Бейбіт наразылыққа шығып жатқан азаматтарға байланысты оқиғалардың өзіне тән бағыт алып бара жатқан тенденциясы бар сияқты. Бұл мәселеге жіті үңіліп ақыл мен ой елегінен өткізген дұрыс болар. Бұлай жасау қажет деп санаймын, тіпті дереу жасаған дұрыс болады. Айтайын деп отырған мәселе — бүгінгі диктаторлық режимнің наразылық жасаушылардың қауымдастығын жүйелі, жоспарлы түрде жік-жікке бөліп, оларды ырду-дырду етпекші. 

Мен бүгінгі күнгі жағдайды айтып отырмын, бірақ мұндай тактиканы режим бұрында жасағанын айтуым керек. Алғаш рет осындай әдіс 2002 жылы бірінші ҚДТ-ың кезінде болды, ҚДТ мен Ақ жолға қарсы қолданып оларды екіге бөлді.  

Бұл әдісті «күлше мен қамшы» деп атайды. Бұл әдісті Назарбаевтың диктатурасы ойлап шығарған жоқ, мұндай әдісті мың жылдар бойы  барлық диктатуралар қолданады.

2002 жылы ҚДТ-ы құрған азаматтардың барлығын өз қызметтерінен бір мезгілде алып тастағаннан соң, олардың кейбіреулерімен жеке әңгімелер өткізілді. Оларға Мұқтар Әбләзов пен Ғалымжан Жақияновтан аулақ кетіңдер, әйтпесе «қамшы» қолданамыз деді. «Қамшыдан» құтылуға көнгендерге, бірақ «күлшеден»айрылып қалғысы келмегендерге «сендер өз партияларыңды» құрыңдар деген ұсыныс түсті. Партияларыңа жол ашылады, тек Назарбаевқа шабуыл жасамаңдар деген шарт қойылды. Олар келісті. 

Оларға партия құру жолында ешқандай қиындық болған жоқ, кедергі, тосқауылдар болмады. «Ақ жолдың» құрылтай съезі «Алатау» кинотеатрының үйінде, Төле би мен Қонаевтың қиылысында үлкен салтанатпен оркестр, фуршет, банкетімен өтті. Съезд болардан бірнеше күн бұрын кинотеатрдың фронтонында Ақ жолдың «тұлпарының» суреті ілінген баннер алыстан көз тартып тұрды…

Дәл осы кезде РҚБ ҚДТ өз съезін өткізіп жатты, оны өткізу қажет еді, себебі жаңа Ақжолды құрушылар ҚДТ-ң саяси кеңесінің мүшелері болып қалған болатын, оларды саяси кеңестен шығару қажет болды.  

ҚДТ-ықтардың бір бөлігі Ақ жолға ауысып кеткен соң ҚДТ-ң саяси кеңесінде Әбләзов пен Жақиянов азшылықта қалып қойды. Көпшілікке айналған «ауысып кеткендер» саяси кеңестің мәжілісінде ашықтан ашық саботаж жасап оның жұмысына кедергі жасады. Алғашқы кезде саяси кеңестің шешімін қабылдау үшін «консенсустық» келісімге келіскен едік, бір ғана қарсы дауыстың өзі процессті тоқтатып отырды. Жағдайды өзгертіп саяси кеңестің мүшелерінің санын ұлғайту, оған жаңа адамдарды енгізу, шешім қабылдау жүйесін өзгерту қажет болды. Ондай шешімді тек съезд ғана қабылдайды..

2002 жылдың ақпаны. Режимнің тыныс тарылтқан прессингі. Съезд өткізуге жарты сағат қалғанда, зал жалдауға орын дайындаған жерден үрейлі қожайындар телефон соғып ақшаларыңды алып кетіңдер деген хабар келді. Ол жерге «штатты киім кигендер» келген. Осылай бірнеше рет қайталанды.. Не істеу керек? Бірнеше топ құрып Алматының бірнеше аудандарынан жалға орын іздедік, артымыздағы «ізшілерді» адастырған соң ғана орын табуға келістік. Осылай төрт жерден орын тауып, оны өте құпия ұстадық. Съезге қатысушыларды автобуспен тек басталу алдында ғана алып келдік, Абай көшесінің аяғында Розыбақиевтан кейін жердегі үлкен кафені толтырдық… Жарты сағаттан соң кафенің қожайыны бізді кетіргісі келіп жарықты сөндірді.. бірақ қанша қитұрқылардың болғанына қарамастан  съезімізді өткіздік, ол съезд тарихта ұмытылмай қалатын болады..

 «Ак жол» осыдан кейін көп жыл ресми түрде оппозициялық партия  саналды, бұл партияны конструктивтік оппозиция дейтін болды.. Ал ҚДТ-ы әуелі «радикалды», сосын «экстремистік» деп атайтын болады.  Осы жерде  әуелі «троцкийшілер, зиянкестер» саналған, сосын НКВД-ң көмегімен олардың «халық жауларына» қалай айналғанын еске алуға болады… ҚДТ -ң  осы жылдары адамдарын ұстап, қамап, отырғызып, қуғындаудан көз аштырмады, олардың қайдан қаражат көздерін тауып жатқанын іздеп әуре болды.. Көп жылдар бойы осы жағдай жалғасты..  Нұржан Сұбханбердин  — «Казкоммерцбанктың» бас акционері және «Ақ жол» партиясының саяси кеңесінің мүшесі, саяси кеңестің басқа да мүшелері «Казкоммерцбанктің» акционерлері болатын, бірақ билік «Ақ жолдың» қаражат көздерін іздеген де жоқ.  

2002 жылдың наурыз айында Әбләзовты тұтқындады, сәуірде Жақияновты. Тергеу екі ай жүрді, 2002 жылдың жазында Астана мен Павлодарда екеуінің соты болып оларды алты және жеті жыл лагерьге қамады. 

Мұқтар Әбләзовқа ҚДТ-ы қаржыландырдың деп кінәлайды, сол үшін соттайды, басқаларын айтпағанда, халықаралық құқық қорғау орындары Әбләзовты саяси тұтқын деп мойындады..  Өткен уақытқа сонша экскурс жасап оған мән беруіміздің себебі, бұл жағдайдың бүгінгі күнді түсінуге, талдауға қажеттілігі. Наразылық жасаушыларды осындай «күлше мен қамшы» әдісімен жікке бөлу, бір бірлеріне қарсы қою жалғасуда. Екі мыңыншы жылдармен айырмашылығы онша емес, олардың табиғаты бірдей. Ол кезде де, бүгінде режимнің жұмысының технологиясы бірдей.  Режимнің хронологиясы бірдей: 

  1. наразылық қауымдастықтың ішінен режимге қарсы күресуші қайтпас қайсарларын бөліп алу; 
  2. «экстремисшілсің» деп айыптау  жолымен оларға қарсы қамшыны аямай сілтеу; 
  3. оларға қарсы жалған соттар ұйымдастыру, ал сот олардың «қылмыскер» екендігін заңдастырып береді; 
  4. осыны негізге алып «экстремистік» ұйымдардың мүшелері мен жақтастарын қуғындау, бұл қуғындауды жұртшылыққа көрсетіп, оларды қорқыту мақсатында ашық жасау; 
  5. міне осындай тірлікті жасап жатқан режим өзінің «демократиялық реформаларды» қолдайтындығын айтып, «конструктивті оппозицияны» «диалогқа» шақырады, сүйтіп өзінің антидемократиялық пиғылын жасырмақ болады. 
  6. бір жағынан өздерінің азаматтық құқығын қорғап көшеге шыққандарды күшпен, таяқпен ұстап, қамап соттап жатқан режим, екінші жағынан  — өздері «тағайындаған» «конструктивті» оппозицияны көшеге, ереуілге шыққандары үшін ешбір жазаламайды; 
  7. бұл іске осы кезде «ботофермалар» мен әртүрлі арандатушылардың тобы араласып, қолдан жанжал ұйымдастырып, осындай жағдайды соза беруге күштерін салып жатыр; 
  8. нәтижесі: режимге қарсы күресудің орнына наразылыққа шығушылар бірін бірі айыптау, тіл тигізу, жалған, өсек пен қауесеттерге белшесінен батып одан шыға алмай келеді, оған барлық күш пен қуат, жігері мен еркі жұмсалады. Жаппай ырду-дырду атмосферасы сырттан қараушыларға жақсы ұнайды, бұндай наразылықты қолдамайтындарды, спонсорларды  қашырады. Қоғамның наразылық сегменті маргиналданып бара жатыр, олардан потенциальды қолдаушылар мен қолдағысы келген демеушілерді қашырып жатыр.  

Шынтуайтына келгенде, наразылық топтың басшыларының бірінің режиммен келісімі бар ма, жоқ па, онда тұрған ештеңе жоқ.  «Сатқындық» жасау деген сөзді кімге айтуға болады, егер ол адам өзіне сенген адамдарды лақтырып тастап билікті өз жеке басына пайдаланса.  Сондай кезде ғана режим адамның лояльдығын пайдаланып оны сатып алып, ал анау сатып алынған адам өзінің фанаттарын үкіметтің ісі үшін пайдаланса.  

Егер адамдар наразылық жасауға өзінің ішкі принциптерімен келген болса,  мұндай кезде басшы немесе жетекшінің, көсемнің ролі — екінші нәрсе. Басшы түпкі мақсатты орындау жолындағы істер үшін қажет, режимге оны «сатып алудың» еш қажеті жоқ, ол бір өзі ештеңе істей алмайды… себебі басқалардың коллегиялық құқығынан аттап өте алмайды. 

Жоғарыдағы айтылған сөздерді — бүгінгі қоғамдағы наразылық жасаушылардың осындай болуын қалайтындарға арнап отырмын. Дәл осындай жағдай бүгінгі диктаторлық режимге ғана тиімді.

Біздің құқық қорғау жөніндегі позициямыз, осы дау-дамайлардың ортасында жүргендердің байқамай жүрген нәрселерін көруге, аңғаруға мүмкіндік береді. Қоғамдағы әр алуан наразылық топтардың жікке бөлінуілерінің болғанына қарамастан оларды біріктіретін ортақ бір нәрсе бар, олардың барлығы да бүгінгі қалыптасқан жағдайға қарсы, осы жағдайды бейбіт жолмен тезірек ауыстырсам дейді.  

Бұл мәселедегі ең алғашқы қадам — дау-дамайлар мен бірін бірі айыптауға мораторий жариялау, ең болмағанда, уақытша. Екінші қадам — режим «күлше» ұсынғандарды жұртшылық алдында қолдау. «Белсенді болу — экстремизм емес» — осы ұран жаппай қоғамға таралуы керек.  Егер режим біреулерді ұстап, қамап, екінші біреулерді сондай іс-қимылдары үшін қамамаса — ол сіздің еңбегіңіз емес. Бұл режимнің тірлігі. Режим «экстремист» деп атағандарды қолдаңдар. Ішітарлық пен кекшілдік — міне осы қасиеттерді режим азаматтардың арасында насихаттап келеді. Алданып қалуға берілме, биліктің ойыншығы болма.  

Келесі қадамда — бірлесіп атқаратын бейбіт наразылық жобалары, көшелік, жаппай бұқаралық іс-қимылдар. Міне, солардан режим өлердей қорқады. Міне, сондай іс-қимылдардың кезінде кімнің кім екенін білуге болады. Қажетсіз сұрақтар мен күдіктер тумайды. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.