Бүгін 2015 жылы сотталған Юрий Пактың әйелі Оля Пак өмірден озды. 

Юрий Пак Қарағандыда физика пәнінің мұғалімі болатын. Пак  анонимді  телефондық қоңыраумен Қарағандының орталық универмагіне қопарғыш бомба қойылды деген жалғандықпен сотталған болатын. Телефон соққан адам мен полицияны жек көргендіктен осылай істедім деп мойындады…

Юрий Пакты оқушылары мен шәкірттері, әріптестері сыйлайтын мұғалім еді. Осы жайлы сотқа қатысқандар айтты. Юрий Пак анонимді телефон соғылған кезде өз әріптестерімен бірге парталарды тасып жүрген болатын, оның телефоны қоңырау шалынған кезде оның сөмкесінде, басқа жерде жатты. Юрийдің әріптестері  қоңырау шалынған кезде олармен бірге болғанын, ешқайда телефон шалмағанын айтты.

Алғашқы сараптама тексеру бойынша  Юрий Пак пен телефон соққан адамның  дауыстары екі түрлі деп тапты. Полиция қайтадан сараптама жүргізуді талап етті, екінші рет жасалған сараптама полиция үшін қажетті сараптама жасап телефон соққан адамның дауысы Юрий Пак деп шешім шығарды. Осыдан ақ Қазақстандағы сараптамалардың сапасының қандай екендігін біле беріңіздер. 

Тергеуші не себептен оқушылар мен әріптестерінің алдында абыройлы  мұғалімнің  қандай мотивпен телефон соққанын дәлелдей алмады. Юрий Пак, физика пәнінің мұғалімі, бұрын сотталмаған, жауапқа тартылмаған қандай себеппен мұндай ақымақтықты жасағаны ешкімге қажет болмай қалды…

Қоғамда ерекше үлкен резонанс алғандығына қарамастан , мұғалімді қолдаушылардың көп болғанына қарамастан ол сотталып екі жыл бас бостандығынан айрылды. Тергеу кезінде мұндай қайғыны көтере алмаған Юрийдің анасы қайтыс болды, қолы кісенделген Юрий Пак  көз жасын төгіп анасының табытының жанында қолы кісендеулі тұрды. 

Юрийдің зайыбы Оля Пак, бұл жылдары қолынан келгенше күйеуі үшін күресті, күйеуінің дауысын тәуелсіз сараптамаға  Ростовқа алып барды. Сарапшылар бірауыздан телефон соққан адамның дауыстың басқа адамдарға жататындығын дәлелдеп берді. Соттың бұл сараптаманы қаперге алмағанын айтып та қажеті жоқ. Оля Пак күйеуінің абыройлы аты мен қадір-қасиеті үшін Юрий лагерьде жүрген кезінде де күресті , оның балалары әкесі жайлы мақтанышпен айтатындай болсын деп бар күшін салды. 

Юрий Пак бостандыққа 11 ай отырғаннан кейін шықты, оның шығуына қойылған шарт -кінәсін мойнынв алу болатын…. Бұл заңсыз, себебі мерзімінен бұрын шығу үшін адам кінәні мойнына алмауы керек. Бірақ солай жасау полицияға қажет еді, сонда ғана Юрий бостандыққа шыққан соң әрі қарай әділеттілікті іздемесін дегендері еді. Юрий Пак жасамаған кінәсін мойнына алып отбасына қосылды.. Осындай адам басына түскен өте ауыр қиыншылықтар Ольга Пактің денсаулығын құртқан болса керек, Ольга бүгін қайтыс болды, ол өмір үшін, күйеуінің ар-абыройы үшін күрескендей күресті.  Осы іс біздің еліміздегі әділетсіздіктің сұмдық масқара шындығын ашып берді: біздің елімізде ешкім өзін еркін сезініп абыройын сақтап қала алмайтындығының куәсі. 

Біздің  еркін бостандықта жүргендеріміздің себебі — полицияның қолы бізге жете алмай жатыр. Олардың қолы босап бізге жеткен кезде біздің қолымыздан келетін ештеңе болмайды.  

Полицияның «кезекші» сарапшылары бар, ол ақты қара, қараны ақ деп қорытынды жасап береді, оларға бәрібір, ал судьялар мундирлерінің абыройын қорғап үкімге айыптау қорытындының қажетті мәтінін көшіре салады..

Неғұрлым өз құқықтарымыз жайлы дауысымызды көтеріп айтқан сайын, дәл сол дауыс шығарған адамның  құқығын жұрт алдында таптап оның абыройын жұрт алдында төгетін болады. Қылмыскерлер жұрт алдында және жазалаусыз қалады..

Полицейлердің бүгін мейрамы, ал Юрий Пактың отбасында қайғы. Бүгінгі біздің өміріміздің екі ақиқаты осындай.   Бүгін біз Юрий Пакпен біргеміз, бүгін бізде қайғы…

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.