«Бір жүз үш» деп аталатын лагерьде (Алматы облысының Заречное қыстағы, 155/14 мекемесі) сотталған ерекше бір жан бар. Күнге күйіп кеуіп қатқан қария, аузында күлкісі, сотталғандардың барлығы оны «жасөспірім» деп, ал  сыйлаған адамдар Тимофеич деп атайды.

Оның бұл лагерьде жатқанына ұзақ жылдар, өмір бойы сонда жатқан сияқты.  Мен (авт. – Владимир Козлов) бұл жерге «үштіктен» 2014 жылы келгенімде Тимофеич осында бар еді, 2016 жылы шықтым, Тимофеич қалған болатын. 

«Ешкімге жамандығы жоқ, қой аузынан шөп алмайтын» адам. Сол кезде «брынзада» (асхана дегені) еден сыпырып, қоқыс жинап, сыртқа шығаратын. Көп сотталушыларға қолқабысы тиген адам. 

Лагерьдегі адамдар үшін үйіңде тамақ ішкен кездерің еске түсіп, көңілің аңсайтын заттар болады, жұмыртқаны немесе картопты қуырып жеуді ерекше сағынасың. Әрине, мұндай тамақтар асхананың дастархан мәзірінде болмайды.. Бірақ кейде «брынзадан»  мұрынды жарып кететін тәтті тағамның исі жетеді. Оперлар мен «ешкілер»  ешкімге көрсетпей жасырып өздеріне тамақ дайындайтын. Біз кітапханашы Николай екеуміз анда-санда режимді бұзып қоятынбыз. Біз үйден келетін тамақтарымызды ауыстырып электроплитканың спиралын, таба және екі кірпішті тауып, кітапхананың ішінде тиым салынған «құрал» жасап алдық. Ол кезде лагерьде тәртіп жеңілдеу, кешке есікті іштен іліп алып картоп пен жуаны қуырып рахаттанып жейтін едік. Спиральдың қуаттылығы сонша электрге қосқанда сәуле шамындай жарқырап тұратын. Екі рет сондай ісіміздің үстінен замполит ұстап алды (кабинеті жапсарлы болатын).. Бірақ түсінігі бар кісі еді, қатаң жаза қолданған жоқ.  Бізге қажет екі-үш түйір картоп пен жуаны Тимофеич әкеп беретін. Оған сол үшін үйден келген тәттілерімізбен бөлісетін едік. Лагерьде «коммерция» деген атымен жоқ, өтініш айтасың, орындайды, рахмет айтасың. Шын жүректен. Сосын мен екі рет СУС-а (қатал режимді түрме) түстім, екеуі де жарты жылдан. Сосын күтпеген жерден бостандыққа шықтым. «Жасөспірім» шалды одан кейін көрмедім. 

18 шілдеде Тимофеичке «қоңырау» шалынды, мерзімі бітті. Бостандық. Міне, осы кезде оның ұзақ жылдар бойы есіне алғысы келмейтін проблемасы оралды.  

«Тимофеич» — деп отырғанымыз оның фамилиясы емес. Лагерьдегі оның аты жөні — Зыков Юрий Тимофеевич, 1954 жылы туған,  Марий  АССР-ң тумасы. Бірақ шын мәніндегі оның аты жөні  Решетов Тимофей Андрианович, 1945 жылы туған, туған жері  Финляндия… Бірінші мерзімді 1958 жылы «ұстаған», балалық тың әсерінен, сол себептен де «жасөспірім» деген атты алған… Сол жылдардан бері түрме оның өмір сүретін үйіне айналған. Соғыстан кейінгі миллиондаған жас балалардың  үйіне айналған лагерьде өмір сүріп келеді. 

Жақындарынан ешкім қалмаған, үйі жоқ, мерзім алмаған бос жүрген кездерінде қаңғыбас болып өмір сүрген, құжаттардың барлығын әлдеқашан жоғалтқан. Милиция үшін Тимофеич «кезекші» «зэк» саналатын. Адам өлімі бола қалса, Тимофеичті учаскеге алып келеді, ешқандай күмәнсіз мойнына іліп салады. Тимофеич оған қарсы емес, лагерьде баспанасы бар, тамақ береді. 1985 жылы кезекті рет ұстаған кезде ол фамилиясын  Зыков (юмор…) Юрий Тимофеевичпін деп атаған. Құжатының жоқтығы ешкімнің басын ауыртпаған, сол атаумен жүре берген… 

 2012 жылы Тимофичты Қазақстанда кезекті рет ұстап отырғызады, бұл жолы «адам өлтіргені үшін». Құжаты жоқ адамды тексеріп құжаттап анықтаған ешкім болған жоқ. Істі оп-оңай «дайындап» лагерьге жіберген.  Қазір оның іс қағаздарында оның аты-жөнін анықтайтын бірде бір құжат қалмаған. Құжаттарды дайындауға тиіс арнаулы бөлім оны босатудың алдында аты-жөнін нақтылауы тиіс еді, бірақ оны жасамаған. Қазір лагерьдің қызметкерлері Тимофеичке: біз саған елу мың теңге береміз, көзімізге көрінбей жоғал деп отыр. 

«Өмір бойы сотталушы», адамдармен бірге өмір сүріп көрмеген, жасы 75-е, баспанасы жоқ, жақыны жоқ, құжаттары да жеке куәлігі де жоқ қария бостандықта қанша уақыт өмір сүре алар екен..? 

Алматы облысының КУИС, ДУИС мекемелері не ойлап отырсыздар?  Сіздер қандай жансыздар? Алматы облысының арнайы прокуратурасы, сіздер мына жерде ешқандай заң бұзушылықты көрмей отырсыздар ма?  Сіздерді адамгершілікке шақырамыз. Тимофеичке тағы бір оңайлау «адам өлімін» тауып беріңіздер, қолдарыңнан басқа ештеңе келмесе..

 «Жасөспірім Тимофеич» — қожайыны жоқ мал емес, ол адам.  Біз бұл істі бақылауда ұстайтын боламыз. Тимофеичке құжаттарын тауып беріңдер, сүйтіп бұл мәселені толығымен жабыңдар. Бұл адамның да өзіне тиісті құқығы бар, сіздер оны сақтауға және қорғауға тиіссіздер. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.