2020 жыл 17 шілдеде, сағат 23:30 шамасында,  Павлодарда, Павлодар облысы бойынша ЖҚБ (Жеке бас қауірсіздігінің басқармасы) ПД (полиция департаменті), ДУИСтің біршама жоғары шенді қызметшілерін: ДУИС бастығы Т.А.Молдажановтың, оның тәртіп пен шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары  Т.С. Көнекбаевтың, АП162/2 мекемесінің бастығы  Е.А.Онбаевтың, оның емдеу-алдын алу жұмысы бойынша орынбасары Б.Б.Смағұловтың, АП 162/1 мекемесі бастығының  тәртіп пен шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары А.А. Иманғалиевтың қылмыстарын «анықтады».

Бұл ресми құжаттағы хабарламалар. Онда одан да езутартарлық басқасы да бар. Павлодар облысы бойынша «қожайындардың қожайыны», сотталғандардың басты бастығы, Т.А.Молдажанов, ЖҚБ (Жеке бас қауірсіздігінің басқармасы) арқылы атыса отырып, қара үзген; өзін күткен авто айдаушысының көлігіне мініп, «аса шапшаң жылдамдықпен», құжатта жазылғандай, қылмыс анықтау орнынан қашып құтылған.

Әлгі құжатта, «басқа жоғары шенді қызметшілер жан-жаққа бытырай қашып, жасырынып үлгерген». Т.С.Көнекбаев, шамасы қашып құтылу мүмкіндігі болмағасын, мекеменің әкімшілігіне барып, дәретханада «тығылған»…  Ол жерде ол 10 минуттай болып, мекеменің аумағына жасырынып қалғысы келеді, бірақ ұсталып қалады… Мастық белгісін анықтау үшін дәрігерлік куәландырудан бас тартады…

Бұл – ҚР ІІМ КУИС жағдайының апаттық ахуалдағы жағдайын айғақтайтын бұлтартпас көрініс. Аталған қызметшілер — Павлодар облысына қарасты Департамент пен мекемелердің бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары.

Бұлар – погондарында ірі жұлдыздары бадырайған офицерлер. Бұлар — мемлекет соттап, жазаларын өтеуге жіберілген мыңдаған адамдардың тағдырларын тәлкек ететін «қожайындар», «түрмешілер».

Сотталғандарды айыптап, қылмысты атағанда, бұлардың сөздеріне ешбір дәлелсіз-ақ, соттаушы төрешілер көзді жұмып сене береді.

Жасырынғыш, қашқыш, дәретханада тығылғыш осылар, сотталғандарды «түзетіп», оларды «тәрбиелейді».

«Тінту шараларын» жүргізуді осылар басқарады, бұларға жауап бере алмайтындарды езгілеп, аяққа таптап, қорлайтын шараларды осылардың пәрмені жүргізеді.

Осы погонды мас тобыр абақты «қожайыны» Онбаевтың кабинетінен 23:30 сағатта  шықпас бұрын, түрме қосынында араққа тойып алып, «думандатпағандарына» кім кепіл?

 

Бұлар өздерінің қара қамалдарының арғы жағында қанаттарын керіп, жерден көтеріліп, бәрінің үстінде самғап жүретіні сөзсіз…

ДИЗО, СУС барактарында бұлар жазаланушыларға айқай салып, бастарын кіртүбектің/унитаздың ұңғысына тыққыштап, сотталғандарын бетке басып, «бір үйім боқ» екенін айтып, лас тесікке сумен бірге ағызып жіберетінін дайдайсып айқайлайды… Бұлар погонды мас тобыр, аппақ қолғаптарын шешіп,  (өз көзіммен көрдім – авт.Владимир Козлов), бұрышта ессіз жатқан сотталушыға «сөздерін сүйектен өткізе» түсіндірген болады, олардың осындай «тәрбиесінен» кейін, түрменің «қирату» кезінде, бұларға сотталғандардың қаншасын болса да «табиғи өлім» ретінде есептен шығаруға ырықты беріп қойған: «…маған Президент рұқсат етіп қойды, естисің бе, сұмырай?!!…» деп шыңғырады…

 

«Адам құқығы» деген сөз тіркесі бұрмаланбайтын елде, мынадай бір жүйенің жоғары шенді мас тобырының қызмет бабындағы қылмысын «анықтау»  ішкі істер министрінің лауазымнан кетуімен шектелмес еді.  Бұның соңынан бүкіл жүйенің қатаң түрде қадағалау мен «сөздері» шындық ретінде қабылданған талай жазаланушыға қатысты бүкіл сот шешімдерін қайта қарауға әкеліп соғар еді. 

 

ІІМ, КУИС басшылары – сенің қойғандарың. Сенің қызметшілерің, оларға өзің мінездеме бергенсің. Өзің де осындай болғансың, әйтпесе, жоғарыға сатылап өспес едің. Сол себепті өзің секілділерді қолдайсың.

 

Сенің уақытың таусылды, сенің жүйең шіріді. Сенің пойызың кетіп барады, ал ұшақтарда сен үшін орын жоқ. Сенің уақытың келді.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.