Жаз айы басталған кезде  режим өзінің кім екенін көрсетіп қоятын әдетін тағы қайталап отыр. Былтыр маусым айында ҚДТ-ң бейбіт митингілерін күшпен таратты, мыңдаған азаматтарды ұстады, соттады. Биылғы маусымда сол «дәстүр» тағы қайталанып отыр, бұл жолы да сондай, айырмашылығы — бұл жолы азаматтық белсенділерге қарсы қылмыстық істерді қозғап соттап жатыр.

Бұл жолы митингіге жиналған азаматтарды күшпен таратып қамады, Евроодақ елшілігінің алдында жиналғандарды күшпен таратты, аяқ астынан «армияға шақырылған»азаматтық белсендінің жоғалуы (былтыр да сондай оқиға болған еді), экстремистік деп сотпен танылған «Көше партиясына» байланысты сот шешіміне қарсы берілген апелляциялық шағымды ешқандай себепсіз қараудан бас тартуы сияқты оқиғалар болып жатыр. Қазақстандық әділетсіз соттың өтінішті қабылдамау себебін жабайы мотив деуге болар: сот шешімімен экстремистік деп танылған, қуғындауға түскен азаматтар сотқа «біз қалайша экстремистік қозғалыс болдық» деп сотқа шағым түсіреді, ал сот оларға: «сендер сот шешіміне қарсы шағым түсіретін жақ емессіңдер, оған құқыларың жоқ» дейді.

Абсурд, жабайы жауап деп айтпасқа шараң жоқ!  Мүдделерін қорғап, қуғынға түскен азаматтарға сендер сот шешіміне шағым түсіруге құқыларың жоқ дейді!

Осы болған жағдай мен осы кезге дейін болған жағдайлармен, әділет саласында жақында ғана қабылданған заң инициативаларын қатар қойып қарайтын болсақ қисынды линияның жалғасын көргендей боламыз. Бұл линия өткен ғасырдың отызыншы жылдары орын алған «үштік», «бестік», «хат жазуға тиым» дегеннен басталып қазіргі кезде өмір сүріп жатқан «Қазақ ССР-ң ішкі ҰҚК-ң түрмесі» дегенге алып келеді. Иа, қазіргі тәуелсіз Қазақстанда дәл осындай түрме бар, сол баяғы түрме, сол кездегі камералар бүгінгі азаматтарды өз құқығын талап еткені үшін сол жерде «режимнің жауы» ретінде соттап үкім шығарып жатыр.

Маусым айындағы сот залында өткен мәжілістер өздерінің азаматтық және саяси құқықтарын талап еткендердің аты-жөндерінің тізіміне толған: Ася Тулесова, Диана Мұхаметова, Дархан Өмірбаев және ондаған азаматтық белсенділер полицейлік қуғындауға түсіп әрқайсысы әртүрлі зорлықтың тепкісін көруде. Олардың азаматтық және саяси құқықтары  полицейлер тарапынан тапталып, полицейлер жауапкершілікке тартылмай келеді.

Оны айтасыз, кейбір заңгерлер, адвокаттар дәл осы күндері әлеуметтік желідегі парақшаларында азаматтық белсенділерді айыптап, диктатураның адвокаттарына айналуда.  Азаматтарға қарсы жасалған, адамның қадір-қасиетін таптайтын аяусыз қаталдық пен заң бұзушылықтарды олар «көрмейді», азаматтарды арандатып, қарсы әрекет жасауға қоздырып отырған полицейлер жайлы ештеңе демейді — біз бар болғаны «құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы күш қолдануды айыптаймыз» дейді.

Міне, осылай олар жұртшылық атынан «қоғамдық пікірді» қалыптастырып отыр. Бұл «қоғамдық пікірді» ертең прокурорлар мен мемлекеттік айыпаушылар сот залында қоғамдық пікір деп, соған сүйеніп азаматтық белсенділерді айыптайтын болады.

  •  Екінші президент Тоқаев Европаға сапар шегейін деп жатыр. Онда елде жүргізіліп жатқан демократиялық реформалар жөнінде айтпақшы. Бізде ешқандай ешкімді саяси қуғындау жоқ, саяси тұтқындар жоқ деген жаттанды сөздерді айтатын болады. Ақылды түрмен ақылды сөздер айтуға шебер Тоқаевтың соңғы жиырма жылдағы тірлігі осы. Режим маусым айында өзінің шын бет пердесін ешқандай бояусыз ашық көрсетті, маусым айындағы Қазақстандағы адам құқына байланысты бейне ақпараттарды әлем жұртшылығына   «nocomment» деп көрсете беруге болады. Бұл орайда Европада Тоқаевқа қойылатын сұрақтар қандай болар екен?  Білсек екен..
Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.