Үш жыл еркіндігі шектеліп, плюс 100 сағат қоғамдық жұмыс, плюс қоғамдық жұмыспен бес жылға дейін айналысуға тиым салынады.  Міне, дәл осындай үкім шығарылды азаматтық белсенді Әлнұр  Ильяшевқа, НұрОтан партиясы жайлы айтқан жеке пікірі үшін. Дәл осындай үкімді миллиондаған қазақстандықтарға шығаруға болады. Олардың барлығы  НұрОтанды — ұрылар мен жемқорлардың партиясы деп санайды. Бұл пікірді бір бірлеріне қарсы пікірлер айтып жүрген оппозициялық партиялардың мүшелері де айтып жүр.Себебі бұл айтылған сөз тек қана шындық емес — Ақиқат. Мұншама мыңдаған сотталған жемқорлар, ұрылар, қылмыскерлер  Нұр Отаннан басқа бірде бір партияда болмаған.

Ал сотталмаса да ұрлауды, парақорлықты, соттығы алынбаса да   жалғастырып жатқан нұротандықтарды айтпағанның өзінде. Ал партияның лидеріне келер болсақ, ол ешкімге өз табыстары жайлы сұрауға, білуге (әйтпесе сотталады) тиым салып отыр.  Оның үш қызы да миллиардерлер… 

Балықтың басынан бастап шіритінін білеміз. Сол себептен де НұрОтан әу бастан ұрылар мен жемқорлардың партиясы екендігі оның маңдайына жазылған.. НұрОтанның іріп-шіріп бітетін күні жақын,  ол тек уақыттың еншісінде.  Айтпақшы Әлнұр Ильяшевті тұтқындаған кезде, НұрОтан партиясы оның тұтқындалуына еш қатысымыз жоқ деп мәлімдеме жасаған еді. Ильяшев НұрОтаннан басқа ешкімді ұрылар мен жемқорлар деп атаған жоқ. Сол себептен де Әлнұр Ильяшевтың тарапынан «зардап шеккен» бір ғана партия — ол НұрОтан.  

Түрмеде қамауда үкімін күтіп  азаматтық белсенді Ася Тулесова отыр. Он бес тәулік қамауда басқа азаматтармен бірге серуендеуге шыққан бір топ азаматтық белсенділер отыр. Шексіз бассыздықты жасап жатқан режим азаматтық белсенді Нұрбол Өнерханды (жүрегінің ауруы бар) дереу армияға алып кетейін деп жатыр… 

  17 жылға сырттай сотталған, қашқын,  облыс әкімі НұрОтанның өзінен кәмпескелеп алған миллиондаған долларын жұртшылықтың көзінше Бас прокуратура мен Жоғарғы соттың төрағасының қолымен қайтарып алып жатыр… Артынша НұрОтан партиясын қолдаушылар  лигасы пайда болды… НұрОтанды қолдаушылар  осындай ұрылар мен жемқорларды қолдап, барлық жиған абыройлары мен қадірлерінен айрылуда… 

НұрОтан  партиясы құлағы естімейтін, көзі көрмейтін партия есебінде Тоқаевтың демократиялық реформалары деп аталатын, тек қана ұстау мен тиым салу ғана қолынан келетін  партия болып оытр. Тоқаевтың қолынан жасанды декорацияларды бет перде жасаудан басқа  ештеңе келер емес.  Бұл істердің барлығына жауап беретін күн туады, партбилеттерімен емес, олардың партбилеттеріне кеткен қағаздың құнына да татымайды.. 

Қылмыстық атқару кодексінің 10 және 11 баптарын оқуға шақырамын. Өз құқықтарыңды біліп алыңдар, ал міндеттеріңді естеріңізге салатын болады..

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.