Саяси қамалушы, «жалған-жиһатшы» Алмат Жұмағұловқа  мерзімнен бұрын босауға бас тартылды. Мадақтар бола тұра, қуыну болмаса да, түрме әкімшілігі тарапынан босату турасындағы қостауы бола тұра, прокурор қамалушыны мерзімнен бұрын босатауға бұлардың бәрін жеткіліксіз деп есептеді.

Бұған дейін шартты жазаға көшіріп, абақтыдағы жазалауды бостандыққа шығарумен ауыстыруға сот келіссе де, тағы бір саяси «жалған-жиһатшы»  Кенжебек Әбішевтің ісіне қатысты прокурор қарсы шыққан еді.

Түрмедегі белгілі саяси тұтқын Макс Боқаев сырқаттанып қалды. Белгілеріне қарағанда – ковид секілді. Оның денсаулығының күйіне қарағанда, сырқат ахуалы ауыр өтетін түрі бар.  Абақтылардағы медицинаның ахуалы мен  елдегі денсаулық сақтау саласын жайлаған мәселелерді ескерсек, түрмені былай қойғанда, «бостанда» ауыру – бүгінде барынша қатерлі. Бұған нақты дәйектер де жетеді.

Қостанайлық белсенді Асқар Ыбыраевқа бостандығын шектеуді түрмедегі жазамен өтеуге ауыстырды; 405-бап бойынша сотталған, саяси жігіт, қарсылықтан бас тартпауға бекінді…

Азаматтық белсенді, Ася Төлесова сақшы баскиімін басынан қағып түсіргені үшін қамалып, түрмеде қалу үкімін күтуде. Оның бар кінәсі — бейбіт қарсылыққа шыққан елдің егде азаматтарын қорлаған сақшыларға қарсы сөйлеп, «үнсіз тұрмағаны». Полицейлер бұндай кінәлауды ешбір алаңсыз істеуге әбден дағдыланған, өжет қыз Асяның топас сақшының басындағы күнқағарын қағып түсіргені, сақшысымақтарды өлердей ренжіткен еді…

Нұротандағы шындығы үшін белсенді Әлнұр Ілияшев сотталды. Жемқор-әкімдермен, өңірлік партия бастықтарының былығымен бірге сот «шежіресіне» түскен елбасылық партия өзінің шынайы бейнесінің жария болғандығына наразы – белсенді жігіт бар болғаны соны жария еткен-ді.

Өскеменде белсенді азамат Руслан Нұрқановты соттауда. «Тыйым салынған ұйымды насихаттағаны» үшін.  Бұныкы да сол баяғы – Қылмыстық кодекстің 405-бабы. Диктатура шындық айтқандарды бұрынғыша экстремист деуден танар емес.

Белсенді азаматтар  Сұлтанов Абайбек, Жексебаев Асхат, Рақымжанов Ноян, Қылышев Қайрат, Құрбанов Марат, Әлібеков Бақдаулет, Көзиев Ермек, Ахметов Роллан, Смағұлов Болат, Аймухаметова Сәуле, Баймағамбетова Диана, Мұсабаев Марат, Ысманов Құрал – өздерінің конституциялық құқығына сүйеніп бейбіт жиынға шыққандары үшін сотталғандар. Сот бұлардың бәріне 15 тәулікке әкімшілік қамақ жазасын кесті. 

АҚШ сенаторлары саяси қамалған Макс Боқаев пен Әсет Әбішевті босатуды талап етуде. Олар өз пікірлері үшін ешкім де қуғындалмауы тиіс, ал тіпті бостандығынан ажырап, жазалануы адам қақын шектеу  деп есептейді. Соған қарамастан Әсет Әбішев қатаң жағдайдағы абақтыға ауыстырылды…

АҚШтың Мемлекеттік департаменті Қазақстанның авторитар билігін Әлнұр Ілияшевқа қатысты үкімді доғаруды, оның азаматтық және саяси құқығын қалпына келтіруге шақырып отыр.

Қазақстанда тәжвируспен күреске бөлінген 13 миллард доллар қаржы бітті. Осы екі ортада бұрынғыдан бірнеше есе адамды қамтыған індет елді жайлауда. «Тәжді» індетпен күресетін қаржы жоқ.  Тұмша да,дәрі де, науқас орын да, дәрігерлер де, ақша да – жетіспей жатыр.  

Елде жарияланған екі апталық қатаң карантин аясында туған күн иесінің атымен аталған Астанадағы «Нұрсұлтан күніне» орай екі апталық (!) серуен мен онлайн (?) отшашулар орын алмақ.  Сөйтіп, «Астана күні» деген жылпос құлақты тіліп өтетіндей жалған қымсынуды қойып, нақты шара өз атауына көшті.

«Демократиялық Қазақстанның» диктатурасы туралы барлығын білген абзал.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.