ҚР Қылмыстық атқару жүйесінің комитетіне  түрмелер мен лагерьлерден «шықпауға тиіс» ақпараттарды «бағындыру» қолынан келмей жатыр.

КСРО НКВД-ң және оның сүйікті шәкірті ГУЛАГ-ң тәрбиесінен өткен, түрмедегілерді аяусыз азап пен қорлауға, мүгедек етіп жан жарасы мен тән жарасын салуға машықтанған, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері бұл жағдайды жақсы түсінеді. Сыртқа хабар шығармаудың бір ғана жолы бар — түрме мен лагерьдің іші  дыбыс шығармайтын өліктерден тұрулары қажет, лагерьдің ішінен ешқандай көмекке шақырған, ыңқылдаған аурулардың  үндері естілмеуі тиіс, болмауы тиіс. Міне, осы жағынан алғанда ҚР Қылмыстық атқару жүйесінің комитетінде үлкен проблема. КСРО НКВД-ы кезінде оңайлау болатын, «халық жауы» хатсыз-хабарсыз сотталсын деген үкімді алған соң, оларды атуға, жазалауға, итке талатуға .. рұқсаттар берілетін.  Олардың істеген айуандықтары түрме мен лагерьден тыс жерге шықпайтын, сол себептен де ол кездегі түрме мен лагерьлердің өмірінен еш хабарымыз жоқ. Бүгінгі Қылмыстық атқару жүйесінің комитетіне сол бір кездегі садизмге толы дәстүрді жалғастыруға мәжбүр, бірақ қазір интернет  пен әлеуметтік желі, смартфондар мен бейнекамералар заманы.  Оған қоса КУИС жүйесі қызметкерлерінің ақшаға бәрін сатып жіберуге дайындығы, сондай көріністердің бірі сыртқа шықса болды — бейне дәлелдер бүкіл интернетке тарайды.. қылмыстары ашылады..

 Бұл айтылған сөздерден лагерьлерде сотталғандардың құқықтары бар екендігін мойындағандықтан емес..Бүгінгі таңда түрмелер мен лагерьлерде қорлау, азаптау азайып келеді дегенді білдірмейді, қанша тиым салынғанына қарамастан жасалып жатқан азаптаулар мен қатал тәртіп қанша жасырғаныңмен сыртқа шығып көрініп жатыр. Оларды жасыру мүмкін емес.  Арнаулы прокурорлар мен судьялар бар жанын салып КУИС қызметкерлерін қорғайды.  Әрбір түрме және лагерь қызметкерінің жасап жатқан заңсыздықтарын бейне таспаға түсіруші, әлеуметтік желіде көрсеткен адам жеке басыының денсаулығымен, қосымша мерзім алумен, көп жағдайда өмірін тәуекелге салады. Оның бір ғана қорғаны бар — ол мына біздер әлеужелідегі азаматтар оны қорғап алып қалуы мүмкін. Мына материалдағы бейне таспаны жіберген адам ИЧ 167/2, Шымкенттен екен, өзін Ардақ Сейтжаппаровпын дейді.  Қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне шағым жасаған арызына лагерьдің опері келіп мәселені «бейбіт шешуге ұсынған». Келісім-шарттың негізі —  наркотик, анаша, марихуана, осылардың барлығын опер өзі әкеліп сотталушыға қалдырып кеткен. Лагердің оперлары адам баласы сенім көрсететін жандар емес. Өтірік айту, жалған сөйлеу олардың табиғи істері. Жақын күндері сотталушыға арандату ұйымдастырылып, «жасырылған» наркотик табылады, ал сотталушы оның бәрі менікі деп мойындайтын болады. Түрме мен лагерьлердегі бұл әдіс — ең көп тараған арандатудың бір түрі  болып табылады.

Сотталғандар да адамдар, олардың еркіндігі жоқ. бірақ заң белгілеп берген құқықтары бар. Қоғам сотталушыларға қандай көзбен қарайтын болса, олар да бізге деген көзқарасымен қоғамға баға береді. Қылмыскерлер, әрқашан болған, бола береді, тек біздің қолымыздан ғана олардың қадір-қасиетін сыйлайтын ортаға абыроймен оралуына көмегіміз тиеді. Оқыңыздар, тоқыңыздар, шешіңіздер. Мақаланы көбейтіп тарату — сіздің сол кісілерге көмегіңіз.  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.