Біріккен Ұлттар Ұйымы пандемия басталған кезде осы індеттік жағдайды адам құқына қарсы пайдаланатын елдердің бірі есебінде Қазақстанды солардың қатарына енгізіп қауіптенген болатын. Айтса айтқанындай болды.. 

 Індет кезінде «коронавируске қарсы күресті» демократияға қарсы күреске ауыстырып, митингілер, партиялар, сайлау туралы заңдарды «оптом» қабылдап жіберді. Аталған заңдарды біздің азаматтық қоғамымыз ондаған жылдар бойы күтіп келді, міне сол аңсап күткен заңдарды бүгінгі режим асығыстықпен, айтылған ескертулерге құлақ аспай қатаң режимнің жеке пайдасына ғана жарайтындай етіп қабылдап жіберді. 

Пандемия кезінде ондаған азаматтық белсенділер қамалып, тұтқындалып сотталды. Бұған дейін жеңіл жаза алған, еркіндіктері шектелген белсенділердің жазалары қатайтылып бостандығынан айрылды. 

Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлерінің қолынан Дулат Ағәділ мен Серік Оразов өлді,  екі азаматтың не себептен өлгенін білгісі келгендерді, оны тексеруді талап еткендерді полиция мен ҰҚК соңдарынан түсіп қуғындады. Карантин режимі  мезгілінде режим құпия сот мәжілісін өткізіп «Көше партиясы» қоғамдық қозғалысын сырттай соттады. «Көше партиясы» тарапынан ешкімге қорғануға мүмкіндік берілмеді, ондаған процессуальдық заң талаптары мен ережелері бұзылып, еш дәлелсіз, айғақсыз қозғалыс «экстремистік» деп танылды, оның елдегі жүздеген қолдаушылары полицейлер тарапынан қатал, аяусыз қуғын-сүргінге ұшырады. 

Пандемия жағдайын заң бұзушылыққа пайдаланған режим қуыршақ парламенті арқылы бірнеше түзетулер мен заңнамалық ұсыныстарды қабылдап полицияға, арнайы қызмет орындарына, прокуратура мен судьяларға адамдардың азаматтық және саяси құқықтарын басып жаншуға  көмектесетін заңнамалық мүмкіндіктер жасап берді. Атап айтқанда,  енді сот қарсы жақтың өкілдерін қатыстырмай-ақ өзі іс қозғап, өзі соттай беретін болды.  

Біздің «әділетті сотымыз» бен «онлайн-соттарымыздың» «карантиндік жаңалықтары» Кеңес одағының өткен замандағы «үштік», «бестік» деп аталатын қорқынышты соттарға ұқсап кетті. Бұл соттар бойынша айыпталушылар мен қорғанушы жағы формальды түрде компьютердің жанында отыратын сүлбеге айналды.  Жақында ғана өткен азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшевтің сотынан мысал келтірелік. Байланыстың өте нашар болғандығы сонша,  сотта айыпталушы мен қорғанушылар жағы  судьяны, судья оларды естімей отырғанына тіпті көңіл де аударған жоқ… Судья мәжілісті жалғыз адамның монологы форматында өткізді: өзі сөйлейді, өзі жауап береді, өзі шешім шығарады… Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі комитеті пандемия басталған кезде осы жағдайды ескертіп қауіптенген еді, қазақстандық диктатура елдегі адам құқығына наразы болғандарды карантиндік шаралар арқылы пайдаланып жойып жатқанын Комитет зерттеп оған баға беруі тиіс. 

Қазақстанның билігі демократиялық реформалар жасап жатырмыз деп әлемге екіжүздікпен жар салуда, бірақ шын мәнінде пандемия жағдайын өзінің диктаторлық режимін нығайтуға ұятсыздықпен пайдаланып жатыр.  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.