Сотталушылар мен олардың жақын-жуықтарының құқықтарын тікелей бұзылуға апарып соғатын жайттарды бір тақырыпқа біріктіріп бергелі отырмыз.

Заң қоржындарын сәтсіз «қайта басып шығаруға» дейін, соның ішінде Қылмыстық-атқару кодексі (ҚАК) бар, 2014 жылы (күшіне 2015 жылы енді), ҚР ІІМ КУИС/ҚТЖК жүйесінде сотталушыны өзінің тұрғылықты мекенінен, туыстарынан шалғайға  орнықтыруға негіз болған-ды.  ҚАК болса, үкім анықтаған мекеме тұрғылықты мекенде болған жағдайда жаза өтеуді сол мекемеде белгілеуді мәжбүрледі.

Ал, сотталушыны басқа мекемеге ауыстыру жағдайы барынша нақты көрсетілді, және де ҚАК баптарында аталып өтті. Басқаша айтқанда, сотталушы үкім шыққан бойда, тұрғылықты мекеніне қарай жазасын өтеуге тиіс те, ҚАКта көрсетілген себептер туындағанда ғана басқа мекендегі мекемеге ауысуы керек.

Бастысы, «ескі» ҚАКта болмаған нәрсе болды: ҚТЖК/КУИС үшін тұрғылықты мекендегі мекемеде шектелген сотталушылар санының артықтығына қарай, яғни өз мекенінде қалу турасында  өзгертуге сілтеме жасау мүмкіндігі болмады.

2015 жылдан бастап, жаңа ҚАК-та, ҚТЖК/КУИС үшін арнайы осындай мүмкіндік «қарастырылды», осы жағдай бұл қадағалаушы органдағы қызметшілердің жемқорлығын әбден қоздырып жіберді.  

Шынын айтқанда жаңа ҚАК 2015 жылы ҚТЖК-дағы дүлейлердің тапсырысымен арнайы жазылған еді. Олар заңға бұрын болмаған өздерінің қылмыстық «қызметтеріне» қажет мүмкіндіктерін енгізіп алды.  Сотталушыларды, олардың ар-ұжданын таптайтын жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұлар сотталушылардың абыройын таптайтын, ІІМ бұйрықтарына деген  ҚТЖК/КУИС тарапынан жасалатын «оңды-солды» түсіндірмелерді заңмен бекітіп алды. 2015 жылға дейінгі бұйрықтарда, арнайы осындай норманың жоқтығын келтіріп, талай шайқасып, жеке өз басымды қорғағам (авт. – Владимир Козлов); Мәселен – «бөрікті мыжу» міндеттемесі мен қызметшілер алдында тұмсықты көкке қарата «қақайып» тұру… Осы қорлауға көнбеген Макс Боқаев «жаңа» ҚАК бойынша жазаға тартылды.

ҚАКта жаңа нормалардың енгізілуі, өз мекеніндегі мекемеде «перелимиттен» —  шектеулі саннан артылған жазаланушы ретінде сотталушыны тұрғылықты мекеннен мыңдаған шақырымға аластауға жол ашты, бұл жүздеген жемқорлық жағдайды туындатуда. Өз мекенінде қалуға тырысатын сотталушы мен оның туыстары пара беріп қалуға мүдделі екені мәлім…

Менің жағдайымда, Ақтауда, маған 50 000 долларға Алматы облысы, Заречныйдағы «орын» ұсынылды, бірақ бұл нағыз «лохотрон» болатын, өйткені ол кезде нағыз «майлылар» үшін бұл орын бар-жоғы 5000 «өлі Америка президенттерінің суреттері» тұратын. Бұл тіпті, екі есе «лохотрон» еді,  себебі, менің жайымды ҚТЖК ғана емес, ҰҚК қадағалады, және бұндай мәселе шешу тіпті де мүмкін емес болатын.

Мені Петропавлға жөнелткеннен кейін, 2012 жылы маған,тіпті ҚАК болмай тұрғанда, әлгі қырсық «перелимитті» — мекендегі есептелген шекті өзгерту бойынша, туыстарым, құқыққорғаушылар мен Европарламент  депутаттары тарапынан қыруар қысым жасап,үш жыл бойы мені отбасымның тұрғылықты мекеніне, Петропавлдың Заречныйынан Алматы облысының Заречныйына   ауыстыру үшін 4 рет тырыстық.

Прокуратурамен тікелей қадағаланатын ҚТЖК/КУИСтың тұйықтығы, бұндай «перелимиттің» нақты бар екенін анықтауға мүмкіндік бермейді.  Бұл әйгілі «перелимит» — тұрақты қатып қалған нәрсе емес, өйткені, түрмеде ылғи да келім-кетім тұрақты, сотталушылар босап жатады, басқа мекемеге ауысып жатады және бұл күнделікті шаруа. Демек мекемеде де орын босайды…

ҚАК талаптарын орындау үшін ҚТЖК, сотталушының туыстарымен байланысып, әлеуметтік оңды жағдай жасау үшін, «күту тізімін» түзсе жетіп жатыр, бірнеше күн ішінде ешкімді талықсытпай-ақ жаңа сотталушыға орын табылатыны сөзсіз. Бұл жайтты оңай тексеруге де болады – апта сайын жаңа сотталушы ол мекемеге барып жатса, онда «орын жоқ — перелимит»  деген  бос сылтау деген сөз. Бұның бәрі — қасақана түрде жасалған жемқорлық әмияны.

Мына видеода өз жағдайын сипаттаған сотталушыны, өзінің тұрғылықты мекені Тараздан Солтүстікке жөнелткен. Ол жазасын өтеу барысында, оңды екінші дәреже баға алған, бұл оның «түзелу жолына түсті» дегенді білдіреді.

ҚАК сотталушының қылығын бағалауда үш теріс, «нөлдік» және төрт оңды баға қарастырған. «Екінші оңды баға» алу, сотталушы екі жылдан астам мерзімде жазаға тартылмағанын, бірақ екіден кем мадағы болғанын білдіреді; салыстыру үшін – менде ешқашан да бірінші оңды баға болған емес, өзімнің ұзақ жаза өтеу мерзімімді мен үш теріс бағамен бітірдім, яғни режимді «қасақана бұзушы» мәртебесінде болдым.

Мына видеоны жазған сотталушы, шамасы, «оператив ойластыру» аталатын шешіммен жанұясының тұрғылықты мекенінен алысқа жөнелтілген.  Бұндай жағдай, сотталушы жазаға тартуға бой бермей, бірақ барлық құқықты сақтауды талап еткен жағдайда, қадағалаушы прокурорларды «мазалағандықтан» орын алады. Ондайда, оның жеке ісіне қандай да бір опердің рапорты тігіледі де, мекеме басшысы қол қойып, «оперативтік себеп» деген сылтау басылады. ҚТЖК болса, арнайы наряд жазып береді – болды…   Бұл сауалдар әдетте «майлап шешіледі», бұл — «оперлік нан», ал мына жігіттің жағдайы бұған келіспей қалған.

ҚАК/қылмыстық-атқару кодексі — «қамашауға» алынған, құр сөзді, бастысы – әшекей кодекс. Бұның негізгі және басқы баптарында – адамның ар-ұжданын таптамау, азаптамау, денсаулық құқығы, әлеуметтік байланыстың оңдылығын сақтау, сотталушының әлеуметтік жаңа ортаға бейімделуіне жағдай жасау – бұлардың бәрі күнделікті бұзылып жатыр әрі оған ешкім мән беріп жатқан жоқ. 

КУИС/ҚТЖК – ІІМ-дегі ең жемқор бөлім, жылдар бойы бюджетті «ойсыратып» келеді, және де жоғарыдағыларға «таңба соқтырады», ал қапталдағыларға – прокуратура мен соттарға өз үлестерін беріп отырады.

Қарапайым арифметика: әрбір сотталушыға/тергелушіге жылына 800 000 теңге бөлінеді. Бұлардың саны кәзір – 40 000 адам.Көбейтіп, доллар бағамына бөліңіз… Оларды тамақ сапасы туралы ресми хабарламамен, барлық жөндеу жұмыстарының сотталушылар күшімен жасалатынын салғастырыңыз…   Бұлар тек сотталушыларды ұстауға жұмсалады, ал енді мекемелерге кететін қаржы өз алдына, ал жазасын өтеушілерден «комфорт» пен «тезірек үйге» үшін  құйылатын соманы есептемегенде… Бұл контордың ешқашан «суға батпайтындығы» да осының астарында жатыр.

P.S. «Жаңалық жолына»: біздің алдыңғы жарияланымдарымыздың кейіпкері, әлгі Павлодар ДУИС бастығы Молдажанов турасында ақпар келді (сілтемелерді қараңыз: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=154706206214253&id=108893537462187&__tn__=K-R ; және https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=155461016138772&id=108893537462187&__tn__=K-R ), өз қызметіне кірісіпті. Өзі уәде бергендей. Жеке бас қауіпсіздігі басқармасы (ЖекБасқау) тексерген, қызмет орнында мас болуды жария еткен, КУИС қызметшілерін тарақандай «тырағайлатқан» оқиға – тиісінше ешбір санкциясыз, шара қолданусыз өте шыққан … ЖекБасқау-дың осындай «жаңсақтығы» орын алыпты. Енді «індері мен қуыстарына» кіргендер сүттен ақ, судан таза. Оқиға осылай бітті…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.