Бүгінде Қазақстандағы коррупцияға жатпайтын нәрсенің бәрі де – істемейді, бұл қатерлі болса да, жұртты өлтіріп жатса да, сонша  қорқынышты емес. Бұдан да жаманы – «ресми дереккөзден» қаулап жатқаны  өтірік. Өтірік өндірісі жолға қойылып жатыр.  

Және де бұл өтірік – ешбір сәулесіз, үмітсіз, ізденіссіз,қисынсыз, ақылсыз, топас өтірік, әлеужелілерде қошқарды қалқалайтын бұқа ретінде ботофермалар мен вирустан қырылғаннан қалған нұрблогерлер қырық құбылтқан  өтірік.

Ресми тұлға «кейбір азаматтардың» дәріханалардағы дәрі-дәрмектің тапшылығынан «хайпталатынын» несіне кінәлады, егер де ондаған азаматтар дәріхана витринасын фотоға түсіріп, қолмен де, қағазға басылған да жазулы тапшы дәрмектердің тізімі жарияласа.  Және бұл тізімде әлгі нағыз қажет дәрі-дәрмектің атаулары жазулы.

Әрине, белгілі бір уақытқа бұны дәріханалардағы дәрілерді сыпыра сатып алып,  «өздері кінәлі» азаматтардың  жасаған дәрмек ажиотажы деуге болар.  Бұл өтірік те қап-қалың қабаты бар қарғыс пен ауруханаларда тапшы дәрілерді азаматтардың жаппай сатып алып жатқандығы жөніндегі хабарламаның астында қалып, өмірем қабады… Адамдар болса, тірі қалу жолдамасы үшін оттегі баллондардың кезегінде тұр…

Кеше ғана әлеужеліні жайлаған сұмдық фотода кереуетте өлім халінде жатқан бір келіншектің жанында әлгі баллон тұр, түтігі әйелдің бетіндегі тұмшада… Туыстары болса ауруханаға жеткізе алмағасын, енді не істерлерін білмей кеңес сұрауда… Ғасырдың сұмдық көрінісі!

Бүкіл карантин бойы қаза тапқан «үш жүзден аз» санды өтірікке тамызық етуге болар … Бірақ індеттің кесірінен өлген дәрігерлер санының өзі сұмдық қой…  Дәрігерлердің өзі… Ал енді осыған қарап «пациент-дәрігер» сандық қатынасымен есептесек, не болғанын сезуге болар…

Астананың жанындағы жүздеген дайын көрлер кімдер үшін қазылды, топырағы кеппеген төмпешіктерде кімдер жатыр…  бұларды да әлеужеліде тараған видеолар әшкерелеуде.

Өтірік – коррупциядан да гөрі қорқынышты. Өйткені, жемқорлық турасында да өтірікті соғуда.

Айтпақшы, әлгі басшысы өз зайыбына гүл шоқтарындай автокөліктер сыйлап, пайданың 2/3 бөлігінен астамын өзіне жұмсаған  МӘМС-ке келейік. Орынжай жалдауға, айлыққа, өз «топ-басшыларына» деген сыйақылар қыруар, бұлардың ішінде Елена Бахмутова секілді  «еңбегі сіңген аты-жөндер» екібастан бар…  Әңгіме мыңдаған емес, миллиондаған сомалар турасында. Ендеше мерседес шоқтарына таң қалуға болмас…

Енді бізге, МӘМС пен «Фармация» СК басшылары бұрынғыларынан «ажарсыздау»  деп соғуда. «Фармация» СК-ның жаңа басшысының зайыбы инстаграмдағы аккаунтын  бекер жойды ма… Оның ҚТЖ-ны талан-таражға салғанын былай қойғанда… Әрине, түйіндеме барынша қанағаттандырады, себебі, «маминдік командадан» болса…

Бақсақ, бақа екен…

Өздерін біздің билігіміз санайтын кісілер, тыныс алудан гөрі, жиірек өтірік соғады. Бізге өтірікті сіңіргені сондай, тіпті бір күні бұлар жалған айтуды доғара қалса, бізге не боларын білмейміз. Күндердің бір күнінде шақшадай басымызға  шарадай болып бүкіл шындық сау ете қалса ше…

Бұны бұлай қалдыруға болмас.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.