Қазақстандықтарды біздің құқық қорғайтын kuresker.org сайтына кіргізбей бұғаттап тастағанына бір ай толып отыр; 2020 жылдың 15 мамырында  интернетке қосылғанына үш ай толғанда сайт бұғатталды. 

Бұғаттау алдында ешқандай ескерту алған жоқпыз, сайтымызға ешкім шағым айтқан жоқ, сайтты бұғаттап тастауға құқы мен өкілеттігі бар ау деген органдарға қатынас жазып «сіздер емессіздер ме… сіз болсаңыз, не себептен..?» деп хат жаздық.

Әуелі «Қазақтелеком» АҚ-а жаздық, себебі біздің тексеруіміз бойынша сайтты бұғаттаған құрал-жабдықтар Қазақтелекомдыкі екен, сосын ҰҚК, Бас прокуратура, ІІМ-е жаздық. Себебі, бұл мекемелер соның алдында ғана веб-ресурстарды сотсыз бұғаттап тастауға заң жолымен рұқсат алған болатын. Ақпарат министрлігіне де сұрау салдық — себебі бұл министрлік веб-кеңістікті мониторлауға, сотқа шағым жазып бұғаттауға ұсыныс беруіне құқы бар.  Жоғарыда аталған ведомстволар ресми жауаптарында біздің сайттың жұмысына ешқандай қоятын кінәсі жоқ екен, бізді бұғаттамапты, сотқа жүгінбеген. Қазақтелеком АҚ-ң жауабында «ҰҚК-ң Мемлекеттік техникалық қызметі» деп аталатын Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға айтыңдар деген сілтеме алдық. Жақында бұл мекемеден де «шағым жасаған жоқпыз», «бұғаттаған жоқпыз», «қатысымыз жоқ» деген жауап алдық….

Басқа көздерден жеткен ақпараттар бойынша біздің сайтымызды бұғаттауға Министрліктің телекоммуникациялар жөніндегі цифрлық даму комитетінің де қатысы жоқ екендігін және Kcell -ң басқа да әртүрлі ұзын тізімдегі көп мекемелердің де қатысы жоқ екенін білдік. 

Сүйтіп, бұл мәселеде билік үшін өте ұятты нәрсені анықтадық: бізді бұғаттағандар, бұғаттау қолынан келетін, бірақ онысын мойындағысы келмейтіндер екенін білдік, себебі мойындайын десе — заңды белінен басып отыр. 

Тағы бір айта кететін нәрсе, біз сұрау салып қатынас жазған органдар дереу «іс қозғап», неге азаматтардың ақпарат алуға байланысты конституциялық құқықтары, БАҚ туралы заң неге бұзылып жатыр деп ұшып тұра келуі қажет еді. Әншейінде осы ведомстволар домалақ арыздар мен шағымдарға «дереу қимылдап», «белгісіз біреулердің» іс-қимылдарына селт ете қалады. Бұл жолы, еш қимыл болған жоқ… Қалыптасқан, қайталанып келе жатқан тәжірибе… Біз өз тарапымыздан ашық ақпарат көздері арқылы, қиын емес қисынды тірлікпен тексерулер жасадық.  

 

  1. Мына  ресурс арқылы, https://check-host.net/check-http?host=http://kuresker.org:80веб-сайттардың әлемдік нүктелерге барып жатқандығын тексере келе  біздің  http://kuresker.org  сайтымыз Қазақстаннан басқа жердің барлығында қол жетімді екен, сонымен бірге Кім және қандай құралмен Қазақстанда бұғаттауды жүргізіп жатқаны жайлы жалпы ақпарат алдық; 

Узел

kz1.node.check-host.net

IP

185.120.77.165

Датацентр

Kazakhtelecom

Провайдер

gohost.kz

Номер AS

AS203087

  1. Мына ресурсты пайдаланып https://2ip.ua/ru/services/information-service/site-location, сол құралдардың географиялық орындарын білдік  IP120.77.165;

Код страны:

 KZ

Cтрана:

Казахстан

Регион:

Карагандинская область

Город:

Актас

Широта:

49.77889

Долгота:

72.96083

ZIP-код:

100000

Местное время:

22:15 (+06:00)

 

 

 

  1. Ресурсhttps://check-host.net/ip-info?host=185.120.77.165сонымен бірге аталған  IP екі локациясы бар, бір провайдермен байланысты;  Қарағанды облысының Ақтас поселкесінде  https://gohost.kz/
  2. Гугл-картаны пайдалана отырып, координаттар арқылы (бойлық пен ендік) аталған техниканың IP дәл орналасқан жерін анықтадық: Қарағанды облысының Ақтас поселкесі;

 

  1. ASAS203087(Автономная система (AS) в интернете —( это система IT-сетей и маршрутизаторов, управляемых одним или несколькими операторами, имеющими единую политику маршрутизации с Интернетом ) –осы  IP-ң құрал жабдықтың қожайыны кім екенін анықтадық — ҚР азаматы Фединяк Сергей Вячеславович: https://db-ip.com/as203087-pe-fedinyak-sergey-vyacheslavovich
  2. Ашық ресурстар арқылы алған ақпараттар бойынша білгеніміз:  Сергей Фединяк  IТ-технологиясымен байланысты бірнеше ұйымдардың жетекшісі. Атап айтқанда, мына адрес бойынша орналасқан: Қарағанды, Алиханов көшесі, 1, офис 502, 505, (Каскадная площадь фонтанов).https://gohost.kz/ жетекшісі.

 

Осы ақпараттарға сүйеніп біз әрине  Сергей Фединякқа ресми түрде  kuresker.org,құқық қорғау сайтын бұғаттап, азаматтардың конституция бойынша  ақпарат алуқұқығын неге бұзып отырғаны жайлы сұрау салатын боламыз. 

Біз сонымен бірге, формальды болса да, тиісті құқық қорғау ведомстволарға осы ақпараттарымызға сәйкес азаматтардың Конституциялық құқықтарын , БАҚ туралы заңдарды бұзғанына байланысты  тексерулер жүргізуді сұрайтын боламыз. Егер қарағандылық әріптес-журналистер біздің тексерулерімізге қатысар болса,алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Мәселенің мән жайымен хабардар етіп отыратын боламыз. Біз бұрынғыша  сіздермен біргеміз, сайттың Фейсбуктегі   kuresker.org парағында кездескенше!  Сіздермен біз күштіміз!

 

 

 

Spread the love

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Это просто его комп предоставлен для услуги проверки доступности из нашей страны

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.