Түрмеге сақшылар оқуын жаңа бітірген сары ауыздарды қалайша «өздерінікі» ететінін білесіз бе? Жас лейтенанттарды болашақ «бетонбет» етуді?..

Мен бұны өз көзіммен(авт. – Владимир Козлов)  қадағаладым.

Бұл «жүз үшінші» (155/14 мекеме, Заречный кенті, Алматы облысы) абақты қосынындағы рух сындырудың бас кезі еді. Барлық жазаланушыларды баракқа қамап жатты, бірақ мен барактың басқа жағындағы клубта орналасқан кітапханада жөндеу жүріп жатты да, сонда көмектесіп жүргем.   Шамасы бізді ұмыт қалдырса керек, маған бұл көріністі қарауға сондай мүмкіндік болды…

Уақытша бұл орынжайдың терезесі плацқа қарайтын. Плацқа «жалпы үйдегілерді», яғни баракта тұратын «қараушыларды», «іскерлерді», «іс басындағыларды», басқа да түрме «элитасын» қуып шықты;  мен де «жалпы үйде» бірқатар уақыт тұрғам…

Сотталғандарды оперлер мен әскеришілдер – бақылаушылар бәрін «кортқа» жатқызды, корт деген… яғни тұмсықтарын жер сыздырып, қолдарын желкеге қойдыру. Бұл адамды кемсітетін поза ғана емес, денеге өте ауыр соғады. Бірнеше минуттан соң қол, аяқ, арқа ұйым қалады, мыйға қан құйыла бастайды, тыныс алу ауырлайды… Абақты тінту («шмон») кезінде адамдарды сағаттап осылай ұстайды… қозғалсаң бітті – бүйіріңе, арқаңа, басыңа етік жауады…

Осылай отырған адамдарға жаңа келген үш лейтенантшықтарды алып келді, ал олар соғуды бастады… Оперлер болса, осының бәрін үш камераға түсіруде. Кейде осындай видеотүсірімдер — қалайша сыртқа шығып жатады деп ойлайсыз.  Жас қызметшілердің бұл қылмыстық видеоматериалдары олардың одан арғы бағынышты жағдайларына негіз болмақ.  Бұл компромат «қоймасы» толыға береді…

КУИС-тың әрбір қызметшісі мынаны жақсы біледі – дұрысы, не айтса, соған көну керек, ауызды құлыптап жүру керек.  Бұдан кейін психологиялық күйзеліс, топастану, сосын  жазаланбайтын әрі шексіз биліктің ләззатына бой үйрене бастайды… Содан кейін бұлар бір күні КУИС-тың басшысы болып шыға келеді де, бізге өздерінің жүйені өзгертуге деген ұмтылыстарын айтып сайрайды… Бұлардың «даму» жолдары осы.

КУИС – бар болғаны үлкен Жүйенің бір бөлігі, диктаторлық режимнің пұшпағы. Бұл зұлым жүйенің барлық бөліктері ұқсас ережемен жасайды: БӘРІ-не жаппай әзірленген әшкере материалдарға негізделген жең ұшынан жалғасу.   

Сот жүйесі – бұдан тыс емес. Биліктен түсірілген «саяси» сот ісі де сотқа деген әшкере, өйткені, бұл үдерісте судья сот өндірісін дөрекі түрде бұрмалауға мәжбүр, дәлелдердің жоқтығын «байқамау», қорғаушының жақтау хатын қараудан ешбір негізсіз түрде бас тарту… төреші үдерістер мен әділ үкім шығаруда басқа ұрған танадай бір орынды ғана емес, өз абыройы мен төрешілік арын таптауға мәжбүр …

Бұл үшін сот төрешісінің алдында бұл жүйені өз пайдасына жарататын мүмкіндіктер мен кең жол ашылады, бұл «үйірге» түскен судья «өздерінікі» болады да шығады, одан әрі жоғары өрлейтін жолға түсу билеті дайын… Бұл жүйедегі «жоғары» сатыдағылардың бәрі де — осы жолдан өткендер.

Енді кәзір біз Махарадзе төрешінің «қалыптасу жолын» байқап отырмыз. Ол ұрылар партиясы деп, Нұр Отан партиясы туралы ащы шындықты әшкере еткен  белсенді азамат Әлнұр Ілияшевты соттап үлгерді; қатарында қазына тонаған шенділері қаптаған партияны басқаша қалай атауға болады… Төреші ханым бүгін белсенді Санавар Закировты да соттады – бұл да сол Нұр Отан партиясының абыройына қатысты қайта қозғалған істің жалғасы.  Залина Махарадзе  полицей күнқағарын қағып жіберген Ася Төлесованы да ешбір ұятсыз, арсыз, ождансыз соттап отыр.  

Бұл есімді есте ұстайық. Оған бұл есім лайық. Уақыт күн тәртібінен бұл сауалдарды шегермейді. Сұрау бәрібір болады.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.