«КазТАГ – Адам құқығы жолындағы әлемге мәлім белсенді — Оңтүстік Африка респубикасының тұңғыш президенті Нельсон Манделаны құрметтеу күнінде халықаралық Stand As My Witness («Менің күәгерім бол») науқанының тұлғасы болып қазақстандық белсенді азаматша Әсия Төлесова таңдалды»-  деп Жаһандық белсенділер альянсы мен CIVICUS  азаматтық қоғам ұйымдары хабарлады.

Көптеген жылдар бойы Назарбаевты Нобель сыйлығын алу лауреаттығына диктаторлық жағымпаздар тыққыштаумен жүргенде, Қазақстанның азаматтық наразы белсенділері  әлемдік құқыққорғау науқандарына жиі-жиі таңдалуда.  

Бұл дегеніміз – біздің еліміз адам құқықтары қаралатын салада «анти-лидер» ретінде жиі таныла бастағанын көрсетеді және де біздің белсенді азаматтарымыз әлемде, құқық үшін күресте барынша беріктігін байқатуда. 

Беларус пен Ресейдегі диктатураға қарсы наразы азаматтардың бой көрсету аясында Қазақстан белсенімі мейлінше бәсең көрінеді. Бұған деген себептер бар, бірақ ол көп айтылатын ұлттық ментәлге қатысты емес.  

Қазақ диктатурасы әлдеқайда барынша жүйелі және өз амандығы жолында екі ережені мұқият ұстанады.

Бірінші ереже – президент сайлауында нағыз кандидат болу ықтималдығы басым, алуан сапасы бойынша көпшілікке лидер болатын, наразы жандардың қарсылығын басқарып, оларды біріктіретін тұлғаның көзін жою. Әсіресе, аса айбынды наразылықты ұжымдастыруға жарайтын қаржылай ресурстары жеткілікті адамды жолдан аластау. Бұл ереже тоқсанынша жылдардың соңынан бері өз күшінде. Бұндай тұлғалар не қаза табады, не бас сауғалап шетелге кетуге мәжбүр болады.

Қажыгелдин, Әблязов, Жақиянов, Нұрқаділов, Сәрсенбаев… Бұларға түрлі көзқараспен қарауға болар, баға беруге болар, бірақ бұлар өз жақтастары да бар, ықпалы мен мүмкіндіктері де зор тұлғалар еді. Бұлар тарихта кімді «қырқып тастау керек» кезіне дөп келген және мейлінше қаталдықпен де, қатыгездікпен де әлгі ереженің күші қолданылған тұлғалар болды.

Екінші ереже, ығыстырып шығаруға бағытталған диктатураның атқаратын шарасы: азаматтарға кез келген наразы одақтарға нақты бірігуге мүмкіндік бермеу. Бұл ереженің мәні қарапайым: наразы топтардың бірлестігі диктатурадан күштірек бола алады, өйткені диктатуралық режим тұсында наразы жандар өте көп,оның саны дамуға негіз бен әлеуеті жоқ диктатор мен диктатураның қартаюына – наразылық күн санап артуда.  

Бұл ережені жүзеге асыру үшін, екі мыңыншы жылдар басында, ұлттық заңдама осындай бірлестіктерге деген мүмкіндіктерді жүйелі түрде нашарлатты, ақырында бірігу мүмкіндігін қалдырмайтын ахуал орнатты. 

Соңғы кездері қолға алған кіші президент Тоқаевтың азаматтық қоғамға реформа жасауға бағытталған негізгі заңдарға  «демократиялық» реформасы, бұл жағдайда ештеңе өзгерте алмады, бұны елдегі адам құқықтарының барған сайын құлдырай түскендігі, әсіресе – тәжтажал індетіне қатысты күресте анық байқалды. 

Бұның буы бұрқыраған дәлелі — Әсия Төлесованың әлемдегі адам құқығы бойынша халықаралық науқанның келбеті есебінде таңдалған алты адамның біреуі болу көрінісі.

Егер де Беларуста, Ресейде, Қырғызстанда, наразы азаматтар одақтар мен партияларға біріге алатын мүмкіндіктері болса, Қазақстанда бұндай тірі ұйымдар болмаған тұста, тіпті наразылықтың қандай  тақырып екендігіне қарамастан,  виртуал бірлестіктерді де, жекелеген азаматтық белсенділердің де, полиция мен арнайы қызметтер соңына түсуде.  

«Qaharman Kz» қорының хабарлауына қарағанда, белсенді азаматтар Абзал Қаналиев, Айжан Ысмақова, Ұлболсын Тұрдиева, Жаңыл Мырзабаева, Балжан Жаңаш, Айжан Ысмақова (Ақтау), Айтбай Әлиев, Алия Орашева, Асхат Жексебаев (Қызылорда), Жеңіс Әкімов (Жаңаөзен), Айдар Сыздықов, Аспандияр Молдағаинов (Орал), Алтынай Тоқсиықова, Асылхан Жаубатыров, Әлібек Молдин, Роза Бекешева, Гулнәр Бекешева, Ғалия Әминова, Фариза Кемешова, Асқар Қаласов, Айнагүл Төбетова, Жанна Есмұрзаева, Бауыржан Сарқұлов (Ақтөбе), Аня Шукеева (Астана)– бұлар 2020 жылдың 13-15 шілде аралығында полицейлер тарапынан түрлі қысымға ұшырағандар. Әсіресе соңғы кездері полицей мен арнайы қызмет тарапынан билік тарапына айтылған індетке қатысты жария сын мен наразылықтар үшін жұрттың соңына түсуде, мысалы: аурудың жайылуы, өлімнің көбеюі, дәрі мен ауруханалардағы орынның тапшылығы, жаппай өтірік пен жемқорлық турасындағы ашына айтылған жайттар…  

Оппозияцияның лидерлерінің бірін жоқ қылып, енді бірін қуғындап, олардың мейлінше ізбасарларын абақтыға тоғытып, бейбіт түрде азаматтық наразылық жақтастарын біріктіретін заңдаманы құртып, Назарбаевтың диктаторлық режимі енді Тоқаевтың қолымен, жекелеген белсенділерді жойғылау арқылы бейбіт наразы әлеуетті түбімен құртуға кірісті.

Екі мыңыншы жылдың ортасында Қазақстан оппозициясы диктаторлық режимге заңды әрі бейбіт оппозицияны қудалау мен жою, олармен күресте барлық күшті іске қосу, саяси алаңда «босалқы кеңіс» пайда болып, ол орынды бейбіт тактикадан жұрдай әпербақан топтардың басып алып, өз мақсаттарына ұмтылатынын нұсқаған еді. Ақырында — бұл жылдар  лаңкестік науқандарға толы көптеген ошақтардың пайда болуына әкеп соқты.

Кәзіргі кезде бұрынғыдан да жаппай «тазарту» жүріп жатыр, енді бейбіт наразылық жақтастарын ғана емес,өзгеше ойлау, тіпті өзгеше ойлайтындардан құтылу қолға алынуда. Шамасы – болашақта қолайлы болу үшін, «қытай үлгісі» орнығатын секілді… екі президент те «аспанастының» айтулы достары ғой…

Құқық күшін құрту міндетті түрде күштеу құқығына әкеліп соғады.  

Бұның соңы неге әкелетінін аңдауға ғана болар.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.