Ботагөз Омарованың Қарағандыдан жазған арбаға байланған мүгедек сотталушы жайлы мақаласы  — бұл тақырыпты егжей-тегжейлі айтып оған назар салуды ғана қанағат етпейді, бұл мәселені тезірек шешуді талап етеді. Себебі бұл тақырып еліміздегі әлеуметтік тұрғыдағы ең қорғаусыз қалған жарымжандар — мүгедектерге арналған.Олар тек қана мүгедектер ғана емес, тағдыр тәлкегіне түсіп, ауру түгіл сау адамдар мүгедек қалпына айналатын жағдайдағылар туралы.   Әңгіме еркінен айрылған жандар — түрмеге, лагерьге түскендер жайлы, мүгедектерді бұл жерлерде қандай жағдайдың күтіп отырғандықтары жайлы. 

Әрине, мүмкін сіздер айтарсыздар, «қылмыскерлердің жайын айтып несіне қамқоршы боласың, біздің бүгінгі қоғамда заңның айтқанынан шықпай отырған мүгедектердің жағдайлары да оңып тұрған жоқ..»  Естеріңізге сала кетейін, бұл жердегі адамдар сот үкімімен  өз құқықтарынан ғана айрылған жандар емес, олар сонымен бірге, өз жағдайларын айқындап білу мүмкіндіктерінен айрылғандар, олар өз проблемаларын еркін өмірде жүрген адамдардай өздері анықтай алмайды. Сол себептен де мемлекет оларды асырауға тиісті. Тиісті нормативтік актілерде : Қылмыстық атқару кодексінде (ҚАҚ), ІІМ-ң және Денсаулық сақтау министрліктерінің ведомстволық бұйрықтарында жазылған. Ең бастысы — бұл құжаттар түгелімен сотталған мүгедектің құқықтары мәселесінде Қазақстанның адам құқын қорғау жөніндегі Қазақстанның  қол қойған,  Қазақстанның халықаралық міндеттеріне сәйкес болуы тиіс,   атап айтқанда еліміз ратификациялаған — Тұтқындалғандарды түрмеде ұстаудың халықаралық ережесіне, басқаша айтқанда Нельсон Манделаның ережесіне сай болуы керек. Айта кетейік, бұл ережені еске алуды ҚР ІІМ-ң Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті онша ұнатпайды.

Бұл Ереже «рамкаланған» деп саналады, онша майда-шүйдаларды айтып жаза бермеген, бірақ сотталғандардың түрмедегі өмірінің негізгі шарттары айқын жазылған, оның ішіндегі ең бастысы — адамның қадір-қасиетін қорлауға тиым салынған.  Осы құжатты негізге алып тиісті тиымдар Қылмыстық атқару кодексінде де жазылған, формальды түрде жазылған, адамның қадір-қаситетін қорлауға болмайды делінген.  

Еркінен айрылған түрмелік орындардағы мүгедектердің өмірі — шын мәніндегі адамның құқық қорғау мәселесіндегі ең аяусыздық жағдай деуге тиіспіз, адамның денсаулығына зиян келтіретін неше түрлі қорлаулар мен азаптаулар және тағы басқалар. Тізімге салсақ саусағымыз жетпейді… Түрмеге түскен алғашқы күннен басталады, оның ақиқаттығына Ботагөз Омарованың бейне таспасынан көріп,  мақаласынан оқып танысуға болады…. 

Мен бұл жағдайларды (автор — Владимир Козлов) лагерьлерде көрдім, коляскада отырған мүгедектерді басқа сотталғандар күніне үш рет екінші қабатта орналасқан асханаға көтеріп кіргізеді, пандустар жоқ…

Мен коляскада отырған мүгедектердің әжетханада дәретке отыруына арналған неше түрлі «қосымша мүмкіндіктерді» көрдім. Түрмеде унитаздар жоқ, дәретке отыру үшін құйрығын «сүйейтін» ештеңе жоқ. Байқамай құйрығын нәжіске «батырып» алуы мүмкін (кешіріңіздер ашық сөзбен айтқаныма) . «Қосымша мүмкіндік» деп отырғаным  — кәдімгі табурет, ортасында… тесігі бар, коляскадан сол табуретке отыруға тиіс, сосын қайтадан коляскаға отыруы керек… Бұл адам құқын қорлау, қадір-қасиетін әжуалау емес пе?! Әрине оған басқалар көмектеседі, бірақ қорлау сезімі одан азаймайды ғой. 

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қылмысы — адамдар осындай жағдайда ондаған жылдар бойы «өмір сүреді». Ешқашан өзгерген емес. Айтуға тиіспіз, бұл жүйе — қылмыстық принципті басшылыққа алып қызмет етеді, бұл жүйе сотталғандарға арналған заңнамалық өзгерістер мен сотталғандардың адам құқына арналған жаңалықтарды бірден жоққа шығарады.  Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне заң баптарын «тиісті жағдай мен мүмкіндіктерінің жоқ болуына байланысты» орындамауға болады деп рұқсат берілген сияқты. Арнайы пандустар жасауға, көтергіштер, арнайы унитаздар, басқыштарды ұстауға көмектесетін қол ағаштар және тағы басқаларды жасауға мүмкіндік жоқ. «Жоққа жүйрік жетпейді», оған қарсы амал жоқ! Осылай ондаған жылдар өтіп жатыр! Қазірден бастап лагерьлерде «мүгедектерге арналған барактарға» қайта оралу керек сияқты. Бірақ олай жасауға заң баптары жетіспейді, заң баптарын жазуға, саяси ерік жетіспейді…Бір баракта барлық мүгедектерге жағдай жасауға болар еді, қиын да болмас еді, бақылауға да оңай.. дәрігерлерге де.  Біз айтып отырған ауыр науқастар мен мүгедектерді түрме мен лагерьлерде ұстаудың мәселесі біз сипаттап бергеннен кең және күрделі. Мәселеге ерекше назар аударылып, жедел шешілуі тиіс.  

Адамға дәрігерлік көмек көрсетуге бас тарту, адамды өлім мен денсаулығының қиын жағдайында қалдыру — ол адамға жасалған қинау мен азаптаудың бір түрі. Қылмыстық атқару жүйесінің комитетінде осындай қинау мен азаптаулар кең түрде қолданылады. Бұл жүйені қалың көпшілік оның жұмысын білетіндей етіп таныстыру қажет. Сонда ғана қоғам зорлық пен зомбылыққа толы албасты жүйенің кім екенін біліп, оның адамдардан социопаттар мен маньяктарды дайындап жатқанын өз көздерімен көретін болады. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.