«…155/12 мекемесінде кәрі педофил бір жыл бойы ақыл-есі кемтар жазаланушыны зорлап келген… гаремде осымен Жеке бас қауіпсіздігінің құзырымен екінші іс жабылды және де ешкімге де қылмыстық іс ашылмаған… Толық безбүйректік. Джалали мардалиевич деген кәрі педофил, балаң Айбекті…»

Бұл Алматы облысы Заречный түрмесінен келген хабар. Учреждение 155/12 мекемесі ҚР ІІМ КУИС/ҚТЖК-не қарайды (Қылмыстық-түзеу жүйесінің комитеті – ҚТЖК).

Мәтінге қарағанда, түрмеде жылдар бойы отырған сотталушы, «кәрі педофил Джалали Мардалиевич» ұзақ уақыт бойы ақыл-есі кемі басқа жас сотталушыны сексуалдық сипатта қылмыстық жолмен зорлап келген.

Абақтыда оперлердің қаптаған тыңшылары, түрткештері/стукач мен «түрмешіктері/кумдары» бар. Бұлар кезінде «өмірден бақыт тапқың келсе, опербөлім есігін түрт» формуласымен тірлік етуге бет бұрғандар. Олар жазаланушы ортада жүріп, әркімді айдиды, «екі жақтан да сөз тереді», бірақ олардың көпшілігі белгісіз.

Оперлер болса, солардың жәрдемімен тіпті «смотряга/қарауықтан» да артық біліп отырады. Әсіресе – түрмеде болатын «қирату/ломка» науқанынан кейін, барлық «іскерлерді» не «байлап тастайды», не басқа түрмеге қуады.

Оперлер жоғарыда болған қылмысты әуелден-ақ білген болар.  Бірақ – «толық безбүйректік»… Бұл хабарға дейін-ақ «кәрі педофилді» опербөлімге «сүйреп», шамасы «түрткештеуге» мәжбүр еткен. Бұлар тырп ете алмайды.  Бұлар, егер де «менттердің ойқастауына төтеп берсе», яғни анықтау барысында сені біреу аяқтан шалмаған болса, және де сен оны істемесең (ондайлар талай болады),  ішкі тәртібі бар түрмедегі орның не «гаремде», не «карабаста» — шелек пен жуғышы бар бұрышта.  Болмаса – «ешкі қорада/козлятникте», өйткені осылардан нағыз «әкімшілік жәрдемшілерінің» кастасы құрылады, бұларды «ешкі» атайды.

Мәтінге қарасақ, ахуал қалай болғанда да «ширыққан». Бірқалыпты түрмелерде, бұндай жағдайда, қалыптасқан ғұрыппен орныққан стандарт жоралғы өтеді, бұған да куә болғанбыз (авт.- Владимир Козлов).

Бір күні ахуал былай «ышқынды», бұған дейін өзі жас сотталушы «алғы қадамға» лайық міндетін атқарып жүрген, өзінің «бойфрендін» басқа сотталушыдан қызғанып, «нағыз әйелше» кірісті – «ортақ үйге» келіп, бәріне бәрін жайып салды…  Ойдағыдай «әңгімеден» кейін екеуін де бұттағы қаптаған «қамшылар» айырып тастап, «гаремге тықты».

155/12 мекемесінен келген «кәрі педофил Джалали Мардалиевич» шамасы «түрмешік/кумшы» болған, себебі, оған «қауіпсіз орынға тығылуға» мүмкіндік берген. Басқаша айтқанда, ол әкімшілікке жазбаша түрде өз басына төнген қауіп жөнінде арыз берген, сосын оперлер оны жалғыз қамап қойған; ал оны зорлағанды «гаремге» лайықтаған. Енді оның өмірі әрбір «жүріс» сайын осылай…  

Аталмыш осы  155/12 мекеме, жуырда ғана «жолдастар үйіріне» қосылып, құқыққорғаушы  Елена Семеноваға қарсы  сотқа арыз берген. Тақырып та сол болар:  «жалған мәлімет тарату мен ар-ұждан қорғау».

Жуырда ғана КУИСтің удай мас  «ірі мүйізді» қызметкерлері Павлодарда «мекемеден» түн ортасында тарақанша бауырларымен жорғалай тырағайлап қашып, Жеке бас қауіпсіздігінен… Ал Заречныйда біресе – адам өлу, біресе, адам қорлау, енді міне —  педофил – «түрмешік/кумовка»… Бұл қылмыстар турасында бір де бір іс, не жарияланған ақпарат жоқ. Үн жоқ, себебі, қазықтай қақайып тұрмыз ба, қалай?

ҚТЖК/КУИС, ІІМ – бұндағы погон таққан жілік сындырғыштарда ар-ұждан қайдан болады?

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.