Әр елдің құқықтық жүйелері бір бірлерінен өзгеше болып келеді. Заңдардың бүгі-шігелеріне бармағанның өзінде айырмашылықтарының көп болатындығы сонша, олардың қоғамдық құрылымы, қоғамдық санасы мен болмысы, билікке деген көзқарасы, саяси құрылымдары да басқаша.

ҚР Жоғарғы соты Бас прокурордың түсірген қарсылық қатынасын қанағаттандырып, бұрынғы Атырау облысының әкімі, сырттай сотталған Бергей Рысқалиевтің кәмпескеленген мүлкін қайтарып берді. Естеріңізге сала кетейін, осыдан бірнеше жыл бұрын (2012 жылы) Назарбаев «сұр кардинал» аталған өзінің  «сенімді» уәзірі Аслан Мусинді өз қолымен «соттап», содан соң батыс облысының «басқарушысы» болған Бергей Рысқалиевті   тоқпағының астына салып сырттай соттатқан еді.  

Жаңаөзен қырғынынан кейін жарты жыл өткен соң Назарбаевтың қолына бұл қырғынды жасаған Аслан Мусин екендігі жайлы, ол қырғынды Мусин Бергейдің қолымен жасаған, 2011 жылғы 16 желтоқсандағы арандату мен жасалған қырғынды Рысқалиевтің криминалды тобы ұйымдастырған деген  деректер түседі. Асау мінезімен және бостандық сүйгіштігімен танылған Жаңаөзен мұнайшылары мен жергілікті адайлықтарды осындай жолмен қорқыту қажет деп Назарбаевты көндірген де Аслан Мусин болуы мүмкін… Бұл арандатудың мақсаты — Маңғыстау облысы мен Қазмұнайгаздың басшылықтарының абыройын түсіру, ол жердің басшыларын алып тастап олардың орнына «өз» адамдарын қоймақ болған. Атырау облысынан есепке кірмейтін ұрланған мұнай мен мұнай өнімдерінен түсетін ақшаны басқа жаққа бұрмақ болған, себебі Атыраудағы мұнай өңдеу комбинаты Қазмұнайгазға бағынатын еді..

Бұл жоспардың түпкі мақсаты — осындай жолмен өте қуатты қаржылық алпауыттық негіз құрып, содан кейінгі мақсат — Назарбаевтың билігіне ауыз салу еді. Әрине сыртынан жасалмақ болған мұндай ойластырылған «қастандық» Назарбаевты ерекше ашуландырды.  2012 жылғы баға мен айналымдық баға көрсеткіштері бойынша көлеңкелі ақша айналымы, тәулігіне бірнеше миллион доллармен есептеледі…

Бүгінгі Жоғарғы соттың шешімі нені көрсетіп отыр? Осыдан бірнеше жыл бұрын болған сол оқиға мен бүгінгі Бергей Рысқалиевтің арасында тікелей байланыстың бар екендігін көрсетеді. Осыдан біршама  уақыт бұрын Бергей Рысқалиевтің адамдары Лондонда Назарбаевтың  жеке күзетін «ыңқ» еткізбей аузын жауып, Назарбаев пен Рысқалиевты жеке келіссөзге мәжбүрлеген. Осыған қарағанда, Рысқалиевтің Назарбаевқа қарсы мықты оппонент екендігін, Бергей Рысқалиевтың Назарбаевқа қарсы өте үлкен мықты «көзірі» бар екендігін, Назарбаев үшін ол «көзір» өліммен тең екендігін аңғаруға болады.  Бұл болжамды растайтын тағы да басқа қосымша айғақтар жеткілікті: Лондонда емін-еркін жүрген Рысқалиевті Қазақстанның соты мен прокуратурасы іздеп те жатқан жоқ, ағылшын билігіне «ұстап беріңдер» деп те талап қойған емес, Бергейге қарсы қозғап жатқан ісі де жоқ… Сүйте тұра, Назарбаевтың басқа «жеке дұшпандарына» қарсы, оларды ұстауға үкімет бюджеттен миллиардтап ақша жұмсап жатыр…

Бергей Рысқалиевті «императордың» «денесіне» жақын деп айтуға тіпті де келмейді. Сөз жоқ, Бергей өзіне «сұр кардинал» берген ақпаратпен Назарбаевты  мықты жанды жерінен ұстап отыр. «Сұр кардинал» мұндай мүмкіндікті қалт жібермейтін кекшіл адам..

Міне, көріп отырсыздар, Бергей Рысқалиев астрономиялық цифрлармен өлшенетін кәмпескеленген активтерін қайтарып алып жатыр, бұл жағдай әңгімеміздің басында айтқан қазақстандық «құқық» жағдайына қайтадан оралтады.  

Егер Қазақстанда прецеденттік құқық деген бар болса, (ондай құқық көптеген саяси жүйесі дамыған елдерде бар), онда соттың мұндай шешімі басқа да мыңдаған сот шешімдерін қайта қаратқызған болар еді. Сүйтіп сотталғандардың мүлкі мен дүниелерін қайтарып берген болар еді.  Сотталған адамға, оның жеке меншігін қайтарып беру процедурасы  — бұл барып тұрған заңбұзарлық вакханалия, себебі бұл іске төменгі оперлерден жоғарғы судьяларға дейін қатыстылар, істің кейіпкерлері, олар да ортақ астаудан жем жегісі келетіндер.

Мен өзім бірнеше жағдайды білемін (авт. — В. Козлов), сотталған адамның айып жасағанына дейін оның жинаған мүлкінің кәмпескеленгенін білемін. Бір адамның мүлкін (кафесі) кәмпескелеген жағдай болды, ол адамды сотталған адамның досы болғаны үшін, кафені досының ақшасына салған деп, бірлескен қожайыны деп, еш дәлелсіз тәркілеп тартып алды…

2012 жылы менің атыма тіркелген партияның офистері мен дүние-мүлкі түгелімен кәмпескеленді.. себебі «Алға» (ҚДТ) партиясының мемлекеттік тіркеуі болмағандығы, заңды тұлға еместігі үшін…  Осы дүние-мүліктермен қоса, басымдағы 40 шаршы метр пәтерімді кәмпескелеп отбасымды далада қалдырды… ҚР ҚК-ң баптары бойынша бұлай ету заңға қайшы екендігіне соттың бірінші инстанциясы да, одан кейінгі инстанциялар да көзге ілген жоқ. Жоғарғы сот өз шешімімен бұл заңсыздықты дұрыс деп бекітті.

Бұлай болу себебі мынада — Қазақстанда заң биліктің қалауымен- таңдауымен жұмыс істейді. Өзін билікпін деп санайтындар барлық заң, кодекс, конституциялармен өз қалуынша:  «барлығы біз үшін, дұшпандарға — заң» деген принциппен  пайдаланып отыр. Сол себептен де бұл адамдар Қазақстанды басқарып отырған кезде «заңдарды реформалау» деген бос, нәтижесіз тірлік. Қасқырдың қойды мен бағамын дегеніне сенуімен бірдей…  

Заң мен эділеттіліктің «биліктің қалауымен-таңдауымен » атқарылуын осы жүйені құрғандармен бірге тарихтың қоқысына жіберу керек. Тарихи дамудың диалектикалық заңдылығы осындай.  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.