Қазақстандағы адам құқының жағдайы күн сайын нашарлап барады. Адамдардың өз құқтарын қорғап, сұрап шыққан әрбір ұсынысын үкімет қарсылық деп танып,  оппозициялық деп бағаланып жатыр. Әрине, оппозициялық деген дұрыс болар, себебі әрбір адамның өз құқын талап етуі, ол билікке деген қарсылық, бүгінгі билік режиміне қарсылық. 

Фейсбуктағы, әлеуметтік желілердегі  азаматтар мен топтар ондаған, жүздеген адам құқын, азаматтардың саяси және еркіндік құқықтарының бұзылып жатқан оқиғалары мен деректерін (бейнетаспаға жазылғандарының өзі) айтып хабарлап жатыр.  Назарбаев пен Тоқаевтың  ең соңғы заңдары мен ұсыныстары (митингі туралы, сайлау мен партиялар туралы заңдар, бейбіт қоғамдық ұйымды сотпен экстремистік деп  тануы, санитарлық медицинаны жазалаушы органдардың (ҰҚК, ІІМ, прокуратура мен соттар)  бұл диктаторлық режимнің бет-әлпетін әдемі бояулармен көркемдеп жатқанына қарамастан шын мәніндегі биліктің бет-пердесін ашып берді. Бүгін ғана осы «жазалаушы санитарлар» көп балалы аналардың  бейбіт наразылығын күш қолданып таратты. Көп балалы аналарды, үйлерінде жас балаларын уақытша қалдырып кеткен аналарды  «жедел жәрдем» көлігіне мінгізіп белгісіз бағытта алып кетті. «Карантиндік шаралар» деген желеумен күш қолданғандарына қарағанда олардың үйде қалған балалары ұзақ мерзім аналарын көрмеулері әбден мүмкін. 

«Жазалаушы медицинаны» қолданғанына қарағанда диктаторлық режимнің «мықты қол» бағытын ұстанып КСРО кезіндегі НКВД заманындағы азаматтарды жаппай  үнін өшіру, «құрсағында» жатқан жерінен жоқ қылу  әдісін қолданайын деп отырған сияқты. Бір ғана айырмашылығы — бұрынғы аяусыз қатал саяси жандарм НКВД мен КГБ-ң ролін енді ҰҚК орындайтын болса керек.  «Құқық қорғаушылардың»  кабинетіндегі қызметкерлердің ілулі тұрған Сталиннің портреттері, ол бар болғаны индикатор, ұстанған «туы», олардың  сталиншілдікті қолдайтындықтарының белгісі екендігін елде болып жатқан жазалаулар көрсетіп отыр. 

Қазақстанның диктаторлық режимінің адам құқын бұзушылықтары мен жаппай және жүйелі түрде жасап жатқан қылмыстары жайлы құжаттардың көпшілігі сонша, оларға адам құқы жөніндегі сарапшылар, халықаралық ұйымдар БҰҰ-ң адам құқы жөніндегі Комитеті, Европарламент назар аударса жетіп жатыр. 

Евроодақ – бүгін ғана сіздің Астанадағы елшілігіңіздің алдында полиция қатал күш қолданып азаматтық белсенділердің бейбіт акциясын күшпен таратты. Бұл азаматтар сіздер елдегі жағдайды көрсін деп, еркіндігінен айрылатын қауіпті біліп тұра шықты. 

Осы болған жағдай ерекше назар аударуды қажет етеді, осы кезге дейінгі Қазақстанға беріліп келген бағаны жаңартуды талап етеді. Украинаның миграциялық және сот орындарының Қазақстанда тиым салынған бейбіт қозғалыс ҚДТ-ң басшыларының бірі Жанар Ахметованы экстрадициялауға рұқсат бергісі келіп отырғанына назар аударуды талап етеді. Украинаның президенті Владимир Зеленский Қазақстандағы адам құқы жөніндегі жағдайдың бағасын тек Украинадағы елшісінен және Дархан Қалетаевтан алуы дұрыс емес. Соңғы аталған персонаж өмір бойы диктаторлық режимді әдемі бояулармен бояп әшекейлеумен келеді, сол себептен де ол шындықты жеткізе алмайтын адам. Диктатураға оппонент болып отырған адамды, азаматтық белсенділерді күн сайын ұрып, азаптап, қамап, өлтіріп жатқан елге беру — қылмыс, мейлі екі ел арасында қандай келісім болғанына қарамастан. Украина үшін өз дұшпанының досымен дос болуы — нашарлықтың белгісі, Украинаға жараспайды. 

Қазақстан мен Ресейдің  «екі диктатураның достығы», Қазақстанның Ресейге деген вассалдық экономикалық тәуелділігі, Путиннің «Кеңес одағына оралу» деп қабылдаған ұраны  мен алған бағыты, Тоқаев пен Қазақстанның әскери бөлімдерінің 2020 жылдың маусымында өтетін «Жеңіс парадына» қатысуы екі диктатураның арасындағы бірігу жоспарының бір бөлігі екендігін көрсетеді.  

Әрине, бұл жоспарлардың  болмасы анық. Қазақстан мен Ресейдегі тоқтамай болып жатқан бейбіт наразылықтар жалғасып бола берсе, сөз жоқ елімізде белсенді азаматтық қоғамның орнайтыны анық. Себебі билік олар емес. 

Бұдан шығатын тұжырым — бейбіт наразылықты жойып, оның орнына «әшекейленіп боялған» қосановшылдардан тұратын  «наразылықшылдармен» ауыстыру — бүгінгі диктатураның тапсырысы. 

Қазақстандағы бейбіт азаматтардың наразылығының  өзіндік қисынды табиғаты бар. Адамдар наразылыққа шығып жатыр, оларды ондаған жылдар бойы алдап келеді. Биліктің басында отырғандар  сенімнен, абыройдан жұрдай болып барады. Бірақ билік басында отырғандардың кеткісі жоқ. Халықтың көпшілігі үшін елдегі  өмір тек өлместің күні ғана болып отыр, ал ат төбеліндей билік басында отырғандар байыған сайын байып, жұртшылықтың көзінше миллиардтарына миллиардтарды қосып жатыр.. 

Бізге Кеңес Одағы қажет емес. Бізге өз құқығымызды қайтарып беріңдер. Қазір және мәңгілік.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.