2011 жылы 16 желтоқсанда атылудан аман қалған жаңаөзендіктер, Астанаға келді. Сол қырғыннан аман қалғандар, өлгендердің жақындары мен туғандары. Жұмыссыз қалған еліміздің азаматтары, қолдаусыз, қорғаусыз, өмір сүру мүмкіндігінен айрылғандар.  Арасында – Оңайгул Досмағамбетова,  Максат Досмағамбетовтың анасы, сол жолы ауыр жараланып кейін ауру мен жарақаттан 2018 жылы көз жұмды. Мүгедек інісі  Кайрат Досмағамбетов… Жаңаөзеннің алаңында жарақат алған Мұхамед Серікпаев келді..

Олардың  бірінші рет келгендері емес еді. Жыл сайын келеді, жыл сайын оларды бөлек шақырып сөйлеседі, сосын келесі жылға дейін ұмытып кетеді. Олар бүгін астананың Үкімет үйінің қасында плакат ұстап тұрды. Олар өздеріне  биліктің назарын аударғысы келеді, көмек сұрайды, өткен жолы өлтірмей аман алып қалып едіңдер… 

Оларды аңғарды, көрді. Ұстап Есіл аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. Кінәсі — биліктен бейбіт наразылық жасауға рұқсат алмағаны. Билік сол кезде оларды атқан кезде рұқсат алмағанын ұмытты. Соттайтын сияқты. Жақында ғана шыққан бейбіт жиындар туралы заң бойынша соттайтын болады. Тоқаев пен оны қолдаушыларға дұғай сәлем. 

Жаңаөзендіктердің мынадай бір сұрағы бар: олар не себептен биліктен бейбіт жиын жайлы рұқсат сұрауға тиісті? Билік 2011 жылы Тәуелсіздік күні оларды өлтіруге рұқсат сұрады ма… 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.