Жуырда ғана біз былай жазғанбыз: «…2020 жыл 17 шілдеде, сағат 23:30 шамасында,  Павлодарда, Павлодар облысы бойынша ЖҚБ (Жеке бас қауірсіздігінің басқармасы) ПД (полиция департаменті), ДУИСтің біршама жоғары шенді қызметшілерін: ДУИС бастығы Т.А.Молдажановтың, оның тәртіп пен шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары  Т.С. Көнекбаевтың, АП162/2 мекемесінің бастығы  Е.А.Онбаевтың, оның емдеу-алдын алу жұмысы бойынша орынбасары Б.Б.Смағұловтың, АП 162/1 мекемесі бастығының  тәртіп пен шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары А.А. Иманғалиевтың қылмыстарын «анықтады»…»

Енді бұл оқиға одан әрі жалғасуда, және бұрынғыдан да қызығырақ. Кім де кім бұл қызықтың басын оқымаса, (сілтемені қарасын), оқып шыққаны жөн, өйткені бұның екінші бөлігі бірінші оқиғаның жалғасы. Сонымен:

— бақсақ, Павлодар облысы бойынша ДУИС бастығы келесі күні мынаны хабарлапты: «…бұл жайт бойынша оған жәрдемдескен аса ықпалды кісілер бар және олар бұны жазаға тартудан құтқарады, өйткені, ол КУИС төрағасымен өте жақсы қатынаста және де шынында да ол  жауапкершіліктен толық құтылыпты, яғни ҚР ІІМ-нің Жеке бас қауіпсіздігі басқармасының (ЖБҚ) бастығымен мәселесін шешіп алған…» (цитата);

— бақсақ, бұл рас болып шықты, себебі «…бұл жайт бойынша істі қарау КУИС-ке қарасты ЖҚБ қызметкеріне жіберілген, ол болса, қызметтік тергеу барысында түсініктемені қалай жазу керектігін көрсетіп жаздырыпты…» (цитата);

— бақсақ, «ЖҚБ-мен кейінірек» жасалған келісім бойынша, 17.7.2020 күні тіркелген  жайт тіпті де олай болмапты, басқаша болған, (түрегеліп тұрсаңыз, талып қаларсыз, отырыңыз): «…АП-162/2 мекемесіне дастарқан жайылып, оған зейнеткерлер шақырылыпты да (КУИС пен мекеме басшыларының сөзіне қарағанда), ішімдік болған, бірақ ДУИС пен басқа мекеме басшылары ішімдік ішпеген…» (цитата).

Басқаша айтқанда, түрлі калибрлі «қожайындар», «түрмешілер», «түрмешікшілер», бұларға жабысқан қуыс кеуделерден құралған погонды тобыр зейнеткерлерге құрмет көрсетіп, түн ортасына дейін қызмет кабинетінде қарттардың көңілін көтеріп, тақпақ оқып, қол шапалақтап, зейнеткерлермен хоровод айналып, «… мырқымбай туған күнге тоқаш нан қалай пісірдік…» әніне басқан. Бұл кезде өздері ауыздарына бір тамшы да «апармаған», еріндеріне бір сантиметр де арам су жақындатпаған…

Алайда, бұларды ұстау кезінде мас зейнеткер мүлдем болмапты. Бірақ оларды қызмет көлігімен үйлеріне жеткізген болар, ал өздері қалып –  кабинетті жинап, ыдыс жуып дегендей, қалған торттан бір біріне асату жасап…

Хабарламаға қарасақ, бұл күні әлгі «жолдастар үйірі» «ЖҚБ қызметкері Р.Матеновтың туған күнін» тойлаған» (цитата)…

— бақсақ, олардың «тарақанша тырағайы», былай болған: «…Т.А.Молдажанов, ЖҚБ қызметкерлерінің көмегімен атыса жүріп қашқан, ол күтіп тұрған айдаушысы бар машинаға секіріп мінген де, аумақтан шапшаң жылдамдықпен құтылып кеткен…  жоғарыда аталған басқа шенді қызметкерлер жан-жаққа бытырай қашып, жасырынған… қашу мүмкіндігі болмағасын, мекеме әкімшілігінің ғимаратына қайта кіріп,  дәретханаға «қамалған»… мастық тексеруге көрінуден…» —  ЖҚБ қызметкерлерінің адамдық қасиеттерінің төмендігіне «түңіліп», «адам абыройын» аяқасты еткен оларға наразылық ретінде ренжіп бас тартқан;

— бақсақ, погонды кісілердің ашықтан ашық өтірігіне дәлел бар: «…Павлодар облысы ПД ЖҚБ қызметкерлерінде (арнайы хабарламада көрсетілген) видеожазба бар, АП-162/2 мекемесінің аумағында қондырылған камерадан жазба Департаментке жеткізілетіндей тартылған, бәрін де тексеруге болады екен, әрине жемқорлықпен жазбаны кеміріп тастамаса, жүйеде бұзылыс болды деген желеумен 2020 ж 17 шілдедегі жазбаны жойып жібермесе,  тағы бірдеңе болып қалмаса…» (цитата).

Бізге жеткен арызда, ДУИС бастығы Молдажановқа қатысты басқа да жайттар бар:

— «…Шығыс Қазақстан облысы бойынша ДУИС бастығы бола жүріп Т.А.Молдажанов 7 жыл бойы қылмыспен де, жемқорлықпен де айналысқан…» (цитата);

— « Павлодар облысына келген ол, қызметкерлерді белгілі бір сомаға тағайындауды жалғастырды, сондай-ақ ШҚО-дағы өз адамдарын  әкеліп, мысалы АП-162/4 мекемесіне бастық етті… » (цитата);

— «…қылмысты істерін жалғастыру үшін өз адамдарын қызметке тағайындап, сотталғандар арасында орын алған жаппай дене жарақаттарын жасырып, олардың арыздарын жеткізбеу, сотталғандардың туыстарымен тыйым салынған қатынас жасау …» (цитата»;

— «…Президент аппаратындағы, ІІМ,КУИС,ҰҚКД,ПД сияқты алуан органдардағы ықпалды адамдарды  пайдаланып, сенімді түрде айтқандай, өзінің байланыстарының арқасында көптеген қылмыстан құтылған…» (цитата);

— «…Павлодар облысында біржарым жыл жұмыс істеген ол жеке көлік ауыстырып үлгерген (Тайота Ланд Крузер 205 автокөлігін алған)…» (цитата);

         «…Қазақстан Республикасы Ішкі істер министріне    Құрметті Ерлан Заманбекұлы! Аса құрметті Министр…» (цитата) деп жазылған арыз өз адресатына жететін болар. Арызданушылар «аса құрметті» министрден  «… облыстағы барлық қылмыстық-атқару жүйесінің басшысы ретінде, Т.А.Молдажановқа лайық шара қолдануды …» (цитата») сұрайды, сонымен бірге «аса құрметті» министрге   «…заңға сәйкес шара қолданылмаған жағдайда, біз мемлекет басшысына шығуға мәжбүр боламыз…» (цитата») деп хабарлайды; бірақ қай «мемлекет басшысына» шығатынын көрсетпепті.

Өз тарапымыздан біз, Қазақстанның ішкі істер министріне деген авторлар келтірген құрметті де, министрдің де, «мемлекет басшысының» да өз қолдарымен құрған жүйеге қандай да бір өзгеріс жасауға деген үмітті бөлісе алмаймыз.

Бұл үшін негіз де жоқ және болмайды да, егер де бас бостандығынан айыру орындарынан күнделікті ағылған осындай хабарламаны алып отырса — олар, мына видеодағы жазбадай…

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.