Қазақстан әлеужелісінің барлық белсенді қолданушысы, жаңалық таспасы қанды майдан ақпары жайлап кеткендей күй кешуде екенін хабарлауда.  Ес білгелі бұншалықты қаралы хабардың қаптауын ешкім білмейді.

Бұрынғы «пандемияны жоққа шығарушылар» өздерінің жақындарын індет жусатқалы таспадан қырқылды… Фейсбук қолданушылары танымал әрі туыстары мен таныстарының сырқаты мен өлімдерін жарыса хабарлауда… Белгілі жандардың қаралы фотолары жан түршіктіріп, таспаға кіруге жүрек дауаламайтын болды…

Бұл апат, қасырет қоғамды екіге жарды: бір жағында — бұның бәріне кінәлілер мен екінші жақта — бұны енді не істеу керектігін білмейтіндер. Екі жақтың қақ жарылу сызығы барған сайын кеңи түсуде, өйткені билік санайтындар өздерінің шынайы өмір мен қоғамның қалған бөлігінен қаншалықты алыс екендігін, бұлар құрған жүйенің мұндай апатқа мүлдем әзір еместігі мен  қауқарсыз шешімдерді әрбір күн  наразы қоғамға үлестіруде.

Жемқорлықтан тыс нәрсенің бәрі істеуден қалды.

Әр қағазға қойған қолтаңбадан «несібе» қырқып отырған шенділер, басқа жағдайға бас ауыртпайды. Мына апат заңдалған безбүйректік астында жасырулы ешқандай шынайы өмір болмай шықты, олардың тірлігі өздерін жаратқандарды «қоректендіру» үшін ғана тіршілік кешіп жатыр екен.

Кеденшілер Ресейден тасылып жатқан барлық құжаты бар дәрі-дәрмектерді тәркілеуде… Өйткені «солай болуы тиіс»… Көршілер болса, қырғыздар, медикаменттерді кіргізуге деген барлық шектеулерді алып тастады, өйткені – қасырет. Ал біздікі – бүлк етер емес.  

Қазақстандық бизнесмендер, қарапайым халық қыруар қаржы жинап, өмірді арашалайтын ИВЛ аппараттары мен басқа жабдықтарды  алып, енді  соны елге кіргізу үшін, «Самұрық-Қазынаға» тиесілі «Фармация» СК түріндегі   жемқорлық «бұйдасына» тап болуда…

Дәрігерлер болса, апта сайын қаза болуда, және де дәрі-дәрмек пен ауруханаларда орын жоқтығын айтып, жан дауыстарын жеткізуде…

Дәріханалар болса босап қалған… «Формация» СК болса, білікті түрде екі ай бойы гуманитарлық көмекпен келген дәрі-дәрмек қоймада жатқанын баяндайды… Ал осы екі ай ішінде әлгі дәрі-дәрмексіз қаншама адам өліп кетті…

Адамдар өз беттерімен дәрі-дәрмекті таратса, бір бірін басып өлтіретін түрі бар… Әкімдік болса, «бұған ешқандай қатысы» жоқтығын айтып, адамдарды өлуден сақтауға ұмтылғандарға жәрдемдесуге уәде береді…

Ал «босамаған» дәріханалар болса, дәрі-дәрмекке бағаны он еселеп, қасыреттің арқасында… безбүйректене, жазасыз түрде пайда табуға өршеленуде.

Президент болса, өзінің сымбатты әжуасын кезекті рет көрсетіп, МӘМС пен «Фармация» СК басшыларын «ажарсыздау біреулерге» ауыстыруды ұсынуда… Олардың орындарына елдің темір жолын қақыратқан «ҚТЖ-командасынан» премьер-министрдің адамдары келмек… Соған қарағанда, ажарлары тіпті де жаман емес. Әйтпесе әйелдерімен бірге олар фейсбук пен инстаграмдағы аккаунттарын жойып несі бар еді…

Полиция болса, апат пен қасыретті, карантинді пайдаланып арқалары қоза түсуде. Азаматтық белсенділерді ұстап, қамап, қорқытып-үркітіп, бопсалап, соттауда, бас көтерместей етіп айыппұл салуда… Тіпті кейде – «карантин ережесін бұзғаны үшін» де білгендерін істеуде.  

Бұл кезде Таразда мыңдаған діни фанаттар, ҰҚК-дегі «генерал-ағалардың» діни жақтастары үшін ешбір кедергісіз, «рухани ұстаздың» жаппай жаназасын ұйымдастырады, ешбір ережеге пысқырмастан…

Осы екі ортада ең болмаса апатпен күреске бөлінген миллиардттаған доллардың тағдыры турасында бірдеңе біліне бастады.  600 миллион теңге «пиар-шараға» жұмсалған екен…

 SUCCESS K LLP медиа ұйымдастыру мен  жобаны PR-қолдауға — KZT 696,699,940.00
▪︎FIYRMA 800, Киев, Украина — ▪︎әлеуметтік желіде коммуникациялық науқан өткізуге — USD 209,800.00
▪︎Караван газеті — KZT 7,350,000.00
▪︎Tengrinews.kz — KZT 17,709,600.00
▪︎Eurasia-ОРТ — KZT 83,305,494.84
▪︎Talk show — KZT 49,800,000.00

600 миллион теңге – қанша ИВЛ аппараты, дәрі-дәрмек, өлмеген дәрігерлер үшін қанша қорғаныш киім… — қанша? Уақыты келгенде бұл миллиард долларлар туралы тағы не білер екенбіз..?

Біз тіпті, халыққа қарсы бұл соғыста қанша отандасымыздың жер құшқанын білмейміз… Бізге өтірікті жаудыруда, және одан әрі боратуда. Біздің құқығымыз —  фикция, жалған. Олардың құны солар жазылған қағаздың құнына да татымайды.

6 шілдеде мейрамдасаңыз, аза тұту күні жарияланған 13 шілде… сізге өз абыройыңызды еске түсіріп, соны көрсетуге деген, өңменіңізге қанжар қадайтындай харакири жасауға нағыз лайық күн. Бірақ бізде қандай абырой қалды… Қазына тонаушылар мен жылпостарда оның бірі де ешқашан болған емес.  

Жуырда ғана желіде бір репердің ролигі шықты… «…жұрт қырылуда, ел қырылуда… қане, жәлеп, мейрамдайық, от шашып!…»

Бұған не қосарсың… Әлгі ажарлы қайыршыларға, тоқтамастан бірінен соң біріне кектенерміз. Джек Лондонның «Мартин Идені» еске түседі. Ол күші барда мұхитта жүзді. Әдейі, өзін сақтауға деген түйсігін жеңу үшін құтқарыла алмастай, күші сарқылғанша. Ақыры ол жеңді…

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.