COVID-19 індетіне байланысты аурулардың санының өсуін тек қана экономикада ғана емес,құқық  қорғау органдары да пайдалануда. «Болмайды, тиым салынды» дегенді ғана білетін күш құрылымдарының қызметкерлері бұл жағдайды 100  пайыз Қазақстандағы адам құқын таптауға, аяусыз қорлауға пайдалануда.  Оған ондаған  нақты дәлелдер мен мысалдар жеткілікті. 

ҚР Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде сотталушылармен кездесуге барлық түрлеріне  тиым салынған. Уәде берілген онлайн-кездесулер тек сөз жүзінде ғана қалды, тіпті адвокаттардың өздері қорғаушыларымен әрең кездесе алады. Жақын туыстармен кездесуге ешқандай жол жоқ. БҰҰ-ң адам құқы жөніндегі Комитеті осы орайда арнайы мәлімдеме жасап, індетпен күресу — адам құқы жөніндегі құқықтарды бұрынғыдан да қатайтып, сондай қаталдыққа баратын режимдер үшін жайлы болуы мүмкін дегенді айтқан еді.  

Комитет бұл мәселеде ерекше назарды еркіндіктерінен айрылғандарға қарсы қатайтуы мүмкін, сотталушылар пандемия жағдайында елден, туғандарынан, құқық қорғаушылардан оқшауланып қалып қоюы мүмкін деген қауіпті айтқан еді. Қазақстанда сол қауіп болжағандай болып сотталушылар қоғамнан тыс қалды. 

Сонымен бірге сотталғандар түрме қызметкерлерінің карантинге қарсы шараларды орындамай жатқандығын, маскілердің, қолғап және дезинфекциялық заттардың жоқтығы жаппай болып жатыр дегенді айтады. Қызметкерлер күн сайын мекемеге сырттан келіп вирус жұқтыру ықтималдығы, сотталушыларды вируспен жұқтыру мүмкіндіктерін көріп отырмыз дейді. 

Сотталғандардың барактарда өмір сүруі «олардың арасындағы әлеуметтік қашықтық» оларға кепіл бола алмайды. Ал медициналық статистика әрқашан «позитивті» есеп үшін пайдаланылады.  Сотталғандардың қысқа мерзімді кездесулері шыны қабырғаның ар жағында ғана телефонмен рұқсат етіледі. Вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа жағдайлар жоқтың қасы.  Бірақ бұндай кездесулерге де тиым салынған. Себебі мотивтері мен аргументтері нақтылап айтылған емес… 

Көптеген сотталушылар бір кездесуден соң екінші кездесуді күтіп үміт отын осындай кездесулермен тұтатып келеді. Олар тұңғиықта отыр, оларға туғандары мен жары, балалары келгенде үміт оттары жанады. Түрмедегі адам қапалы өмірдің тұйығынан шығатындай жағдайда, туннельдің ар жағында жарық сәулені көріп тұруы қажет. Карантинді сотталушының туған-туыстарымен, жары, балаларымен позитивті байланысты жоққа шығармауы керек. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қазіргі жасап жатқан, олардың жақындарымен байланыстың тамырына балта шабуы барып тұрған қылмыс. КУИС түрмелер мен лагерьлерде болып жатқан аяусыздықтар мен жаппай адам құқын бұзушылықтың жалғаса беруін, іштен шығатын шындық пен ақиқаттар қоғамға жетпегендігін қалайды. Ал осы мәселелерді қадағалап отыруға тиіс прокурорлар өздерінің тікелей міндеттерінен бас тартып ҚР ІІМ-ң  КУИС жүйесінің  айтқанынан шықпай отыр. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.