Тоқаевтың кеңесшісі, Ерлан Қарин, жуырда демократиялық реформалардың аяқталғандығын жария етті. Соның қарсаңында оның бастығы «демократиялық уәделер қоржынынан»  алып соңғы заңға қол қойды. Ішіміз сезгендей – уәдеге тоқ ешбір «сужаңа» заң қоғамды жақсарту жағына қарай еш-те-ңе өзгертпеді.  «Көшедегі» оқиғалар Тоқаевтың жай ғана сөзуар ғана емес, алдын алғыш сөзшең-сандуғаш, оның өмір бойы сол рөлде, соңғы тағайындалуға дейін барлық сипаттағы  «елбасылық» нұсқамалардың жаңғыртқышы – ретрансляторы екенін көрсетеді.

Бүгінде, індеттің аяусыз түрде селдей жайылып, ауруханаларда орын да, ИВЛ аппараттары да, дәрігерлер де жетіспей жатқанда – біздің билігіміз делініп жүрген пенделер, өздерінің түпсіз қалталарына, қаптесер тышқан құсап миллиардттарды тасып, сән-салтанатқа толы Нұрсұлтанның туған күніне арналған мерекеге дайындықты бастап кетті.

Бүгінде, қоғамға белгілі адамдардың сырқатқа ұшырағанда, жан ұшыра көмек сұрағанда, қаптаған қазанамалар фейсбуктың ақпарат таспасын жайлаған тұста – қуыс кеуделер тек қана өздеріне бас қатыруда.

Олардың жария еткен «мейрамдарын», шамасы, көшеге өз шындықтарымен шығатын және де бейбіт азаматтық қарсылықтар мен бой көрсетулер «орын алмауы керек». Әйтпесе, біздің «құқық күзету» органын паш ететін полицейлердің жылпос шаралармен жыртыла ұмтылуын басқаша түсіндіру мүмкін емес.

Бейбіт серуендегендері үшін әкімшілік қамауда жатқан азаматтарға екінші қайтара әкімшілік мерзім жамалып жатыр. Және де бұл «іс» — олардың серуенге дейінгі полицейлердің бассыздығына қарсы, Қазақстандағы Евроодақ өкілдігінің ғимараты алдында болған демократиялық бейбіт қарсылықтары үшін жамалуда. Бұл азаматтарға үстемеленген әкімшілік қамау — Қазақстанның жылпос әлемі өзінің әміршісінің басты  күнін мерекелейтін 6 шілдеде, олардың бостандықта бола алмайтынығына кепілдік.

Құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожинаның хабарламасынан:

«…Кеше әкімсот болып, онда 18 шілдеде қамалып, елбасы күнінің (6 шілде) қарсаңында 3 шілдеде шығуға тиіс белспенділерді тағы да соттады.Нұрбилік белсенділердің кезекті селтеткізері мен құттықтамаларын күтпестен, оларды Ганди саябағындағы кездесу үшін  (6 маусым) тағы да соттады.  

1.Сұлтанов Абайбек, Алматы, +5 тәулік
2.Жексебаев Асхат, Алматы, +5 тәулік

3.Рақымжанов Ноян, Алматы, +15 тәулік
4.Қылышев Қайрат, Алматы, +5 тәулік

Ал өз үкімдерін мыналар күтуде:
5.Құрбанов Марат, Алматы
6.Әлибеков Бақдаулет, Алматы
7.Көзиев Ермек, Алматы

Мыналар белсенділер кеше сотталды:
Мұсабаев Марат, Нұр-Сұлтан — 15 тәулік
Саят Сәулембаев, Алматы — 15 тәулік
Әміренов Қалиасқар, Екібастұз – ұсталды, оның жайын нақтылаймыз…».

Мереке құт болсын. Тоқаевқа бір сәлем.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.