сендердің жоғары шенді қызметшілеріңнің жиіркенішті әдептері жөнінде және де басқа толып жатқан былықтардан басталып аяқталады.  

Короновирус болса, сендердің алаяқтықтарыңды көктен келтірді, сендердің басқа да былыққан өмірлеріңге қоса, оған қарсы тұру дәрмендеріңнің жоқтығын әшкереледі: түрмеде індеттен сотталушылар (қызметшілер де) жеке бастарын қорғайтын нәрселердің жоқтығын, түрме медпункттері мен ауруханаларында қарапайым дәрі-дәрмек жоқтығын, сотталушылар бұл жағдайда сендердің «арқаларыңда» емес, кездейсоқ аман қалып жатқандығы турасында әйгілейтін видеоматериалдар қосақталған хабарлама жетуде. Олардың ішіндегі өз құқықтары мен денсаулықтарын сақтауды талап ететіндерді сендер қудалап әрі барынша оқшаулап отырсыңдар; осындай жағдайға СУС/ҚЖҰ-да (қатаң жағдайда ұстау) 155/14 мекемесіндегі  саяси тұтқын Әсет Әбішев түсіп отыр. Басқалары да – жетіп артылатын шығар.

Құқыққорғаушы Елена Семеноваға қатысты сот үдерісі, талапарыз мәнінің жоқтығына – ҚР ІІМ КУИС-/ҚТЖК-да ар-ұждан мен абыройдың жоқтығына сәйкес, доғарылуы тиіс.

Дәліздер мен кабинеттерде ар-ұждан болса, біз ҚТЖК-ның төрағасын бірінен соң бірін жерлеген болар едік – олар абыройлары үшін қырылып қалар еді. Олардың көрлеріне қосып, өздеріне харакири мен сэппуку жасаған құралдары катана мен тантоны қоса көмер едік. 

КУИС/ҚТЖК сотта өзінің ар-ұжданын іздестіруде.  Күлкілі.

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.