Біз талай рет жаздық, ҚР ІІМ-ң Қылмыстық атқару жүйесі және «біздің құқық қорғау жүйеміз» қазіргі COVID-19 індетіне қарсы карантинді ақпаратқа тиым салу үшін пайдалануға тырысып отырғанын.

Осыны желеу етіп ешқандай себепсіз, дәлелсіз сотталушылардың жақын туғандарымен қысқа кездесулеріне тиым салып тастады. Бұл кездесулер кезінде екі жақ шынының екі жағында отырады, ішкі телефонмен ғана сөйлеседі. Бұл жайлы да талай жаздық. 

Біз сонымен бірге КУИС мекемелерінде ешқандай  «карантиндік шаралардың» жоқтығын, мекемедегі эпиджайғдайға қауіп сотталаушылардың туған-жақындарынан келмейді, керісінше мекеме қызметкерлерінің тарапынан келеді. Олар індет вирусының «қайнаған ортасына» күн сайын үйлеріне барып келеді. Сүйте тұра келген сайын сотталушылармен тығыз байланыста жүріп беттеріне бетперде тақпайды…

Біз сонымен бірге КУИС қызметкерлері түрмелер мен лагерьлерден өздерінің жасап жатқан қылмыстары жайлы ешқандай ақпарат сыртқа шықпасын деп қанша тырысқандарына қарамастан одан ештеңе шығара алмай отырғанын да жаздық. Кешегі  НКВД-ң уақыты өтті, қаншама тиым салып, жаза қолданғандарына қарамастан сотталғандар тәуекелге барып лагерьдің алты метрлік шарбағының  сыртына ақапартты «лақтыруға» тырысады…

 ОВ -156\6 п. Шемонаиха мекемесінен бір топ сотталғандар:  Смирнов Василий Николаевич, Зубов Денис, Сулейменов Серик Толеугазыевич, Григорев Александр, Рахимбаев Ринат Жоламанович, Турдахунов Бараджан Юлдашевич, Нуржанов Кайрат Серикович,Мартынов Евгений Владимирович, Умирбаев Баглан Абдиканович – алты тәулік бойы  аштық жариялап жатқандығы жайлы хабарлапты, олар қадағалаушы прокурордың назары қашан түсер екен деп күтуде. Осы мекемедегі сотталған  Аманжол Кадырманов, түрмеде жасалып жатқан азаптаулар мен қорлық көрсетулер жайлы сыртқа хабарлағаным үшін мені қуғындап жатыр, осы жолы жыныстық зорлық жасаймыз деп қорқытып жатыр екен депті…

 Осы 156/6, Шемонаиха мекемесінен сотталушы Қайырбек Атанов өзін ұрып-соққаны, басын «легенге салып» тұншықтырғаны (СУС түрмесінде солай істейді)  жайлы хабарлапты.  

 167/2, Шымкент мекемесінен бейнетаспа жіберіпті – мұнда сотталушылар үшін карантиндік шаралардың толығымен жоқ екендігін көруге болады. Сонымен бірге қызметкерлердің сотталушыларды арандату жасап ұрғаннан кейінгі (түрмеде жиі жасалатын) жағдайды көрсеткен -жерде жаңа ғана сотталушының жуған киім-кешектері шашылып жатыр…

Осындай толып жатқан дәлелденген, нақтыланған азаптық қорлаулар жайлы құқық қорғау белсенділерінің коалициясы Фейсбук беттерінде жазып келеді. Дәл осындай деректер мен оқиғаларды құқық қорғаушы Елена Семенова да шаршамай талмай жазып келеді. Бүгінгі таңда КУИС мекемелері бір мезгілде Е. Семенованың үстінен қадір-қасиетімізді төкті деп  сегіз (!) шағым түсірген.  КУИС қызметкерлерінде, абырой, қадір деген болды ма екен!

 Иа, солай. Алты метрлік шарбақтарың мен «карантиндік» шараларға қарамастан шындық өз жолын табады. Ол өз жолын тауып қана қоймайды, бір күні сіздердің ежелгі НКВДшіл шіріген жүйенің быт-шытын шығарады. Солай болған, солай болады. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.