Бір бірімен келіспесе де, бір уақытта белсенді азаматтар Жанболат Мамай мен Фариза Оспан жекедара пикетке шықты.

Жанболатқа жарты сағат берілді. «Рұқсат етті» деп ұғуға болады.

Жарты сағат плакат ұстап тұру – не үшін қажет болды?  Саяси технология жағынан алғанда – ештеңеге жарамайды. Жарты сағат ішінде жанынан жүз адам өтсе, оның екеуі ғана мойнын бұруы мүмкін. Алаяқтың ойын ережесін осылайша қабылдау қажет пе еді? Өзіңнің конституциялық қақыңды «алаяқтардың ережесіне» шеге етудің қаншалықты қажеті болды? Егер де бойыңды еркін самал кернесе, «аса жайлы да майлы астауға» қол созуға қаншалықты лайықсың…

Белсенді Ася Тулесованы қолдап шыққан Фариза Оспанға «бермеді». Бой көрсетудің басынан бірнеше секунд өтпей жатып, шыттай киінген төртеу екі жағынан алды да, қызды машинаға тыға салды. Бұл жолы да полицей машинасы емес. Ахуалдың тағы бір сыры мынада: төртеу жабылып бір қызды ала қашып жатқанда, не болып жатқанын білу үшін азаматтардың оған араласуға құлқы да болмайды. Әлгі басбұзарлық жайында ең болмаса сақшыларға хабарласып дегендей… Бірақ біздің сақшыларға тек қана осындай әрекет тән екенін азаматтар да миына тоқып алған. Полицейлердің бандитше қолтықтауы алыстан танымал.

Фариза Оспан: «Еңбекшіқазақ аудандық ІІД-дегідей оспадарлықты өмірімде көрген емеспін. Олар мені мазақтады, жезөкше деп арыма тиді, «әркімнен қалған, тәртіпсіз, топас, нақұрыс» деп маған айқай салды. Олар кәзір тепкілеп тастайтынын және өздеріне ештеңе болмайтынын айтып қорқытты»…

Режимнің қалауы бар екені түсінікті. Диктатураға басқаларын экстремист атау үшін әрқашан да «қарғыбаулы оппозиция» қажет. Диктатура өзін бұрыннан осылайша көрсетіп келеді.  Қандай түрі болса да. Кімнің атынан болса да осылай.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары, оппозиционерлерді ең әуелі «зиянкестер» атады, сосын оларды «конструктивтердің» қолдауымен «халық жауы» ретінде атып қырды.Бұл түсінікті де қисынды, ешқандай сұрақ туғызбайды – диктатура ғой.  Биылдан бастап бізде Нұротан секілді дауыс беріп, Нұр-диктатор мен оның Нұржылпостары толған Астанаға жағымпазданып, індеттен қырылғандарға «короноотшашумен» қол шапалақтайтын, тіпті «парламенттік оппозиция» да бар.

Енді әлгі «конструктив оппозиция» болуға «тағайындалғандардың» ұстанымы түсініксіз әрі біршама сауал туғызады. Егер де сен ондай болмасаң – олардың ережесімен несіне ойнайсың, олардың айла-шарғысына несіне қатысасың?

Тіркелмеген қоғамдық ұйымда болғаны үшін біреулерді экстремист ретінде жаншып соттайды, енді біреулерге, дәл солай «тіркелмесе» де — «береді», әрине,бұндай садақаны батамен қабылдауға болмайды…

Өз қарсылығыңды көрсететін бұндай жағдайда тәсілдер бар. Мәселен, егер де сіз ДВК мен Көше партиясын экстремист деп әділетсіз әрі заңсыз атаса, оларды қолдап пикетке шығуға болады.

Егер де сіз әрине, солай деп есептесеңіз.

 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.