НұрОтанды қолдаушылардың лигасы… Олар кім деген сұраққа жауап алу қиын емес. Қолдаушылар аттарын атап, жұртшылық алдында суретке түсіп өздерін көрсетті. Одан артық не керек? Тарих үшін бұл суреттің қажет болары анық. Әр жемістің пісетін уақыты мен оны жинау уақыты бар. 

Олар айтады — біз НұрОтаннан әлеуметтік жаңа «қимылдар» жасауды талап етеміз, шешілмей келе жатқан мәселелерді және тағы басқаларды істетеміз дейді. Сонымен бірге НұрОтанға сайлауда жеңіске жетуге көмектесеміз, праймеризге қатысамыз дейді… Бұл азаматтар өздерін НұрОтанның қолдаушыларымыз деп жариялады. 

НұрОтан дегеніміз — Назарбаев. Ақиқаты да, шындығы да осы — Назарбаев.  Бізді қоршаған айналамыз түгелімен Назарбаев, қасында Тоқаев. Тоқаевты Назарбаевтан бөліп айыруға болмайды, өмір бойы Назарбаевтың көлеңкесі, егізі болып өмір сүрді, солай өмір сүріп келеді, президенттікті де Назарбаев сияқты атқарып жатыр. 

Осының барлығы біздің өмірімізбен қат-қабат араласып келеді: азаматтық және саяси еркіндіктің жоқтығы, оппозицияның жетекшілері мен белсенділерді өлтіру, мыңдаған саяси мотивті жазалаулар, айыптау сот шешімдері, бір сөзбен айтар болсақ бұл жайлы мыңдаған парақ сөздер жазуға болар еді…

Көп сөзге бармай, жақында болған жаңа мысалдарды келтірейік: ҚДТ мен Көше партиясын экстремистік деп мойындау, шындықты айтқан, әділеттілікті сұрағандарды соттау, Дулат Ағәділ мен Серік Оразовты өлтіру, жап-жас азаматтық белсенді жүрек ауруы бар Нұрбол Өнерханды армияға шақыру үшін үш рет (!) комиссиядан өтуі, Ася Тулесованы  полицейдің бас киімін қағып түсіргені үшін түрмеде ұстап отырғаны, Әлнұр Ильяшевті түрмеге салып отырған НұрОтан, шындықты айтқаны үшін. Иығына погон таққандардың түрмелер мен лагерьдегі адам естімеген зорлықтары мен қылмыстарын жұртқа жариялағаны үшін адам құқын қорғаушы Елена Семенованың  басынан кешкендері…

Қазақстан халқына шындықты жеткізіп жатқан құқық қорғау kuresker.org сайтын «белгісіз біреулердің» бұғаттауы.  

Айтыңыздаршы, осы оқиғалардың ең болмаса біреуіне НұрОтан үн қатты ма, пікірін айтты ма?  Жоқ. Неге? Себебі НұрОтан жымысқы арамдық пен жамандыққа ғана көмектесетін партия, сондай адамдармен Мәжілісті толтырды. Мәжіліс арамдық пен жамандыққа қызмет ететін заңдарды ғана шығарады. НұрОтан — бас диктатор басқаратын диктатураның бір бөлігі.  

Ерлан Саиров, Эдуард Полетаев, Марат Шибутов, Жанарбек Ашимжан, Мұрат Абенов, Бибигуль Даулеткызы, Яков Федоров – сіздер өздеріңді осы жамандық пен арамдыққа толы партияның қолдаушыларымыз деп жарияладыңдар. Осыншама жамандыққа толы партияны қолдаймыз деп отырсыздар. Сонда бұл қозғалыс НұрОтанмен бірге азаматтарды ұстап, қуғындап, түрмеге салып, адамдарды қорлап өлтіруіне көмектесетін боласыздар ма! Бұл таңдауды сіздер өз еріктеріңмен жасап отырсыздар, аттарыңыз бен қадір-қасиеттеріңді батпаққа батырдыңдар. Бұл сіздердің өз қалауларың, жауапкершілік өздеріңде.  

Енді құқық жайлы сөз етейік.  Егер НұрОтанның жақтастары жұртшылық алдында «заңды тұлғасыз» қоғамдық қозғалыстар жасауларына болса, онда не себептен НұрОтанның қарсыластары, олар да Қазақстанның азаматтары, неге тіркелмеген ұйым құра алмайды.  

«НұрОтанның қарсыластарының лигасы» деген заңды тұлғасыз қоғамдық қозғалысты құрсақ қалай болады? Аты да сәтімен келіп тұр. Алға, достар?  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.