Алты азаматтық белсендіні  (Кайрат Қылышев, Асхат Жексебаев, Абайбек Султанов, Марат Кұрбанов, Бақдаулет Әлібеков, Ермек Қозиев),сенбі күні кешке жұртпен бірге қыдырып серуендегені үшін 15тәулікке қамады. Тағы үш азаматқа  Серік Айтжанов, Сағидулла Акаев, Абай Бегимбетов) — үлкен мөлшерде айып салды. 

Мұның барлығы «жаңа заңдар» шығып жатқан кезде, «демократиялық реформаларға» мәз болып бөркімізді аспанға атып жүрген кезде болып жатқан «істер».  Көп сөзді шығындамайық, осыдан ақ көріп отырсыздар, елімізде еркіндіктің базалық принциптері жақсарған жоқ. Тоқаевқа осыдан соң сенуді жалғастыра беруге болады, бірақ мұндай сенімнің құны қара бақыр. 

Еліміздің азаматтарын билікке оң қарайтын және теріс пиғылмен қарайтын деген екі түрге бөліп отыр. Егер сен азаматтық белсенді деген атың болса, онда саған демократия басқаша қолданылады, серуендеуге шықтың болды, сен азаматтық белсендісің, сол үшін сені желкеңнен ұстап алып барып қамауға, соттауға болады. 

«Серуенге шығу», жұртпен кездесу, әңгімелесу, бас қосу ежелден қалыптасқан заңды позитивті жұмыс. Біз бұл әдісті екі мыңыншы жылдардың ортасында панфиловшылар паркіне шақырып қолданған болатынбыз. Келеміз деген қолдаушылардың саны ондаған адамдар болды, бірақ келушілер жалғыз-жарым болды. «Диван батыр» деген сөз сол кезден қалған, ондаған штаттық киіммен келген полицейлерден серуендеуге келген адамдар қорқып қалды. Идея «сөніп» қалған еді. 

Содан бері он бес жыл өтті, көп нәрсе өзгерді. Глобальдық дамудың ұлғайып жатқан кезінде режим өзінің жымысқы тірліктерін жасырып тәуір жағынан көрінгісі келуде. Сондықтан да режимнің топастық әрекеттерін өзіне қарсы пайдаланып, оның шынайы бет пердесін, топастығын ашып көрсету қажет.  Азаматтық белсенділерді олардың сенбі күнгі серуенге шыққандары үшін қамау —  полицейлердің нағыз топастық ақымақтығы, олардың екіжүзділігі, бүгінгі биліктің шын беті, шынайы бейнесі. Мұндай құқықтық әділетсіздік пен шексіз ақымақтықты билік ешқандай құқықтық ережелермен түсіндіріп бере алмайды. Бұл жайлы сұрақтарға жауап таба алмайды. 

Қазақстан азаматтары өз қалауынша қалаған жеріне барып, жүруге құқығы бар, егерде арнайы тиым салынған заң баптары болмаса. Азаматтық белсенділер өздері сияқты қыдырып жүрген азаматтар барған жерлерге барып, олармен бірге еш қандай шектеусіз жүріп тұруларына құқтары бар. «Бейбіт серуендеу» идеясы қолдауға тұрарлық шара, оны барлық азаматтық белсенділер қолдап, қандай топқа, ұйымға, қозғалысқа жататындарына қарамай бірлесіп жүрулерін қолдаған дұрыс. Осындай кездесулердің көп болып, ортақ әңгімелердің көп айтылғаны, бірігуге күш салуларының көп болғаны дұрыс. Диктатура мұндай «серуендерден» өлердей қорқады. Бұл істің  жаппай дамығаны жөн. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.