Қазақстанда 13 шілде «тәжтажалдан» өлгендерге қатысты аза тұту күні болып жарияланды…

Алтыншы шілдеде диктатордың жылпостары оның сексен жылдық жасын тойлап, жетісі күні бас жазып, сегізі күні елдегі карантинді естеріне түсірді; түсірді де шілденің он үшін аза тұту күні дей салды. Бұл — Қазақстан. Бұл — отыз жыл бойы өздерін билік санағандардың диктатурасы.  

Ұлыбританияда халқы шынайы құрмет тұтатын патшайым өзінің … бәлен жасына қатысты отшашу мен басқа да мерекелік шараларға тыйым салды.  Бұл оның өз халқына деген құрметі, олардың мәселесі мен қасыретіне деген жанашырлығы… АҚШ та жалпыұлттық мерекелеу күні – 4 шілдеден бас тартты.  Америка «тәжтажалмен» күресуде, шығын аз емес. Америка билігі өз азаматтарына аянбай, нақты да елеулі көмегін беруде, тіпті азаматтығы жоқ, елдегі кез келген адамның аман қалуына барын салуда. Әдетте дамыған елдерді үлгі тұтатын біздің билікке «туған күн» салтанатынан бас тартуға бұл үлгі де әсер етпеді. АҚШ билігі мен халқын ажырата қарай алмайсыз, олар – біртұтас ұлт.

Қазақстанда олай емес. Біздің билік – заңмен негізделген әлеуметтік ерекше тап, каста. Менің «қылмысымды» дәйектегенде (авт. – Владимир Козлов),  дәл солай : «әлеуметтік алауыздық қоздырды» деп кінәлады.  ҚР Әділет министрлігінің бір топ сарапшылары, Ресейден арнайы жіберілген, беттері бүлк етпей, байыпты түрде биліктің орнықты әлеуметтік топ екенін, және кез келген билік атына айтылатын сын, одан туындайтын нәрселер әлеуметтік алауыздықты тудыратын «құрамға» айналады-мыс — деді. Кейінірек әлгі «құрам» ҚР Қылмыстық Кодексінің  бабын (174) тағы бір мазмұнмен – «таптық алауыздық қоздыру» дегенмен толықтырылды. Шамасы биліктегілер өздерінің жағдайларын шынымен де мұрагерлікке айналдырып, «Қазақстан билігінің» кәдімгідей ерекше табын құруға шындап кірісіп жатса керек. Қазақстан қоғамының «командадағы бастылар» мен басқаларға жіктелгені көз алдымызда жүріп жатыр. Әйтпесе «Фрейдше түсіндірме» қаптаған әлеужелідегі «шығанақтарды» қисынмен айтып ұқтыру мүмкін емес.  

Сужаңа оқиға – әйелінің  30 жасына қарай 10 автокөлік сыйлауды уәде етіп, 12-сін әперген медсақтандыру Қорының басшысына қатысты әлеужелідегі дау-жанжал… Бұндай жайт өздерін билік санайтындардың осындай тақырыппен ғана шектеліп, өзара соны ғұрыпқа айналдырған топтың арасынан біреуінің ауызынан сытылып, өздерін иттің етінен жек көретін әлеужеліге, халыққа таралып жатады…

Тағы да сужаңа жайт – аса ауыр қылмыстың иісі аңқиды; АҚШтан келген медициналық гуманитарлық көмекті «Фармация» сақтандыру компаниясы   азаматтарға қымбатына сатып жіберген… Әлгі «Тамифлю» аталатын қаптама. Бұл кәдімгі биліктегілердің ұл-қыздары мен туыстарынан құралған ұлттық «Самұрық-Қазына» компаниясы құрған, әлгі «Фармация» СК…  

Назарбаев пен Тоқаев мырзаларға қарайтын компания.

Халық болса – аза тұтуда. Ол аза мен қайғы туыстардың өлімінен, ахуалға сәйкесетін медициналық жүйенің жоқтығынан, азаматтардың саяси құқығы мен еркіндігінің тапшылығынан құралған. Сол себепті де бұл билік халықтың игілігін қансорғыштай соруда.

 

Ал сендер, қансорғыштар… аза күнін де «фрейдше» белгіледіңдер. 13 шілде – биліктің сенімді төбеттерін, саяси жандармерияны, ҰҚК-тін паш ету күні…  

Пандемия кезінде, жұрттың қайғысы есебінен алтыншы шілдеде, сендер, «билік-адамдар», шаттыққа бөлендіңдер, биледіңдер, күлдіңдер. Ал сендердің төбеттерің, ҰҚК-ті 13 шілдеде ұлттық аза тұту күнінде не істер екен? 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.