Танымал  публицист, бұрынғы дипломат Казбек Бейсебаев бір ұлттық компанияның менеджментінің  төмен екендігі жайлы пікір айтып соны таратқаны үшін сарапшыны компания қылмыстық жауапкершілікке тартып жатқандығы жайлы жазыпты.  Ол сонымен бірге, жақында ғана азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшевты үш жылға соттағаны жайлы да жазыпты. НұрОтан партиясы жайлы жеке пікірін айтқаны үшін. Осы екі болған оқиғаны салыстырар болсақ қорытынды мынадай:  ҚР Қылмыстық Кодексінің  «жалған ақпаратты таратқаны үшін» 274 бабы біздің «әділетті сотымыздың» қолына түскен кезде бүгінгі режим жайлы негативті пікір білдіргендерді жазалаудың құралы болып отыр. Біздің құқықтың жүйеміздің заң баптарын екі-үш мағынамен түсіндіруі, нақтылығының жоқтығы, жазалау терминдерін заң баптарында түсіндіретін сөздіктердің жоқтығы, баптарды әркім өз қалауынша «таңдап» пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Режим өзінің тоқпағының астына түскендерді «өз адамдары» және басқалар деп бөліп отыр.  Мысалы, режимнің өз адамы  полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек бірнеше күн бойы адам өлімі болған көлік апаты жайлы хабарда жалған ақпаратты таратып келді.  Өтірігі ашылған соң Әзірбек сөгіс алумен ғана құтылды. Ал дәл осындай жағдайда НұрОтанпартиясы жайлы жаман пікір айтқан азаматтық белсенді бес жылға еркіндігінен айрылып отыр.

Қарағандылық физика пәнінің мұғалімі Юрий Пак, терроризм жайлы жалған қоңырауы дәлелденбесе де екі жылға бас бостандығынан айрылды. Пак сот кезінде анасынан айрылды, сосын әйелінен айрылды. Бас кеденші НИ миллион доллар парамен ұсталғанына қарамастан, кінәсі мойнына салынғанына қарамастан сот залынан бостандыққа шыға берді, алған миллион доллар парасын да қайтарған жоқ.

2002 жылдардан бері оппозицияны қаржыландырып келген Мұқтар Әбләзов екі рет түрмеге отырды, екі рет саяси тұтқын деп мойындалды, шетелде қашып тығылуға мәжбүр болды, себебі режим оны ұстауға миллиардтаған ақшаны төгіп келеді. Сырттай 17 жылға сотталған, Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев, шетелдегі қашып жүрген орнын жасырған да жоқ, керісінше сот шешімімен кәмпескеленген миллиондарын қайтып алып отыр. 

Бейресми саналатын наразы азаматтардың басын қосып жинап жүрген ҚДТ қозғалысы мен Көше партиясы сот шешімімен «экстремистік» деп танылып, оның мүшелері бүкіл Қазақстан бойынша қуғындалып жүр.  Халыққа қарсы заң инициативаларын ойланбай қабылдай салатын парламенттік партиялар «оппозициялық» деген ат алып режимге қызмет жасап келеді…

Наразылық білдірген қарттарды ренжіткен полицейдің бас киімін жерге түсірген азаматтық белсенді Ася Тулесова түрмеде үкім күтіп отыр, ал бейбіт азаматтарды жұрт алдында ұрып соғатын полицайлар марапат алып қызметтері жоғарылап жатыр.  

Режимнің саяси инициативасы бойынша заңсыз сотталған Мұқтар Жәкішев он жыл түрмеде отырды, денсаулығын жоғалтты, сосын ғана түрмеден босады. Қолдан жасалған айып бойынша Арон Атабек  он төрт жыл бойы түрмеде жатыр. Жоғары деңгейдегі шенеуніктер — Майлыбаев, Бишимбаев, Дутпаев, Бақауов…бірінші болған мүмкіндік кезінде мерзімінен бұрын бостандыққа шығады… 

Міне, осылай да осылай.. біздің елімізде.  Өз адамдарына барлығы, басқалар тек заң арқылы. Бұл жерде қандай реформаларды көріп отырсыңдар? Кімді реформалау қажет? Бейбіт санация, артынша люстрациялау…  Қалған әңгіме, сосын

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.