Астанадағы Нұрсұлтан күні қарсаңында күштік құрылымдардың «тазартқысы» жалғаса түсуде.

Еуроодақ өкілдігі ғимаратының алдында ақпараттық бейбіт қарсылыққа қатысып ұсталғандардың соңғы тізімдері туралы хабарлануда; 4 шілдеде Жайлау Сыйқымбаев ұсталды.  Қолда бар ақпаратқа қарағанда, ол ӘкімКодекстің 488-бабына сәйкес сотталып, 6 шілдедегі «мерекелік шаралардан» (3-4 шілдедегі kuresker.org жарияланымын қараңыз) оқшаулау үшін әкімшілік қамақ мерзімін ұзартуға қатысты қамалған азаматтық белсенділер тізімін толықтыра түспек.  

«Мереке қарсаңындағы» полицейлік шаралар әуселесі белсенді азамат Нұрбол Өнерханға да қатысты өз жалғасын табуда. Бір емес екі бірдей медициналық комиссия бекіткен әскерге жарамсыздық дәйегіне қарамастан, оны алтыншы рет (!) мәжбүрлі түрде және тез арада әскер қатарына алуға тырысып бағуда.Оған кезекті рет 6 шілде күні сағат 10-да келуді міндеттейтін «заттарыңмен келу» деген шақыртқы  жазып берді.

Қазақстан режимі өзінің басты құрылтайшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне арналған сән-салтанатқа миллиардтарды шығындауда. «Астана күнін» Назарбаевтың туған күнімен күндес етіп ауыстырғаннан бері, көптеген жылдар бойы режимнің жылпостары беттері бүлк етпестен, өз көсемдерінің күнін Астана қаласының туған күні етіп паш етумен келді. Енді жағдай өзгерді  – Астана деген қала жоқ, оның есесіне Нұрсұлтан қаласы мен соның ғана мерекесі бар. Жылпостар халықты алдаған өз шараларына шалқи түсуде.  

Осы аралықта әлеужелінің ақпарат таспасындағы елде жайылған короновирусқа қатысты хабарламадан көз сүрінеді. Қазақстан әлемдегі аталмыш індетті жұқтыру жөнінен жолы болмаған елдердің әлемдік тізімін бастаушылардың бірі. Ауруханалар толы. Дәрігер мен медбикелер тапшылығы апатты жағдайда. Қолдаусыз қалып, жұртқа жағдайды баяндауға батылы жеткен дәргерлерді – жұмыстан шығаруда. Дәріханалар қажет дәрі-дәрмексіз қалды.

Ешбір ескертусіз, үкімсіз, сайтты құрсаған ресми атқарушы туралы ақпарат берместен, құрсалған біздің сайтымыз секілді, «Вирусты жеңген» Назарбаевтың қанынан жасалатын вакцина туралы тақырыпты дөп басып, фейк- хабар таратқан сайт та бұғатталды.

Осылардың аясында нағыз ірі фейкке жатуға тиіс болған ақпарат  – тағы бір алып ескерткіштің бой көтеруі еді – бұл жолғы інжу-туынды  «Назарбаев — жауынгер» ескерткіші… Бұл қолатас әскери қызметке де, ешбір әскери жеңімпаздыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын тірі елбасының құлыптасы іспетті, қазақ ырымына қайшы…  Бұл да Астанадағы Нұрсұлтан күнінің бір «көзайымы» екені күмәнсіз.

Жаппай полицейлік жылпостыққа, күннен күнге беки түскен алжуға қарамастан, тапшылыққа ұшыраған «режимдік ақыл-естің» жүгенсіздігі мен бой көрсетуіне қарамастан, бір тамшы болса да жағымды үміт бар: алға қарай ыршып түсу үшін, бәлкім, осы жолы біз өзіміздің құлдыраған «түбімізге» көз жеткізерміз, а..?

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.