Кенжебек Әбішев – «жиһадшылар тобындағы» ең егдесі, оны соттаған кезде де осындай кінә тағылған. Кінә тағудың өзі жай ғана «куәнің» нұсқауына негізделді. Ол «нұсқаушы» ҰҚК-нің арандатушысы болып шықты, ал түкке т ұрмайтын «сараптама» турасында сөз қозғауға да болмайды, өйткені, шынайы сараптама бұндай істе болмайтыны мәлім. 

Шындығына келгенде, бір топ азаматты (Алмат Жұмағұлов, Кенжебек Әбішев, Оралбек Омыров) ҚДТ-ның жақтастары және Ганди саябағында жиналып ашық та жария түрде өтетін пікірталас  қауымында болғандары үшін соттады.

Үдеріс саяси болса, істі жантайту «діни экстремизм» жағына қарай ауды – бұл жайт айқын түрде ойластырылған әрі дәлелсіз болса да, жаза мерзімі барынша нақты және салмақты болып шықты: 2018 жылы желтоқсанда Омыров пен Жұмағұловтың әрқайсысын 8 жыл бас бостандығынан айырды, Әбішевті – жеті жылға соттады.

Жуырда Кенжебек Әбішев пен Алмат Жұмағұловта ертерек шартты босатымға (ЕШБ- УДО) ауысу мүмкіндігі болды және олар соған өтініш білдірді.Сот Алмат Жұмағұлов өтінішіне бас тартты да, Кенжебек Әбішевті бұрын босатуға үкім шығарды. Бірақ шағынуға арналған соңғы 15 күн ішінде прокуратура қарсылық білдіріп, ақыры Кенжебек абақтыда қалды…  8 шілде күні сот прокуратураның қарсылығымен келісті. Енді Кенжебек Әбішев ЕШБ-ға шығуға өтініш білдіру құқығын тағы да жарты жыл ғұмырын түрмеде өткізіп күтетін болады.

Абақтыда болғанымда мен (авт. – Владимир Козлов) соттан ЕШБ-ға үкім алған жазаланушылардың осы бір 15 күнді қалай «өткізетінін» көзіммен көрдім. Бұл — жаза мерзімінің ішіндегі ең ауыры.Уақыт болса тоқтап қалады. Минуттар сағатқа, сағаттар шексіздікке ұласады. Адам болса тамақ та ішпейді, ұйқы жоқ, торығуға ұшырайды…

Бұл — күтудің құны ғана емес. Өйткені түрмеге түскендер өздерінің тағдыры прокуратураның қолында екенін жақсы біледі. Олар бұл жазалау органының барлық «қабылетінен» хабардар. Прокуратураның қанішер салты бар – бостандыққа шығудың соңғы күні қарсылық жасайды, кейбір жағдайда соңғы секундтарда…

Мен тіпті кейбір адамдардың өз заттарын таратып, бостандыққа деген алдынан қақпа ашылған сәтте… арғы жақтан қаныпезер прокурор кіріп келіп, жымсыйып тұрып қарсылық қағазын ұстата салған…

Бізге ҚЖҰ (қатаң жағдайда ұстау) бойынша бір кісі түсті, егде мүгедек, таяқпен жүреді, осы кісіге дәл солай жасады, ал ол шыдай алмады…  Сосын ол түрменің қитұрқысына түсіп, өзін «клиент» етіп, жаңа мерзім қосудан аман қалды. Бірнеше айдан кейін ол ҚЖҰ-ға қайта түсті, бұл жолы «қасқана» түрде… Оның бұл кезде шырағы әбден сөнген еді… ол есірткіге отырды, ол бейшараның бірақ өз «қоңырауына» дейін аман жеткенін білмеймін…

Кенжебек Әбішев – егде тартқан, ауру батқан науқас кісі. Оған «коронавирус жағдайынан тыс» кезде де қымбат дәрі (абақтыда олар атымен болмайды) мен медициналық күтім (оның не екенін түрме білмейді) керек. Прокурордың ЕШБ-нан бас тартуы оның денсаулығын жақсартпады, оның иммун жүйесін күшейткен жоқ. Бұрынғыша сырқаты ауыр.  

Белгілі құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина өзінің сұрауы бойынша Алматы облысына қарайтын Ұлттық алдын алу  тетігінің жетекшісі Игорь Мирошниченко Кенжебек Әбішевпен «аудиокездесу өткізгенін», оның айтуынша Кенжебекке ештеңе керегі жоқтығын, оның ешбір шағымы жоқ, жағдайы керемет «екендігін» жеткізді. Мирошниченко мырзаның ақпараты қаншалықты рас екендігін ұғу үшін оның кім екенін білу керек.

Мирошниченко мырзаның өткен жолы  — КУИС, Қылмыстық-атқару жүйесі жөніндегі комитетке апарады, соңғы қызметі – қостанайлық «төрттіктің» бастығы,қатаң тәртіптегі түрме бастығы. Шындығына келгенде, бұл азамат өзінің мансабын сотталғандардың қанын жүктеп өсірді, өйткені басқаша түрде түрменің бастығы болу тіпті мүмкін емес.

Құқыққорғаушылар қосынына оны құқыққорғаушы-зайыбы алып келді, бірақ қап-қара итті аппақ ете алмайсыз. Түрменің бұрынғы «қожайынының» мойнында  қылмыстық-жаза қызметіне қатысты шұбатылған «құйрық» бар екені анық, демек, ол ЕШҚАШАН да КУИС қызметіне қатысты шынайылық танытпайды.

Ол маған Алматы болысы, Заречное кентіндегі 155,14 мекеменің,  «жүз үшінші» абақтының, ДИЗОсына келгені бар, онда кәзір Кенжебек Әбішев, Алмат Жұмағұлов, Әсет Әбішев секілді «саяси зэктер» жазаларын өтеуде. Ол келіп кеткесін мен «өзімнің кінәлі» екенімді, «әкімшілікті арандататынымды», менің ДИЗОдағы «жағдайым жақсы» екенін,  шындыққа жанаспайтын талай нәрсені «білдім».

Игорь Мирошниченко – КУИСты өзінің жалған есептерімен қымтайтын адам. Ол осы қызметті сол үшін атқарып отыр, және оған КУИСтен бастап омбудсменге дейінгілер дән риза. Ол – солардың «өз адамы».  КУИС-тің жазақорлары ешқашан бұрынғы болмайды.

Кенжебек Әбішев – Мыңбаев емес, Дутбаев та емес, бұлар секілді басқа да виски аралас сорпа ішіп, бешпармақ асайтын «өздерінің қаншық туған балдары» желкөздің (форточканың) саңылауынан-ақ бір сәтте сып етеді.

Мирошниченконың «уәдесінен» кейін ол өз қорғаушысынан дәрі-дәрмектің шұбатылған тізімін беріп жіберді. Кенжебекте енді айлаған мерзімді өтеу жазасы күтіп тұр, ол жерде «жай» сотталушы — адам емес. Оған жәрдем керек.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.