Таяуда ғана Денсауминнің жаңа министрі Алексей Цойдың берген тәжвирус туралы хабарламаны 10 пайыздан асырмау турасындағы нұсқауы әлеужеліні жарды.   Әрине, Денсау министріне жарайтын нұсқау болар. Өйткені, бұл тақырыпқа деген хабарлама шынайылыққа жақын, бұл тақырыптың ойдағыдай теңгерімін алу үшін шынында да бірдеңені ауыстыру керектігі анық.

Алайда, шенділер әлемінде бәрі де басқаша түзіледі ғой. Желіде әуелі кейбір блогерлер тарапынан «бәрі құрып жатқан жоқ» дегендей  «жігерлі» хабарламалар пайда бола бастады, сосын – «ресми хабарламалар» толқыны лап қойды – бақсақ:

— ауруханаларда орта және кіші медқызметкер  тапшылығы атымен жоқ екен;

— ауруханаларда бос орын жетіп артылады;

— ИВЛ аппаратының тапшылығы жоқ;

— ауруханаларда қажеттің бәрі бар;

— біздің шенділер Ресеймен вакцина алу турасында келісіміге келіпті (әлемде әлі күнге оның ресми қарасы көрінген емес)…

«Мәжбүрлі жігерді» одан әрі тізе беруге болады, бірақ оның бәрі оқып шығуға кететін уақытқа тұрмайды. Қазақстан шақырған ДСҰ-ның шенгері келтірген бұлыңғыр-оптимистік пікір турасында да, статистикаға қатысты да – неге екені белгісіз – вирустың кесірінен болатын пневмония өлімдеріне 2020ж 1 тамызға дейін болса, қоспау  секілді жайттарды бөле жара ескерте кетуге болады. Сонда 1 тамызға дейін ол – короновирус емес, одан кейін – иә ме?.. Логика іздеп керек емес, бұндай шешімдерді бұл сөздерді ұқпайтын адамдар ғана қабылдайды.

Бұл жария етілуге лайық нәрсе, өйткені – жалған. Қасақана әрі арамза өтірік. Кейбір жіптері шындықпен әдіптеліп, өтірікпен өрілген жалған. Бұл — жалғандардың ішіндегі ең қатерлісі. Қоғамдағы билікке, өздерін адам атайтындарға деген сенімсіздікті дәл осындай өтірік өрістетті.

Біз енді министрдің орынбасары болып жүргендегісі мен оның министр болғаннан кейінгісінің айырмасы бар деп күтуге болмайтынын долбармен ұғамыз. Оған дейінгі оның ізашарлары секілді, ол да өтірікті соғатын болады.

Бес жасар қыздың зорлануы туралы істі, өздерінің жиіркенішті «футболдарына» қосып, бұған дейін талай істегендеріндей полиция сөзбұйдаға салуы мүмкін екенін нақты айта аламыз – сол себепті түнде Сәтпаевта педофилді өздері соттауды талап еткен адамдар полицейлерге тас пен таяқ лақтырысты.

Сол себепті де полицей зорлаған Балқаш қаласындағы 14 жасар қыздың туыстары әлеужеліден бүгін көмек сұрауда. Ал әлгі полициясы бар сол Балқашта,олар өз қызметкеріне қылмыстық іс қозғай алмайтынын айтып іске жол бермеуде, полицей әділетсіздігінен әбден қажыған адамдарды түрлі инстанцияларға «футболдатуда»…

Астананың тап іргесіндегі Талапкерде, полиция контртеррорлық операция кезіндегідей алды да, интернет пен мобилдік байланысты басып тастады. Себеп: полиция бөлімінде өлтірілген Дулат Ағаділовтің жақтас адамдары, белсенді азаматтар мен достары асарлатып салынған оның үйіне жиналып,  жаназа асқа жиналған еді… Бұның бәрі жиналып келгенде өздерін адам санайтын біздің биліктің қорқаулығына деген жыйнағына түсетін «олжа». 

Биліктің жаппай жалған келбеті, оны азаматтық қоғаммен арадағы қатынасын быт-шыт етіп,адамдардың құқығы мен бостандығын желеу ететін заңды оппозицияны – жалған насихат алмастырады… бұндай өтірік жаппай өшпенділік тұтатады.

Өшпенділік деген – әлемтапырық пен қан. Басқа бермесін.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.